400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Жабайы аңдар" ертегісі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшаға көрнекілік.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 14.12.2017ж Бекітемін:


Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: Жаратылыстану.

Тақырыбы: «Жабайы аңдар»

Мақсаты: видеоролик арқылы Қазақстанның жабайы аңдарымен таныстыру (ақ аю, қоян, түлкі, қасқыр). Аңдардың қимылын және олардың дауыстарын ажыратуға үйрету.

Әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: графапроектор, суреттер.

Сөздік жұмыс: ақ аю, қоян, түлкі, қасқыр.

Қостілділік: ақ аю – белый медведь, қоян – заяц, түлкі – лиса, қасқыр – волк.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті





Мотивациялық қозғаушылық











Ұйымдастыру – іздену





























































Рефлексивті түзету

Шаттық шеңбер:

(Балалар шаттық шеңбер жасап, амандасады)


Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Қабақ шыту не керек,

Көңілді болып жүрейік.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар?


-Балалар,енді бәріміз орнымызға отырайық.


Балалар бүгінгі оқу қызметіміз - «Жабайы аңдар» деп аталды.

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Ауа райы қандай?

-Айнала қандай?

-Жылдың қай мезгілінде қар жауады?

-Осы қыс мезгілінің айларын атайықшы:

-Жарайсыңдар, балалар!

Қыс мезгілінің басында біз Елбасы күнін мерекеледік.

-Қыста тағы қандай мерекелер бар?

(бәріміз бірге айтайықшы)

-Өте жақсы!


-Қыста қандай жануарлар ұйқыға кетеді?

-Өте керемет балалар!


-Енді тақтадағы суретке қарайықшы, ненің суретін көріп тұрсыңдар?

-Балалар, жабайы аңдар орманда өмір сүреді.

-Жабайы аңдар туралы толық мағлұмат алу үшін графапроектор арқылы жабайы аңдар туралы видеоролик көрейік.


-Енді, балалар осы аңдардың жүрістерін салып көрейік: (Санжар аюдың қимылын жасайды, Нұршипа түрлі аңдардың дыбыстарынан қасқырдың дыбысын табады)


-Балалар, сендерге видеоролик ұнады ма?

-Жабайы аңдардан сендерге қандай аңдар ұнады?

-Балалар, енді ойын ойнайықшы.


1.Дидактикалық ойын:

«Жартысын тап»

Мақсаты: балалардың ой-өрісін дамыту. Сөздік қорын молайту.

Шарты:

Мына суреттердің жартысын тауып, қосуымыз керек! (шана, аққала, щырша)


2.Дидактикалық ойын:

«Геометриялық пішіндерден қыс кейіпкерлерін құрастыру» (аққала, шырша)


Сергіту сәті:

Боран соғар оң жақтан,

Боран соғар сол жақтан.

Қар атысып ойнасақ,

Су өтеді қолғаптан.

-Өте тамаша, балалар!


-Балалар, бүгінгі оқу қызметінде не туралы әңгімеледік?


-Жабайы аңдарды атайықшы: ақ аю, қоян, түлкі, қасқыр.

-Дұрыс айтасыңдар, балалар!

-Бүгінгі оқу қызметі сендерге ұнады ма?

Олай болса, мен сендерге оқу қызметіне жақсы араласып, белсене қатысқандарың үшін «конфет» таратып беремін.

Ол үшін біз «Сау болыңыздар!» деп, қонақтарымызбен қоштасайық.



Балалар шаттық шеңбер жасап, амандасады.







-Сәлеметсіз бе!






-Қыс.

-Күн суық.

-Айнала әппақ, қар.


-Қыс мезгілінде.


-Желтоқсан, қаңтар, ақпан.





-16 желтоқсан Тәуелсіздік күні, Жаңа жыл мерекелері бар.



-Аю.





-Ақ аю, қоян, түлкі, қасқыр.






Балалардың барлығы жабайы аңдар туралы видеороликті тамашалайды.







-Иә, ұнады.


-Балалардың жауабы.








Балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды.










Тәрбиешімен бірге сергіту жаттығуын жасайды.





-Жабайы аңдар туралы.






-Иә, ұнады.






-Сау болыңыздар!

-Досвидание!


Күтілетін нәтиже:

Жасайды: жабайы аңдардың қимылын;

Түсінеді: видеоролик арқылы жабайы аңдардың орманда мекендейтінін;

Қолданады: жабайы аңдардың қалай дыбыстайтынын.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 қаңтар
613
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі