400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жабайы жануарлар

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге көмекші құрал ретінде қажет деп білемін
Материалдың қысқаша нұсқасы


Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Жабайы аңдар» (сурет бойынша әңгімелеу)

Мақсаты:Әңгіменің мазмұнын сурет бойынша әңгімелету; Жабайы аңдар туралы білімдерін кеңейту, олардың тіршілігін сипаттап, аттарын айтып, сөздік қорын байыту; Оларды қорғауға, қамқор болуға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер, жұмыс дәптері, хрестоматия, DVD, теледидар.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Балалар шеңбер бойына тұрып, төмендегі өлең жолдарын қайталап, қимылдар жасайды.

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек,

Көңілді боп жүрейік!

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік!


- Бәрекелді, қандай тамаша! Мен сендер сияқты ақылды, сүйкімді, тәртіпті балалардың болғанына өте қуаныштымын.

Енді бәріміз орнымызға барып жайғасып отырайық.



Балалар шеңбер

бойына тұрып,

төмендегі өлең

жолдарын айтып,

қимылдар жасап

орындайды.







Ұйымдастырушылық – ізденістік

Теледидардан жабайы аңдарды көрсету.

- Балалар, сендер хайуанаттар бағына барып көрдіңдер ме?

Олай болса, біз бүгінгі оқу іс-әрекетімізде жабайы аңдар туралы әңгімелейміз.

Сурет бойынша әңгімелеу.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,

Алақанды ұрамыз.

Бiр отырып, бiр тұрып,

Тез шынығып шығамыз.


- Суретте қандай аңдарды көріп тұрсыңдар?

- Жабайы аңдарға нелер жатады?

- Неліктен жабайы аңдар дейміз?

- Олар қай жерде мекендейді?

  • Аю балаларымен не істеп жатыр?

  • Аюдың баласын қалай атайды?

  • Қасқырдың баласын қалай атайды?

  • Түлкінің ерекшелігі неде?





(Балалар жауаптары)









Жабайы

Балалардың

жауаптары.

Орманда жүреді

Ойнап жатыр

Қонжық

Бөлтірік

Қу, тұмсығы үшкір



Рефлексиялық - түзетушілік

Сабақты қорытады:

–Сабақта не жайлы сөз болды?

–Олардың бəрін бір сөзбен қалай атаймыз?








Күтілетін нәтиже:

Біледі: сурет бойынша әңгіме құрай білу.

Игереді: аңдардың мекендейтін жерін біледі.

Меңгереді: жабайы аңдардың аттарын айтып, бір-бірінен ажыратып, олардың қимылын салады

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
385
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі