400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жабайы аңдар

Материал туралы қысқаша түсінік
Жабайы аңдар туралы түсінік беру,олардың қорегі ,қимылымен таныстыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы:Таным .

Бөлімі:Жаратылыстану.

Тақырыбы:Жабайы аңдар.

Мақсаты: Жабайы аңдар туралы түсініктер беру, олардың дене бөліктерін ажыратуға үйрету. Қоршаған орта,табиғат пен тіршілік арасындағы байланыс түсініктерін қалыптастыру,дүниетанымын кеңейту.

Олардың қимылдарына еліктеп жаттығулар жасауды үйрету.

Сабақтың көрнекілігі:Ертегі кейіпкерлері, Жабайы аңдардың суреттері,олардың қорегінің суреттері.Слайд

Сабақтың әдіс-тәсілі:Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Жабайы аңдарды ажыратып атауды.

Нені игереді:Жабайы аңдардың тіршілігін.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті


Балалардың әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Бүгін күн қандай?

Ендеше балалар,біз бір-біріізге жақсы көңіл-күй сыйлап алайық.

Шаттық шеңбері:

Кел балалар күлейік, Күлкіменен жүрейік.

Қабақ түйген не керек?,

Көңілді болып жүрейік.


Балалар сұрақтарға жауап береді,шаттық шеңберіне тұрады, жермен, күнмен, сумен, аспанмен амандасады,қимыл-

мен көрсетеді.




Ұйымдастырушы-

лық

ізденушілік

ОЙ ҚОЗҒАУ.

-Балалар сендер орманда жүретін аңдарды білесіңдер ме?

Ендеше мен сендерге жабайы аңдар « туралы ертегі айтып берейін.

Орманда қоян, қасқыр, ая, түлкі барлығы бірге өмір сүріпті . Олар күде орманды басына көшіріп айқайлап бір- бірімен асыр салып ойнайды екен. Бір күні күн суытып, қалай тоңғандарын білмей қалыпты .Ал аю болса ұйықтай береді екен. Ыза болған аю:Әй достарым неге сонша шулайсыңдар, оданда қысқы азықтарыңды дайындамамйсыңдар ма№ Күн суытып келеді .Ал мен болсам жаз бойы өзімнің тамағым балды жинап алдым, күн суытқанда мен ұйқыға кетемін. Бұл сөзді естіген қасқыр, қоян, түлкі үшеуі зып беріп кете қалады.Арада біраз уақыт өткен соң қасқыр келеді, қолында өзінің тамағы еті болады.Қасқыр:О мен өзімнің қысқы тамағымды тауып келдім, бұны өзімнің балаларым бөлтіріктеріме апарып берейін –дейді.

Түлкі келеді:Ой менің тамағым балықты тауып келдім, бұны балаларым шәудіріме апарып берейін-дейді. Қоян келеді, қолында сәбізі бар ,мен өз тамағымды тауып әкелдім, балалркөжектеріме апарып берейін-дейді.Барлығы аю, аю деп айқайлап, аю аға саған көп рахмет сенің арқаңда өзіміздің қысқы азығымыздаы тауып әкелдік-дейді. Сөйтіп барлығы көңілденіп жақсы өмір сүріпті . Мінеки балалар ертегі ұнады ма?

Ертегі нелер туралы?

Ендеше бүгін біз Жаратылстану сабағынана орманда мекендейтін аңдармен танысамыз.

Қане барлығымыз сабаққа орнымызға дұрыстап отырып алайық.

Барлығымыз слайдтағы суреттерге қарайықшы. Ненің суреттерін көріп тұрсыңдар?

Дұрыс айтасыңдар, аңдар екен.

Аңдар далада жүреді ,тау-таста жүреді.Оларға:Түлкі, аю, қасқыр, қоян жатады.

Түлкі қу ,айлакер екен.Түлкі ет жегенді жақсы көреді. Ал аю қорбаңдаған өзі ақырын жүреді, ол қыс бойы ұйықтап жатады.

Аю бал жегенді жақсы көреді.Ал қоян қос аяқпен секіріп секіріп жүреді екен. Қоян сәбізді жақсы көреді.Ал қасқыр өте жыртқыш аң екен. Қасқыр да ете жегенді жасы көреді екен. Біз ертегілерді осы аңдарды кездестереміз ия.Аңдар туралы қандай ертегілер білеміз,қане ойымызға түсіріп жіберейікші.

«Қызыл телпек», Үш аю,Үйшік, Бауырсақ осы ертегілердің барлығында жабайы аңдар кездеседі екен.Шаршасақ бойымызды сергітіп алайық.


Сергіту сәті:

Әй шымыршық, шымыршық Қоян қалай жүреді?

Қоян былай,қоян былай жүреді

Әй шымыршық, шымыршық Қасқыр қалай жүреді?

Қасқыр былай,қасқыр былай жүреді

Әй шымыршық, шымыршық

Түлкі қалай жүреді?

Түлкі былай,түлкі былай жүреді

Әй шымыршық, шымыршық

Аю қалай жүреді?

Аю былай,аю былай жүреді


Ойын: «Орманды безендірейік»

Мақсаты:есте сақтау,ойлау қабілеттерін дамыту.

Қорытындылау.



Сұрақтарға жауап береді.






Оқу іс-әрекетін қызыға тыңдайды.












































сурет бойынша оқу іс-әрекетін тыңдайды, жабайы аңдардың қорегімен танысады.
























Сергіту жаттығуларын қимылмен жасайды.













Ойын арқылы аңдарды орналастырады.

Рефлексивті түзетушілік

Оқу іс-әрекетіне жақсы қатысқан балаларды мақтап-мадақтап,оқу іс-әрекетін аяқтау.


Мақтап-мадақтағанға қуанады.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30 желтоқсан
490
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі