Қызылорда
облысы.Қазалы ауданы.Қазалы қаласы.
Қазалы
қаласы әкімі аппаратының МКҚК
№3
«Өрімтал» бөбекжай-балабақша тәрбиешісі
Тұрсынбай
Айман Махмутқызы
Санаты:
I-санат.
Білім
беру саласы: Қатынас.
Бөлім: Тіл
дамыту.
Тақырыбы: Жабайы
жануарлар(сурет арқылы)
Мақсаты:
Балалардың
аңдарға деген сүйіспеншілік сезімдерін
арттырып, оларға қамқорлықпен қарауға,
табиғатты аялай білуге, адамгершілікке
тәрбиелеу.
Балалардың
ойлау қабілеттерін арттырып, тілдерін
дамыту. Қызықты ойындар арқылы балалардың
эмоциялық сезімдерін дамыту.
-
Жабайы аңдарды бір - біріне ажырата
білуге және олардың аттарын дұрыс айтуға
үйрету.
Педагогикалық
технологиялар:дамыту,ойын
Көрнекілік: суреттер,
слайд
Билингвалдық
компонент:қоян
заяц,түлкі лиса,аю медведь,тиін белка
Ұйымдастырушылық
кезеңі:
Шаттық
шеңбері
Қуанамын
күлмін,
Жылы
менің жүрегім.
Достарыма
үнемі,
Риза
болып жүремін.
Қайырлы
таң апайлар!
Қайырлы
таң балалар!
Басымды
мен иемін.
Балалар
қимыл - қозғалыспен көрсетіп, қайталайды.
Балалар
менде сендерге арналған сыйлық бар, оны
тек қана мені мұқият тыңдап , тәртіпті
болып отырған балаға беремін.Алғыларың
келе ма?
Өте тамаша.
Тәрбиеші:
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-
қыс мезгілі
- қыс мезгілінде неше ай
бар?
- үш ай. Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
-
Ал сендерге қыс ұнай ма?
- Қыс несімен
ұнайды?
- Қыс әртүрлі болады, боран
соғады, аяз болады.
Тосын
сәт:
Орманға саяхат. Ызғырық желдің дыбысы
Тәрбиеші
Балалар бұл ненің дыбысы?
Суық
желдің
Дұрыс
айтасыңдар, қазір сендермен орманға
саяхатқа шығамыз.
Балалар
суреттен не көріп тұрмыз?
- Сендер
жабайы жануарларды білесіңдер ме?
Балалар:
аю, қасқыр, түлкі, тиін кірпі.
- Оларды
неге жабайы жануарлар деп атайды?
Балалар:
Өйткені олар орманда өмір сүреді,
тамақтарын өздері тауып жейді, өздеріне
тұратын үй іздейді.
- Бұлардың барлығын
бір сөзбен не деп атаймыз?
- Жабайы
аңдар дейміз.
- Бұл аңдар қайда
мекендейді?
- орманда мекендейді.
-
Қыс түсімен көп жануарлар өздерінің
ініне тығылады. Аюдың апаны қыс та жылуды
сақтап тұрады. Ал, балалар қоян, қасқыр,
түлкі, қысқа қарай жұқа жүні түсіп,
орнына қалың жүні өседі.
Тәрбиеші
Біз
қазір жабайы жануарлармен танысамыз,
Аю
- ақылды, жыртқыш аң, бірақ ешкімге
тиіспейді. Аюдың екі түрі болады ақ және
сұр. Ақ
аю суда, салқын жерлерде мекендейді.
Сұр аю орманда мекендейді. Жазда жеміс
- жидек тереді. Аюлар күзде май жинайды,
ал қыс бойы апанда, алақанын сорып
ұйықтайды. Аюлар тоңғандықтан емес,
жейтін қорегі таусылғаннан кейін
ұйықтайды. Орманда мекендейді.
Түлкі
- ақылды, жыртқыш аң. Түлкінің терісі
бағалы. Терісінен тымақ тігеді. Оны
«түлкітымақ» дейді. Түлкі қыста
ұйықтамайды. Қыста жортып жүріп,
азықтарын тауып жейді. Тістері өткір,
көздері қырағы жақсы көреді, сезімтал.
Өздеріне керекті жемтіктерін алыстан
ақ иісінен сезеді. Ол жүрген ізін
құйрығымен сүртіп кетіп отырады. ол
кез келген қиыншылықтың бәрінен аман
есен құтыла алады. Сондықтан түлкіні
қу дейміз. Түлкі інде тұрады. орманда
мекендейді.
3. Тиін орманда тіршілік
ететін кішкентай ғана жануар. Ол ағаш
қуысында тұрады, жаз бойы қуысына
жаңғақтар, саңырауқұлақтар жинайды,
қыс болғанда жинаған азығымен қоректенеді.
Тиіннің балаларын тиін деп атайды.
Тиынның отызға дейін ұясы болуы мүмкін,
әр ұяға ол жаңғақ, саңырауқұлақ шыршаның
бүршіктерін жинайды. тиін қыста
ұйықтамайды.
4. Қоян - қорқақ аң,
орманда мекендейді. Қояндардың жауы
көп. Сондықтанда қояндар күзде түлейді
сұр жүні түсіп орнына ақ жүндер өседі
тоңбайды. Оларды қыста ақ қардан ажырату
қиын - ақ. Қояндар өздеріне үйшік
дайындамайды, қысқа азық жинамайды.
Қоян
ағаштардың қуысында қыстайды.себебі,
қыста жылы аппақ үлпілдек тон киеді.
Сол жылы тонының арқасында суыққа
-
Қоян нені жақсы көреді?
Ойын:
«Аңдардың қалауын табамыз?»
Шарты:
Әр аңға сүйікті азығын тауып беру.Балалардың
алдын жеке жеке тарату
Аюға –
бал
Түлкіге – ет
Қоянға - сәбіз
Тиінға
– жаңғақ
Сергіту
сәті.
Ұзын
құлақ сұр қоян
Естіп
қалып сыбдырды
Ойлы
– қырлы жерлермен
Ытқып
– ытқып жүгірді
Қарап
еді артына
Қиығын
сап көзінің
Келе
жатқан томпаңдап
Көжегі
екен өзінің
Тіл
ұстарту жаттығуы:
Я-ян-ян
секеңдеген ақ қоян
Ю-ю-ю
қорбаңдаған аю
Кі-кі-кі
бұл айлакер түлкі
Қыр-қыр-қыр
бұл көкжал қасқыр
Тан
- тан - тан — бұл мықты арыстан.
Дидактикалық
ойын:
«Көлеңкесін
тап» әр бала тақтаның алдына шығып
көлеңкесін көрсетеді.
Жарайсыңдар
балалар, сендер бәрін дұрыс айттыңдар.
Жануарларға қамқор болу керек. Оларда
біз сияқты тіршілік иесі.
Қорытынды: Сұрақ
жауап арқылы қорытындылау
1. Қандай
аңдарды білесіңдер?
2. Қоян қандай
аң?
3. Аңдар қайда мекендейді?
4.
Түлкі қандай аң?
5. Қоянның түсі қыста қандай
болады.?
6. Қыс бойы аю қайда
болады?
Күтілетің нәтиже:
Балалар
жабайы аңдар жайында мәліметтер біледі.