жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жабайы және үй жануарларын ажырату
|
Сабақ тақырыбы: |
Жабайы және үй жануарларын ажырату |
|||||||||||||||||||
|
Оқу мақсаты |
1.2.2.2Жабайы және үй жануарларын ажырату |
|||||||||||||||||||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар:Жабайы және үй жануарларын ажыратады. Көптеген оқушылар: Жабайы және үй жануарларын ажыратып, тіршілік ету ортасын анықтайды. Кейбір оқушылар: Жабайы және үй жануарларын ажыратып, олардың айырмашылығын зерттейді. |
|||||||||||||||||||
|
Бағалау критерийлері |
Жабайы және үй жануарларын ажыратады |
|||||||||||||||||||
|
Тілдік мақсаттар: |
Оқушы орындай алады: Жануарлардың атауларын біледі, сипаттай алады. Пәнге тән лексика мен терминалогия: Жануарлар,жабайы жануарлар,үй жануарлары. Жануарлар – тірі организмдер дүниесіндегі негізгі екі топтың бірі, жүруге және сезінуге бейім тіршілік иесі. Дүние жүзінде жануарлардың 1,6 млн – дай түрі, 17 типі бар. Үй жануарлары – жануарлардың қолға үйретілген түрлері. Үй жануарлары тек материалдық байлық көзі ғана емес, сонымен бірге рухани қазына болып табылады. Жабайы жануарлар – өз азығын өзі тауып жейтін жануарларды айтады. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
|
|||||||||||||||||||
|
Құндылықтарды дарыту |
«Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық құндылыктар аясындағы жалпыға бірдей еңбек қоғамы бөлімі бойынша оқушы бойына қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікпен қасиетін оқуда сіңіреді. |
|||||||||||||||||||
|
Пән аралық байланыс |
Сауат ашу,математика. |
|||||||||||||||||||
|
АКТ қолдану дағдылары1 |
«Bilimland»сайтынан жануарлар туралы ақпарат; «Жануарлар» туралы презентация |
|||||||||||||||||||
|
Бастапқы білім |
Жануарларды салыстыру ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау. |
|||||||||||||||||||
|
Сабақ барысы |
||||||||||||||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы 4 мин |
Психологиялық ахуал тудыру: «Болады, болмайды» Мұғалім сөздерді айтады, ал балалар солай болуы мүмкін болса онда қолдарын шапалақтайды. Егер мүмкін болмаса аяқтарын тоқылдатады. Түлкі орманда жүр – қолдарын шапалақтайды. Қасқыр ағаш басында отыр – аяқтарын тоқылдатады. Сиыр аспанда жүр - аяқтарын тоқылдатады. Маймыл банан жеп отыр - қолдарын шапалақтайды. Аю бал жеп отыр- қолдарын шапалақтайды. Жылқы мөңіреп тұр – аяқтарын тоқылдатады. Топқа бөлу «Жануарлар» ойыны 1 топ – «Үй жануарлары» 2топ – «Жабайы жануарлар» Себетке екі түрлі суреттер салынады. Біреуі жабайы жануарларға байланысты, екіншісі үй жануарларына байланысты. Балалар сол суретті ала отырып екі топқа бөлінеді. 1 топ-«Үй жануарлары» 2 топ- «Жабайы жануарлар» |
|
||||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы |
Тапсырма-1 «Суреттер сөйлейді» әдісі (Ө) Ешкінің төлі лақ Сиырдың төлі бұзау Жылқының төлі құлын Түйенің төлі бота Дескриптер: -Суреттегі жануарларды атайды. -Үй жапнуарларының төлдерін таба алады. ҚБ. «Төл атаулары» әдісі Ақ қозы - Түсіндім. Қоңыр қозы - Сұрағым бар. Қара қозы - Түсінбедім. «Bilimland»сайтынан «Жабайы және үй жануарлары» тақырыбында видео көрсету. Таптырма -2.«Фиш - боун» әдісі. (Ж) Оқушыларға балықтың қаңқасы беріледі. Балықтың басында «Жабайы және үй жануарлары» деп жазылған. Оқушылар «Құндыз» бен «Итті» салыстырулары қажет. Мысалы: қоректенуіне, емделуіне, баспанасына байланысты. Ең соңында балықтың құйрығына қорытынды шығарулары қажет. |
|
||||||||||||||||||
|
3минут Сабақтың соңы 5 минут |
