"Жабайы аңдар" Асаубаева Нургул Суиеутаевна

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Жабайы аңдар" Асаубаева Нургул Суиеутаевна

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне арналған. жабайы жануарларды түсіндіріп, балалардың ойлау, есте сақтау қабілетін дамытуға арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: «Жабайы жануарлар».

Мақсаты: Жабайы жануарлар туралы түсініктерін кеңейту.

Білімділік мақсаты: Жабайы жануарлармен таныстыруды жалғастыру, жануарлардың ажыратуға, атауларын және түстерін атауға, көрсете білуге үйрету. Нұсқауларды түсіне білуге, орындауға үйрету.

Түзету-дамыту мақсаты: Жалпы және ұсақ моторикаларын, ойлау, есте сақтау, сөйлеу қабілеттерін дамыту. Қайшымен қағазды қию, желімді жағу жұмыстарын жасауға машықтандыру.

Тәрбиелік мақсаты: Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, жабайы аңдардың суреттерінен слайд, Д/ойын құралдары: жабайы аңдардың коленкелері, фетрдан жасалған жабайы аңдар мен азықтары, қайшы, желім.

Әдісі: Әңгімелеу, көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойындар арқылы.

І. Кіріспе бөлімі:

Шаттық шеңбері музыка сүйемелдеуімен жүргізіледі:

Орнымыздан тұрайық

Алақанды ашайық

Күннің нұрын салайық

Жүрек жылуын сызайық

Осы жақсы лебізді

Апайларға сыйлайық.

ІІ. Негізгі бөлімі:

  • Қазір қай жыл мезгілі, далада не жатыр, қыста ауа райы қандай болады, қыс айларын аташы?

Жабайы жануарды туралы әңгімелесу.

  • Сен қандай жабайы жануарды білесің?

  • Мынау қандай аң? (аю, қасқыр, түлкі, қоян).

Баланың назарын суреттерге аударып әңгімелесу.

  • Суреттерге қарашы, мынау қоян, ол сәбізбен қоректенеді, түсі ақ, құлағы ұзын. Мынау аю, түсі қоңыр, оның сүйікті азығы бал, балық жеміс-жидектер, ол қыста ұйықтайды. Мынау қасқыр, оның түсі сүр, тістері үлкен, оның азығы ет, сүйектер. Ал мынау түлкі, оның түсі қызғылтсары, оның азығы балық, ет. Олар орманда өмір сүреді.

Әр аңнын ерекшелігін әңгімелеу.

Д/ойын: «Жануардың сүйікті асын тап».

Мақсаты: жабайы жануарды атауға, ажыратуға, асын табуға, санауға үйрету.

Барысы: жабайы жануарды суреттеріне қарап сүйікті астарын тауып апарады, атайды, санайды.

Жапсыру: «Аю».

Мақсаты: Қайшы және желіммен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру, жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін дұрыс пайдалануға икемдеу.

Барысы: Балаға суретті көрсете отырып ол қандай жануарлар екенін атайды. Суретте бейнеленген жануарды қайшымен қияды. Қию кезінде қайшымен жұмыс жасау қауіпсіздігін, есіне салу. (Интерактивтіқ тақта)

Сергіту сәті:

Көлбең, көлбең, көлеңкем

Көлбең деген көлеңкем

Кім көрсетіп береді?

Қоян қалай секіреді?

Қасқыр қалай жортады?

Түлкі қалай жүреді?

Аю қалай қорбандайды?

Қиылған аюдың суретің желімді пайдалана отырып ақ бетке жапсырады. Желіммен жұмыс жасау қауіпсіздігін, есіне салу.


ІІІ. Қорытынды бөлімі:

Д/ойын: «Көлеңкесін тап».

Мақсаты: Жабайы жануарларды ажыратуға, атауға үйрету.

Барысы: Жануарлардың көленкесіне сәйкес суреттерді тауып орналастырады.

Баланы мақтау!




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.02.2022
482
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі