Бекітемін:-------------
Мектеп
директоры
К.Жақыпбекова
Күні:
12.04.2019ж
Сынып:
0-1 сынып
Сабақтың
тақырыбы:
«Тұтығу диагнозы бойынша байланыстырып
сөйлеу
тілін дамыту»
«Жабайы
аңдар»
Сабақтың
мақсаты:
-Сөйлеу тілінің құрысуын жою; Тыныс алу
жаттығуларының дұрыс жасалуларын дұрыс
қадағалау; Өзін-өзі қадағалауға, өздігінен
жұмыс істеуге үйрету; Мәнерлеп оқу,
сөйлеу қабілетін дамыту, Байланыстырып
сөйлеу тілін дамыту арқылы сөздік қорын
байыту;
Әр
аңның атын дұрыс атауға жаттықтыру және
олардың тіршілік ететін ортасы туралы
түсініктерін бекіту. Жабайы аңдарға
байланысты «Үйшік» ертегісін қою арқылы
ой-өрісі мен сөйлеу дағдыларын
қалыптастыру.
Сабақтың
түрі:
ашық топтық дамыту сабағы
Сабақтың
әдісі: сұрақ-жауап,
салыстыру, шығармашыл,қорытынды жасау.
Сабақтың
көрнекілігі:
суреттер, гулдер, кейіпкерлер
Сабақтың
барысы:
І.Ұйымдастыру
кезеңі
-сәлемдесу
-
балалар, жағдайларың қалай? - былай
(саусақпен көрсетіп отыру)
-қалай
жүресіңдер? -былай
-
қалай жүгіресіңдер? - былай
-тамақты
қалай күтесіңдер? - былай
-
алысқа қалай қарайсыңдар? - былай
-қалай
қол бұлғаймыз? - былай
ІІ.Жаңа
сабақ.
Жұмбақтар
шешу
арқылы жаңа сабақ тақырыбын хабарлау.
Қыста
тынығады. (Аю)
Қыс
пен жазда екі түрлі тон киеді. (қоян)
Кішкентай
ғана шапшаң аң. (тиін)
Барлығын
алдап кетеді. ( түлкі)
Шөп
емес бірақ малды орады. (қасқыр)
Жұмбақтың
шешкен әр бала сол аңның суретін тақтаға
іледі және сұрақтарға жауап береді.
(Қайда мекендейді? Немен қоректенеді?)
Балалар
, бұлардың барлығын қандай аңдар дейміз?
Бүгін біз сабақта жабайы аңдар жайлы
сөйлесетін боламыз.(тақтаға
«Жабайы аңдар» тақырыбы ілінеді)
Бұл
аңдарды сендер қайдан көрдіңдер?
(суреттен, теледидардан)
Балалар
жабайы аңдар орманда, таулы жерлерде
мекендейді.
Олар
өз азықтарын өздері тауып жейді.
Жабайы
аңдар жыртқыш және пайдалы болып
бөлінеді.
Аңдардың
бізге пайдасы мол, олардың терісінен
тон, жағалы киімдер, бас киімдер тігеді.
Немен
қоектенеді?
Қасқыр
мен жолбарыс
өздерінен кіші жануарларға шабады.
Түлкі
ұсақ аңдармен (қоян), тышқандармен
қоректенеді.
Қоян
шөптермен
қоректенеді, ең сүйікті тағамы-сәбіз.
Аю
жазда жеміс-жидектермен, балықпен және
де балды жақсы көреді, ал қыста ұйықтайды.
Неліктен
жабайы аңдар дейміз?
Олар
өздеріне-өздері тамағын тауып жейді.
ІІІ.
Артикуляциялық жаттығулар. Дыбыспен
жұмыс.
А-О-У-И-
қысқа, ұзақ айту;
Тісті
тазалау - саңырауқұлақ
- әткеншек
Тәтті
тосап - сағат
- маса
Кесе
- тарақ
- күркетауық
Сылақшы
- бақа
Ашуланған
мысық - футбол
ІY.
Тыныс алу және демалу жаттығуларын
жасау
Енді
балалар орманға шықтық деп елестетіп,гулдер
жинайық
«Гүлдерді
иіскеу»
-мұрынмен демалып, ауыздан шығару.
«Өртті
сөндіру»
- ауызбен ұзақ үрлеу.
«кіші
маятник»- басты алға-артқа изеу.
«Бұру»
-басты шұғыл түрде бұру.
Енді
өзенге суға түсейік,
«Сүңгігіштер» жаттығуы-ауызбен дем
алып, мұрынмен шығару.
Y.
Сергіту сәті «Шалғында » жаттығуы
-Ұшты
үйрек шалғынға -кря-кря-кря
-Көңілді
қоңыз ұшады -ж
-ж –ж
-Мойнын
созып қаз шықты -
га-га-га
-
Бұтақтарды жел шайқап -
у-у-у
-Суда
қамыс шулады -ш-ш-ш
-
Тағы да тыныштық орнады -ш-ш-ш
YІ.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту, рөлдік
ойын.
«Үйшік»
ертегісіне
қойылым қою.
YІІ.
«Тіл дамыту»
сұрақ-жауап әдісі
Қандай
жаңылтпаш пен буынұйқас білесіңдер?
«Өзім
жайлы» (логопед
допты кімге лақтырса сол оқушы өзі
жайлы айтады)
«Жекеше-көпше»
(доп
лақтыру әдісі)
YІІІ.
Ән айту, қимыл-әрекеттер
«Біз
өмірдің гүліміз»
Зеңгір
көктен
Нұрын
төккен
Ортақ
біздің гүліміз.
Жайнап
өскен
Жайдары
төккен
Біз
өмірдің гуліміз!
ІХ.Үйге
тапсырма
-Бірнеше
жаңылтпаштар жаттап келу.
Х.
Сабақты қорытындылау.
Бүгінгі
сабақ ұнады ма?
Нені
білдік?
Тағы
не білгіміз келеді?