жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жабайы аңдар
|
Пәні: Қазақ тілі |
|
||||||||||||
|
Күні: |
|
||||||||||||
|
Сынып: 5 |
Қатысқаны: 12 |
Қатыспағаны:0 |
|||||||||||
|
Сабақ тақырыбы: |
Қазақстандағы жан -жануарлар мен өсімдіктер әлемі. Жабайы аңдар 1-тоқ. 3-бөлім. 4 сабақ |
||||||||||||
|
Сабақ негізделген оқу мақсаттары: |
5.О3. Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды түсіну, тақырыбын анықтау 5. Ж4. Мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер жасау |
||||||||||||
|
Сабақ мақсаттары: |
Барлық оқушылар: шағын көлемді мәтінді оқиды, тірек сөздер мен сөз тіркестерін табады. Мәліметтерді жинақтайды |
||||||||||||
|
Оқушылардың басым бөлігі: Сұраққа жауап бере алады,мәтіннің тақырыбын анықтайды Мәліметтерді жинақтайды, тақырып бойынша постер жасайды |
|||||||||||||
|
Кейбір оқушылар: .мәтін тақырыбын анықтайды,ашық сұрақтар қояды. Постер құрастырады,қосымша ақпараттамен толықтырады,өмірмен байланыстырады, постерді қорғайды. |
|||||||||||||
|
Тілдік мақсат: |
Оқушылар орындай алады: мәтінді түсінеді, сұрақтар қояды, тақырыпты анықтайды, мәлімет жинақтайды. |
||||||||||||
|
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: түлкі, қасқыр, қоян, құйрық, ұзын, қысқа. |
|||||||||||||
|
|
|||||||||||||
|
Диолог құруға, шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер. Түлкінің құйрығы, қоянның құйрығы, ініне кіреді,ағаштың түбінде, құйрықтарын айырбастапты. |
|||||||||||||
|
Талқылауға арналған тармақтар |
|||||||||||||
|
Қандай аңдарды жабайы аңдар деп атайды? Олар немен қоректенеді? Жабайы аңдар қайда тіршілік етеді? |
|||||||||||||
|
Алдыңғы оқу. |
Қазақстандағы жануарлар атауын біледі, оларды сипаттай алады. Сөйлем құрастыра алады Бөлімнің 4 сабағы |
||||||||||||
|
Жоспар |
|||||||||||||
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығулар |
Ресурстар |
|||||||||||
|
Басталуы 8 мин |
Ұйымдастыру кезеңі : Сыныппен сәлемдесу 1. Психологиялық ахуал тудыру. «Ыстық микрофон» әдісі бойынша. Мақсаты: оқушыларға жақсы тілектер айтуды үйрету. Жүргізу шарты:Оқушылар шеңберге тұрып бір жақсы тілек айтып микрофонды қасындағы балаға береді.Микрофонды алған бала ары қарай жалғастырады. Нәтижесі: Оқушылардың көңіл-күйлері көтеріліп , сергіп қалады. Білетін тілектерін қайталап еске түсіреді. 2. Оқушыларды топтастыру. «Мозайка» әдісі бойынша жүргізіледі. Мақсаты :оқушыларды бірнеше топқа топтастыру Шарты: оқушылар кесілген суреттерді біріктіріп жинау арқылы топтасады. Нәтижесі :оқушылардың санына байланысты бірнеше топ құрылады. 1 топ Түлкі. 2 топ Қасқыр. 3 топ Қоян. 3.Қызығушылықты ояту. «Сен білесің бе?» ойыны бойынша жүргізіледі. Мақсаты: Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту. Өткізу шарты: Интербелсенді тақтадан бірнеше текшелер көрсетіледі.Оқушылар жабулы тұрған бір текшені ашады. Сол текшеде қандай жануар бейнеленген, сол жануардың бір ерекшелігін көрсетеді. Нәтижесі: Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы оянады. -Бұл аңдар неге жабайы аңдар деп аталады.? -Жабайы аңдар қайда тіршілік етеді? -Олар немен қоректенеді деп ойлайсыңдар? Сабақтың тақырыбы мен мақсаты: Сабақтың тақырыбын оқушылар анықтайды. Сабақтың мақсатын оқушылар мұғаліммен бірге анықтайды.
|
Микрофон Қиылған суреттер Интербел-сенді тақта. |
|||||||||||
|
Ортасы 15 мин 15 мин |
1.Мәтінмен жұмыс. Оқушыларға мәтін таратылып беріледі.
Әуелде түлкінің құйрығы жоқ еді. Құйрығының жоқтығы оған қатты залал келтірген, өйткені жүрген ізін жасыра алмайды. Әрдайым қасқыр түлкінің артына түсіп аңдып жүріпті. Бір күні қасқыр барып оның ініне кіреді. Түлкі інінің басқа жағындағы аузынан шығып кетіп құтылады. Cәлден соң түлкі ағаш ішіне кіріп кетіп, ағаштың түбінде тұрған қоянды көреді. Ол мезгілде қояндардың құйрығы ұзын болып, шапшаң жүруге ыңғайсыз болып тұрушы еді. Сол жерде түлкі қоянды ұстап алып, өлтірмекші болып жатқанда қоян: – «Мені өлтірме, саған құйрығымды берейін», – деп уәде қылады. Мұнысына түлкі көніп, екеуі сол жерде құйрықтарын айырбастапты. Сонан бері түлкінің құйрығы ұзын болып, қоянның құйрығы қысқа болып қалыпты А).Мәтінді оқу. Оқушылар топ болып мәтінді оқиды. Ә).Тапсырмаларды орындайды. Оқушыларға түстер бойынша деңгейлік тапсырмалар беріледі.Балалар мәтінді оқып отырғанда қызыл, жасыл, сары түсті стикерлер балалардың орындықтарына жапсырылып қойылады. Қызыл түсті стикерді алған оқушылар №1 тапсырманы орындайды.(төменгі деңгейлі) Сары түсті стикерді алған оқушылар №2 тапсырманы орындайды (орта деңгей) Жасыл түсті стикерді алған оқушылар №3 тапсырманы орындайды (жоғары деңгей) Жеке жұмыс Барлық оқушылар: №1 Үш кейіпкерге қатысты сөздер мен сөз тіркестерін теріп жазады.
Дескриптор. 1.Барлық кейіпкерлер туралы жазған 2. Сөздер мен сөз тіркестері мәтіннен толық алынған
Оқушылардың басым бөлігі:№2
Карточкамен мұғалім ұсынған 3 сұраққа жауап береді Сұрақтар: 1.Әуелде түлкінің құйрығы қандай еді? 2. Түлкі қасқырдан қалай құтылды? 3. Түлкі мен қоян неліктен құйрықтарын айырбастады? Дескриптор
Кейбір балалар :№3 Мәтінге 3 ашық сұрақ қояды
Дескриптор
Тапсырма орындалып болған соң деңгейлері бірдей оқушылар бір топқа жиналады. Сары стикерлері бар оқушылар бір топқа, қызыл стикерлері бар оқушылар бір топқа, жасыл стикері бар оқушылар бір топқа. Бағалау. « Ауыспалы топ» .әдісімен жүргізіледі. Мақсаты:дескриптор бойынша орындалған жұмыстарды бағалау Шарты:Деңгейі бірдей балалар бір топқа бірігіп отырады, дескриптор бойынша бір-бірін бағалайды Нәтижесі: Деңгейі бірдей балалар бір-бірін бағалайды «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі бойынша ауызша айтады. (1-2 комментарии ауызша тыңдау ) Оқушылар қайта өз топтарына бірігеді. 2 мин уақыт беріліп мәтіннің тақырыбы анықталады. «Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады. 2 тапсырма . Топтық жұмыс. «Қабырғадағы рөл» әдісі бойынша жүргізіледі. Мақсаты: Мәтіннің мазмұнын түсініп, мәліметтерді жинап,постерді жасау және қорғау. Шарты: Әр топқа бір кейіпкер туралы тапсырма беріледі.Топпен оқушылар сол кейіпкердің суретін салып,суреттің ішіне кейіпкер туралы мәтіннен алған ақпаратты жазады.Суреттің сыртына ол туралы өздері білетін қосымша ақпаратты жазады. Постерді қорғайды. Нәтижесі: әр топ өз тақырыбы бойынша мәліметтерді жинақтап, тақырып бойынша постер жасайды. Дескриптор арқылы топтар бір-бірін бағалайды.
Дескриптор 1 постер тақырыпқа сай 2 топ мүшелері толық қатысты 3 қорғауы түсінікті 3-4 мин. Мұғалім «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы ауызша бағалайды. |
мәтін
https://massaget.kz/layfstayl/debiet/ertegi/6265/
Үш түсті стикерлер
Карточкаға жазылған сызба
Карточкаға жазылған сұрақтар.
А3 қағазы Түсті қарындаш-тар,маркерлер. |
|||||||||||
|
Соңы 7 мин. |
Рефлексия. «Бес саусақ» әдісі бойынша жүргізіледі. Әр оқушыға алақанның суреті бар карточка беріледі.. Оқушылар әр саусаққа өз пікірлерін жазады.
Мен бүгін сабақта .....үйрендім Маған бүгін...............қызықты болды Маған сабақта........... тапсырма ұнады. Мен ...... тапсырманы орындағанда қиналдым. Маған ..... топпен жұмыс істеген ұнады.
Бір-екі баланың жазғанын тыңдау. |
Алақан суреті бар карточка. |
|||||||||||
|
Қосымша ақпарат |
|||||||||||||
|
Саралау- оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? |
Бағалау- оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
|
Пәнаралық байланыс . Денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс, құндылықтармен байланыс, тәрбие элементі |
|||||||||||
|
1 тапсырмада, мәтінмен жұмыста деңгейлік тапсырмалар берілді. №1 тапсырма мәтіннен сөздер мен сөз тіркестерін теріп жазу. №2 тапсырма берілген сұрақтарға жауап беру №3 тапсырма мәтінге ашық сұрақтар қою. .Жұмыс істегенде қолдау көрсетіліп отырды. Қабілетті оқушылар басқа пәндерден алған білімдерін пайдаланып және өмірмен байланыстырып орындайды.
|
Әр тапсырма орындалар алдында дескрипторлар оқушылармен талданады.Дескрипторға сүйеніп бағалау. «Екі жұлдыз бір тілек», «Бас бармақ» әдісімен бағалау. Оқушылардың бір-бірін бағалауы. Топтардың бір-бірін бағалауы. Мұғалімнің бағалауы. (қажет жағдайда) «Бес саусақ»әдісімен орындалған жұмысты жинап алып тексеру және бағалау. |
Жаратылыстану пәнімен байланыс. АКТ-ны пайдалану. Жануарларды қорғау, табиғатқа зиян келтірмеу. |
|||||||||||
|
Рефлексия: Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сəйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім жəне неге? |
|
||||||||||||
|
Қорытынды бағамдау Ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты):
Қандай екі нəрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?
|
|||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген