жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ж дыбысы мен әрпі
|
Пәні: Сауат ашу Ұзақ мерзімді жоспарлау: 5-бөлім .Саяхат Мұғалімнің аты-жөні: |
|
|
Сабақтың тақырыбы |
110-сабақ «Жарыс» Ж дыбысы мен әрпі. Табиғатқа саяхат |
|
Оқу мақсаты |
1.2.9.1.Әріпті тану,ажырату және осы дыбыспен сәйкестендіру. 1.1.9.3.Сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау. 1.2.4.1.Мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мәндес,көп мағыналы сөздердің мағынасын ажырату. 1.3.5.1.Тақырыпқа байланысты керекті сөздер,сызба,сурет белгілер қолдана отырып,жай сөйлемдер және мәтін құрастыру,жазу. |
|
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар: -Әріпті дыбыспен сәйкестендіреді. -Сөздегі буын санын анықтайды. -Жиі кездесетін сөздерді тұтас оқиды. Көптеген оқушылар: -Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қояды. -Сөйлем соңына тиісті тыныс белгісін таңдайды. Кейбір оқушылар: Қарама-қарсы,мәндес және көп мағыналы сөздерді ажыратады. |
|
Бағалау критерийлері |
-Мәтін мазмұнын түсініп оқиды. -Бас әріпті кіші әріппен байланыстырып жазады. |
|
Тілдік мақсаттар |
Жүйрік –беглец Мәре –старт Жарыс –соревнование -Жеті сөзінің бірінші әрпі қалай дыбысталады? -Жеті сөзін қатыстырып сөйлем құра. -Ж дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі? -Жеті саны туралы не білесің? |
|
Бастапқы білім |
Мәтінмен жұмыс жасай біледі. Сурет бойынша сөйлем құрастырады. |
|
Құндылықтарды дарыту |
Топта жұмыс жасау арқылы бір-бірімен ынтымақтастықта,ауызбіршілікте жұмыс жасау. |
|
Пәнаралық байланыс |
Математика |
|
Сабақтың жоспарланған кезеңі |
Жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы 5 минут |
Психологиялық дайындық Алақанды ашайық, Жалаудан күн жасайық. Жаса, жаса жарқын күн, Жаса, жаса алтын күн. (Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын және ынтасын арттыру мақсатында) Шаттық шеңберін жасап «Жақсылық жасауға жақын жандармыз» ұранын айтамыз. (Шаттық шеңберін жасаудағы негізгі мақсат бүгінгі танысатын жаңа әрпімізге байланысты және бір-бірімізге деген құрмет. Ұжымдық жұмыс Тапсырма Математикалық жұмбақ есеп. Тал басында тізіліп, Он жапырақ тұр еді. Жел соқты да үзіліп, Ұшып түсті біреуі. Ізінен оның үзіліп, Түсті тағы екеуі. Тұр екен талда ілініп, Жапырақтың нешеуі? (жеті) Кері байланыс. -Жеті сөзінің бірінші әрпі қалай дыбысталады? -Жеті сөзін қатыстырып сөйлем құра. -Ж дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі? -Жеті саны туралы не білесің? Бағалау «Бағдаршам» әдісі Тыңдалым-айтылым. Ж дыбысының айтылуы. Ж дыбысының баспа,жазба түрін көрсету. Тапсырма «Адасқан әріптер» ойыны А,н,л,р,о,т,у,ш,с,ы,д,м,н,ұ,і,е,ы,ә,ғ,и,й әріптерін өз үйлеріне орналастыр.
Кері байланыс. -Дыбыстар нешеге бөлінеді? -Ж дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі? -Ж дыбысы қандай дыбыс? -Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? -Жарыс сөзіне дыбыстық талдау жаса. Бағалау:Мадақтау Тамаша, Керемет. Топқа бөлу.(Жұлдыз, Ай, Күн) 1-топ Жұлдыз 2-топ Ай 3-топ Күн Жұмбақтар жасыру арқылы топқа бөлемін. Жұмбақтар Тақиям толған сөк, Ерте тұрсам жоқ. (жұлдыз) Ақ сандығым ашылды, Ішінен жібек шашылды.(күн) Түнді жарық етеді. Күндіз үйіне кетеді (Ай) Күн,жұлдыз,ай суреттерін іліп,сынып оқушыларын топқа бөлемін. |
Сауат ашу пәніне арналған дидактикалық материалдар. Ж дыбысының баспа,жазба түрлері Ай,күн,жұлдыз суреттері |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы 25 минут Сабақтың соңы 5 минут |
Топтық жұмыс 1-топ Тапсырма: Сызба арқылы жаңбыр тамшыларынан бірнеше сөз құрастыр. Неше сөз құрастырдың?
рыс
ж
жа ға жо 2-топ Тапсырма:Кестедегі әріптердің арасынан берілген сөздерді тауып оқы және боя. Берілген сөздер: Жаңғақ, шие, жол,жарыс, жаға, жүйрік.
3-топ Тапсырма: Жол, арал, роза, ыдыс, сағат сөздеріне дыбыстық талдау жаса.Алғашқы дыбыстарынан сөз құрастыр. -Ж- дауыссыз, ұяң -о- дауысты, жуан -л- дауыссыз, үнді Алғашқы дыбыстарынан (жарыс) сөзі шығады. Оқулықтан «Жарыс» мәтінін тізбектей оқу әдісі арқылы оқиды. Сурет бойынша сұрақтарға жауап береді. Кері байланыс. -Жарыс дегенді қалай түсінесің? -Жайлауда қандай жарыс өтті? -Жанаттың аты қандай? -Кім мәреге бірінші жетті? -Сызба арқылы неше сөз құрастырдың? -Жүйрік сөзңне дыбыстық талдау жаса?
Бағалау «Тазалық» әдісі арқылы ( Оқушыға берілген тапсырмалардың қаншалықты маңыздығ маңызды емес екендігін бақылау мақсатында) Сергіту сәті Жаңбыр жауып басылды, Аспан шайдай ашылды. Желмен бірге жапырақ. Сыбдыр қағып шашылды. Жаздық,жаздық бәріміз, Талды біздің қолымыз Сәл демалып алайық Көркем етіп жазайық (Сергіту сәтін жасатудағы негізгі мақсат – оқушының шаршауына жол бермеу,сабаққа деген ынта-ықыласын арттыру және дағды қалыптастыру) Дәптермен жұмыс 1.Ауада жазамыз 2.Ж әрпінің элементтерін жазу және байланыстыру сызығының дұрыс нормаға сай болуын қадағалап отыру. 3.Ж әрпінің қанша элементтен тұратынын білу.
Қалыптастырушы бағалау. Бағалау критерийлері 1.Сурет,сызба көмегімен мәтін құрастырады. 2.Мәтін мазмұныны түсініп оқиды. Ойлау дағдыларының деңгейі: қолдану 1-тапсырма Суретке мұхият қара. Төмендегі сурет сызба бойынша шағын мәтін құрастыр. Құраған мәтінді түсініп оқы.
Жайлауда .... жарысы өтуде. Жанаттың аты желден де ... . .... Жорғасы мықты. Кім ... мәресіне тез жетеді? 1. .......... .......... ............ ............. . 2. ......... ........ ......... ........ ........ . 3. ......... ........ ........ . 4. ......... ......... ........ ........ ......... . Дескриптор: Суреттегі сюжет арқылы сөйлем құрастырады. Сөйлемдердің құрылымын сақтайды. Сызба бойынша мәтін құрастырады. Мәтін мазмұнын түсініп оқиды.
Кері байланыс: 1.Мәтін неден құралады? 2.Тапсырма орындауда не қиын болды? 3.Жорға,жел,жүйрік сөздеріне дыбыстық талдау жаса. 4.Ж дыбысы қандай дыбыс? 2-тапсырма Қарамен жазылған сөздерді мағынасына қарай сызықпен сәйкестендір. Тұрма жуа –жуа Қамыр жуа Тазаланды жай Суға жай Дескриптор: -Сызба арқылы сөздерді сәйкестендіреді. -Жуық мәндес сөздердің мағынасын ажыратады. Кері байланыс: -«Жай» сөзінің мағынасын түсіндіреді. -«Жуа» сөзінің күнделікті өмірдегі қолданысын анықта. -Жай,жуа сөздерін жаз. -Қарсы мәндес сөздерді ата. Бағалау «Екі жұлдыз,бір ұсыныс» Бағалау критерийі: -Сызбаны сәйкестендіреді. -Қарсы мәндес сөздерді табады.
Рефлексия: Сауысқан Қарлығаш
Бүркіт
С
Бүркіт - Мен бүгінгі сабақта бәрін түсіндім. Сауысқан- Мен бүгін сауысқанша сақ болдым ,бірақ барлығы құшағыма сыймады. Қарлығаш- Мен шамам келгенше өз қорегімді алдым |
Топтық тапсырмалар
Суреттер,сызбалар |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Саралау |
Бағалау |
Қауіпсіздік |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Қабілеті жоғары оқушылар: Тапсырма Тірек сөздерді пайдаланып мәтін құрастыр.(жарыс,жүйрік,жорға) Қабілеті төмен оқушылар: Тапсырма Ж дыбысынан басталатын бірнеше сөздер ойла. |
Бағдаршам әдісі Тазалық әдісі Бармақ әдісі Екі жұлдыз, бір ұсыныс |
Оқу құралдарын қолдануда қауіпсіздік ережелерін сақтау. |




абақ соңында бүркіт, сауысқан, қарлығаштың суреттері
беріледі.Оқушы суреттің біреуін ғана таңдап алады.Ол үшін әр құс
бейнесінің беретін мағынасы алдын-ала түсіндіріледі.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген