Қарағанды
облысы білім басқармасының «Дамуында
кемістіктері бар балаларға арналған
«Үміт» облыстық оңалту орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное
государственное учреждение «Областной
реабилитационный центр «Үміт» для детей
с проблемами в развитии» управления
образования Карагандинской области
Тақырыбы:
«Жабайы аңдар»
Тәрбиеші:
Нұржаубаева А.Қ.
Білім
беру саласы :
Шығармашылық
Ұйымдастырылған
іс-әрекеті: Жапсыру
Тақырыбы: «Жабайы
аңдар»
Мақсаты:
Жабайы
аңдар тіршілігі туралы түсінік
беру.
Білімділігі: Жабайы
аңдарды бір-біріне ажырата білуге және
олардың аттарын дұрыс айтуға
үйрету.
Дамытушылық: Балалардың
ойлау қабілеттерін арттырып, тілдерін
дамыту. Қызықты ойындар арқылы балалардың
эмоциялық сезімдерін дамыту. Әрбір
аңның және баласының атын дұрыс атауға
жаттықтыру. олардың тіршілік ететін
ортасы туралы түсініктерін
бекіту.
Тәрбиелік: Балалардың
аңдарға деген сүйіспеншілік сезімдерін
арттырып, оларға қамқорлықпен қарауға,
табиғатты аялай білуге, адамгершілікке
тәрбиелеу.
Пәнаралық
байланыс: Қоршаған
ортамен таныстыру
Шаттық шеңбер:
Армысың,
шапағатты, Күн ана
Армысың қайырымды,
Аспан ана
Армысың мейірімді, Жер
ана
Армысың менің достарым..
Көрнекілік
құралдар: жабайы
аңдардың түрлерінің суреттері,
видеоролик, күріш,желім тақташа, майлық.
Қостілдік
компонент: Аю-медведь,
коян-заяц, түлкі-лиса,қасқыр-волк.
Сабақ
барысы:
I.
Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды
топқа кіргізу, қонақтармен амандасу.
Балалар
бүгін бізге көп қонақтар келіпті,
алдымен қонақтармен амандасайық.
Сәлеметсіздер
ме?!
Балалар
бір – бірімізге жақсы көңіл – күй
сыйлайық.
Шаттық
шеңбері:
Армысың,
шапағатты, Күн ана
Армысың қайырымды,
Аспан ана
Армысың мейірімді, Жер
ана
Армысың менің достарым..
Әңгімелесу.
Тәрбиеші: Балалар
қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Қыс
мезгілі
Тәрбиеші: Қыс
мезгілінде табиғатта қандай құбылыстар
болады?
Балалар: Су
қатады, боран соғады, аяз болады, айналаның
бәрін қар жауады
Видеоролик.
Жабайы аңдар
II.
Негізгі бөлім.
1
- тапсырма: «Жабайы
аңдарды сипаттау»
1. Аю - жыртқыш аң,
бірақ ешкімге тиіспейді. Аюдың екі түрі
болады ақ және сұр. Ақ аю суда, салқын
жерлерде мекендейді. Сұр аю орманда
мекендейді. Жазда жеміс - жидек тереді.
Аюлар күзде май жинайды, ал қыс бойы
апанда, алақанын сорып ұйықтайды. Аюлар
тоңғандықтан емес, жейтін қорегі
таусылғаннан кейін ұйықтайды. Орманда
мекендейді.
- Аю туралы қандай ертегі
білесің?
2. Түлкі - ақылды, жыртқыш аң.
Түлкінің терісі бағалы. Терісінен тымақ
тігеді. Оны «түлкітымақ» дейді. Түлкі
қыста ұйықтамайды. Қыста жортып жүріп,
азықтарын тауып жейді. Тістері өткір,
көздері қырағы жақсы көреді, сезімтал.
Өздеріне керекті жемтіктерін алыстан
ақ иісінен сезеді. Ол жүрген ізін
құйрығымен сүртіп кетіп отырады. ол кез
келген қиыншылықтың бәрінен аман есен
құтыла алады. Сондықтан түлкіні қу
дейміз. Түлкі інде тұрады. орманда
мекендейді.
- Түлкі қандай ертегілерде
кездеседі?
3. Тиін орманда тіршілік
ететін кішкентай ғана жануар. Ол ағаш
қуысында тұрады, жаз бойы қуысына
жаңғақтар, саңырауқұлақтар жинайды,
қыс болғанда жинаған азығымен қоректенеді.
Тиіннің балаларын тиін деп атайды.
Тиынның отызға дейін ұясы болуы мүмкін,
әр ұяға ол жаңғақ, саңырауқұлақ шыршаның
бүршіктерін жинайды. тиін қыста
ұйықтамайды.
4. Қоян - қорқақ аң, орманда
мекендейді. Қояндардың жауы көп.
Сондықтанда қояндар күзде түлейді сұр
жүні түсіп орнына ақ жүндер өседі себебі,
қыста жылы аппақ үлпілдек тон киеді.
Сол жылы тонының арқасында суыққа
тоңбайды. Оларды қыста ақ қардан ажырату
қиын - ақ. Қояндар өздеріне үйшік
дайындамайды, қысқа азық жинамайды.
Қоян
ағаштардың қуысында қыстайды.
- Қоян
нені жақсы көреді?
5. Арыстан - үлкен,
мықты, әдемі үлпілдек жүні бар. Оның
тістері және тұяқтары өткір. Ол жылдам
жүгіреді. Арыстанның басы денесіне
қарағанда үлкен. Арыстан көздеген
жемтігін құрығына түсіріп, қанжығасы
майланғанда ақырып, айбат шегетін жалғыз
аң сондықтан оны аң патшасы дейміз.
Арыстан ыстық елде мекендейді.
-
Арыстанды ертегілерде не деп атайды?
6.
Қасқыр - жыртқыш аң. Тістері өткір,
көздері қырағы жақсы көреді, сезімтал.
Өздеріне керекті жемтіктерін алыстан
ақ иісінен сезеді. Қыста жортып жүріп,
азықтарын тауып жейді. Олар қыста
ұйықтамайды. Орманда қасқыр үңгірде
мекендейді.
Саусақ
жаттығуы:
«Су-Джок»
терапиясы
Қауіпсіздік
ережесі.
Желіммен,күрішпен
ұқыпты жұмыс жасауға үйрету.
Балалардың
іс – әрекеті:
Қәзір
біз сендермен қоянның бейнесін күріштен
жасайтын боламыз.
Қоянды
жасау үшін бізге қажетті құралдарды
дайындап алайық. (қоянның суреті,күріш,шемішке,
желім,тақташа,майлық).
-Ал
енді, балалар, сергіту сәтін жасап бір
сергіп алайық.
6.
Сергіту сәті:
Қоянның
биі.
Музыканың
ырғағымен.
Ал
енді, балалар бүгінгі ұйымдастырылған
іс – әрекетімізді жапсыру сабағымен
жалғастырайық. Орнымызға отырайық.
III.
Қортынды бөлім.
Балалар
бүгін біз сендермен қоянның бейнесін
жасадық. Сендерге жасаған істерің ұнады
ма?
Бүгін
біз не жасадық?
Қандай
аңды жасадық?
Жарайсыңдар!
Бүгінгі
сабаққа барлықтарың белсене қатыстыңдар,
рахмет сендерге.
Қонақтармен
қоштасайық.
Сау
болыңыздар!