Қоректенуі: Құндыз қорегін өзі табады, итке адам тамақ береді; Емделу: құндыз жарақатын жалап жазады, ал итке адам қамқорлық жасайды, мал дарігеріне апарады; Баспана: құндыз өзіне ағаш бұтақтарынан ін жасап алады, ал итке адам үйшік жасайды. Дескриптор: -Жабайы жануарлар мен үй жануарларының қоректенуін, емделуін,баспанасын салыстыра алады. ҚБ. «Түліктің пайдасы» әдісі Серке– түсіндім Қой – сұрағым бар Ешкі-түсінбедім Сергіту сәті. Біз орманға барайық, Жан-жағымызға қарайық. Аю шықты қорбаңдап, Қасқыр шықты ырылдап. Түлкі шықты майысып, Қоян шықты секіріп. Қорықпаңдар балалар, Қарап – қарап алыңдар. Тапсырма -3 «Ойлан-тап» әдісі: (Т) 1- топ: «Т» әрпінен басталатын жануарлардың аттарын табу. Т . . . . . (торпақ), Т . . . . (түлкі) Т . . . (тана), Т . . . (теке), Т . . (тай). 2
Дескриптор: -Тапсырманы түсінеді . -Тиісті жануарлардың атауларын дұрыс жазады. ҚБ. «Ірі қара малдармен» бағалау Түйе -түсіндім Жылқы -сұрағым бар Сиыр -түсінбедім Тапсырма -4 «Кім жылдам?» әдісі (Ұ) «Орман»және «үй» деген үлестірмелі материалдарды оқушыларға таратып беремін. Мұғалім жануарларды атайды,ал оқушылар оны жабайы жануар деп санаса «ОРМАН», үй жануары деп ойласа «ҮЙ» белгісін көтереді. Сөздер:сиыр,бұғы,қасқыр,қой,есек,бұлан,кірпі,қоян,тауық, қаз, түлкі, мысық, аю. Бұғы,қасқыр,есек, сиыр,қой,тауық,қаз, бұлан, кірпі, қоян, мысық. түлкі,аю Дескриптор: -Жабайы жануарларды атай алады; -Үй жануарларын атай алады. ҚБ. «Жануарлар» әдісі Аю -түсіндім Қасқыр -сұрағым бар Түлкі -түсінбедім Кері байланыс: «Түліктер сыры» Берілген сөйлемдерді мұқият тыңдаңыз және тұсына «+», «-» таңбаларының тиістісін қойыңыз.
|
|
||||||||||||||||||
|
Саралау- оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырасыз? Барлық оқушылар:Барлық оқушылар орындайтын тапсырманы «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі арқылы саралаймын. «Суреттер сөйлейді» әдісі арқылы тапсырманы орындайды. Себебі, кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты, әрі нақты көмек қажет болады. Көптеген оқушылар: Оқушылар орындайтын тапсырманы «Қарқын» тәсілі арқылы саралаймын. Бұл жұмысты «Фиш Боун» әдісі, «Ойлан-тап» әдісі арқылы жүзеге асырамын. Себебі, кейбір оқушылар тапсырманы басқаларынан тез орындайды, ал кейбіреулері көмек көрсетуді қажет етеді. Ондай оқушыларға қосымша уақыт беріледі. Кейбір оқушылар: «Кім жылдам?» әдісі арқылы орындалатын тапсырманы саралаудың «Қорытынды» тәсілі арқылы жүзеге асырамын. Өйткені, барлық оқушылар орындайтын осы тапсырманың нәтижелері әртүрлі болады. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетінін түсінгендеріне көз жеткізу керек. |
Қалыптастырушы бағалау: Қ ҚБ. «Түліктің пайдасы» әдісі (Ж)
ҚБ. «Ірі қара малдармен» бағалау (Т)
ҚБ. «Жануарлар» әдісі (Ұ)
Кері байланыс: «Түліктер сыры» әдісі Бағалау парақшасы.
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Денсаулық техникасын сақтау барысында ширату жаттығуы арқылы жағымды ахуал қалыптастырылды. Сергіту сәті ұйымдастырылды. Үй және жабайы жануарларының адам өміріне қауіпті тұстары ескертілді. |
||||||||||||||||||
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезендері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||||||||||||||||||
|
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі(оқыту турулу да оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2. Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік / қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
||||||||||||||||||||



-топ:






Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген