Тараз
қаласы
№27
бөбек-
жай бақшасы
Колаханова
Несипкуль Жаманбаевна
Тәрбиеші
Білім
беру саласы: Қатынас,
шығармашылық.
Бөлімі:
Тіл дамыту, жапсыру, көркем әдебиет
Тақырыбы:
Жабайы аңдар
Мақсаты:
Балаларға
сұраққа толық сөйлем құрап, жауап беруге
үйрету. Жабайы жануарлардың кейбір
ерекшеліктерін салыстыру: мекені,
коректенуі туралы түсінік беру. Жабайы
аңдарға байланысты тақпақ, жұмбақты
пайдалана отырып, әңгіме құрауға үйрету.
Көрнекілігі: Жабайы
аңдар суреті
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру,
сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Билингвальды
компонент: Қоян-заяц,
қасқыр-волк.
Сөздік
жұмыс: Қонжық,
көжек, абдан
Тәрбиеші:
Біздің
ұл-қыздарымыз,
Тату-тәтті
ойнайды.
Әлемдегі
бар адамға,
Тек
жақсылық сыйлайды,-деп.
-Балалар,
бір-бірімізге, келген қонақтарға арнап
жылы сөздер мен жақсы тілектерден
бастайық.
Шаттық
шеңбері:
Қуан,шаттан,
алақай!
Қуанатын
күн келді.
Күліп
шықты күн бүгін.
Қайырлы
таң!
Қайырлы
күн!
Тәрбиеші:-Балалар,
қазір жылдың қай мезгілі?
Лаура:
-Күз
мезгілі.
Тәрбиеші:--Өте
дұрыс, күз айларын атап беріңдерші?
Еркеназ:
-Қыркүйек,
қазан, қараша.
Тәрбиеші:--Күз
ерекшіліктерін айтып беріңдерші?
Азамат:
-Күн
суытады, жапырақтар түседі, жаңбыр
жауады.
Мирас
:
-Адамдар
жылы киімдер киді, құстар жылы жаққа
ұшып кетеді.
Тәрбиеші:--Ия,өте
дұрыс айтасыңдар. Енді, балалар, сендер
қандай аңдарды білесіңдер? Ол аңдарды
қайдан көрдіңдер?
Тәрбиеші:-Дұрыс
айтасыңдар бүгін біз «Жабайы аңдар»
жайлы әңгімелейміз.Теледидарда
суреттелген. Жабайы аңдарға жататындарды
атап шығайық қоян, қасқыр, түлкі, арыстан,
жолбарыс жатады. Балалар, жабайы аңдар
орманда, таулы жерлерде, далада өмір
сүреді. Өз азықтарын өздері тауып жейді.
Олар күннің суығында, ыстығында да
далада жүріп өмір сүреді. Аңдар жыртқыш
және пайдалы болып бөлінеді.
Жолбарыс,
арыстан, аю, қасқыр - жыртқыш аңдар
қатарына жатады. Солардың ішінде
арыстанды - аң патшасы деп атайды.
Балалар,
аңдардың да пайдасы барма?
Олардың терісінен тон, ішік, жаға,
киім-кешектер жасаймыз.
Дидактикалық
ойын: «Немен қоректенеді?»
Қасқыр,
жолбарыс- өзінен кішкентай аңдарға
шабауыл
жасайды.
Түлкі
–ұсақ кеміргіштер, көбінесе тышқандармен
қоректенеді.
Қоян
–шөптермен қоректенеді. Ең сүйікті
тағамы - сәбіз.
Аю
-жазда жеміс – жидектер, бал жейді, ал
қыста ұйқыға кетеді.
Дидактикалық
ойын: «Жабайы жануардың балаларын ата?»
Рауан:
Аюдың баласы - қонжық,
Даша:
Қасқырдың баласы - бөлтірік,
Самир:
Қоянның баласы - көжек,
Ақжарқын:
Арыстанның баласы - абдай,
Айару:
Жолбарыстың баласы - шөнжік,
Амир:
Түлкінің баласы - мышан.
Тәрбиеші:-Дұрыс
айтасыңдар, осы жабайы аңдарға байланысты
кім жұмбақ айтады.
Санжар:
Ит
сияқты пішіні,
Ұнатпайды
кісін.
-бұл
жұмбақтың шешуі: -қасқыр
Ақерке:
Жазда
қырады,
Қыста
тынығады.
-бұл
жұмбақтың шешуі: -аю
Алинур:
Орғыған
қорқақ көзі еді,
Қыс
пен жазда тон киеді.
-бұл
жұмбақтың шешуі: -қоян
Жансая:
Қу
екен аңдардың бір сәтте алдадым.
-бұл
жұмбақтың шешуі: -түлкі
Тәрбиеші:-Өте
дұрыс, сендер, жұмбақты да шеше білдіңдер,
жарайсындар.
Ал,
балалар шаршағанымызды басып, бойымызды
сергітіп алайық
Сергіту
сәті
Қасқыр
ағаш жарады,
Түлкі
кілем қағады.
Елік
тамақ пісіріп,
Қоян
тамды жабады.
Кірпі
көйлек тоқиды,
Тиын
сабақ оқиды.
Тәрбиеші:-Аңдарға
байланысты кім өлең оқып береді?
Жанна:
-Өзім
айлакер,өзім бір қу,
Жүрген
жерім айқай да шу.
Бекболат:
Қасқыр
жортар түнімен,
Күндес
болып күнімен.
Қасқыр
жортар түнімен,
Аңыз
болып айменен
Айша:
Ақ
қоян-ау ақ қоян,
Үркек
қоян сақ қоян.
Дыбыс
шықса қашасың,
Белден
бірақ асасың.
Бағдаулет:
Аю
отыр партада,
Екі
қолы қалтада
«А»деді,
«Б» деді,
«Р»-ға
тілі келмеді
Тәрбиеші:-Жарайсыңдар,
ал
енді,
балалар,
аңдардың
кейіпкерлері бар қандай ертегілер
білесіңдер?
Асхат:
-«Жеті
лақ»
Аяулым:
«Қызыл телпек», «Үйшік», «Бауырсақ»
Тәрбиеші:-
-Өте жақсы, балалар, сендер көп ертегі
біледі екенсіңдер.
-Өте
дұрыс, мен сендерге «Бауырсақ» ертегісін
айтып беремін.
(үстел
үсті театры). Балалар ертегіні мұқият
тыңдайды.
Тәрбиеші:-
Балалар бізге қонаққа қоян келді.
Қызықтыру
сәті:
Қонаққа
қоян келеді.
Қоян:
-Балалар,
мен сәбіз жегім келіп тұр.
Шығармашылық
орталыққа барып ақ қағаз бетіне қиылған
сәбіздерді жапсырады.
Балалар
жапсырған сәбіздерін қоянға сыйлайды.
Қоян
балаларға ризашылығын білдіреді.
Қоян
қоштасып кетеді.
Сұрақ-жауап
Балаларды
мақтау, мадақтау.
Күтілетін
нәтиже:
Жаңғыртады:
балалар жабайы аңдарды білді.
Түсінеді: жабайы
аңдардың аттарын дұрыс атады.
Қолданды: сәбізді
ақ қағаз бетіне жапсыра білді.