400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Жабайы жануарлар" Мухаметкалиева Анар Акановна

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне арналған мүсіндеу сабағы. жабайы жануарлармен таныстырып, ермексаздан бәліш жасату арқылы балалардың қол саусақ моторикасын дамытға, ойлау қабілетін дамытуға арналған сабақ.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: «Жабайы жануарлар», «Аюға бәліш»

Мақсаты:

Білімділік мақсаты: Жабайы жануарларымен таныстыру, аталған жануарды көрсете білуге, ажыратуға үйрету. Нұсқауларды түсіне білуге, орындауға үйрету, жабайы жануарлар туралы түсініктерін кеңейту.

Түзету-дамыту мақсаты: Жалпы және ұсақ моторикаларын, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Ермексазбен жұмыс жасау дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Жабайы жануарлар суреттері, «Маша мен аю» үстел үсті театры, фланелеграф, қамыр, тақтайша, дымқыл сүлгі.

Әдісі: әңгімелеу, көрсету, түсіндіру, ертегі, сұрақ-жауап, ойындар арқылы.

Сабақтың түрі : мүсіндеу

Пән -аралық байланыс : тіл дамыту, айналамен таныстыру, көркем әдебиет

Сабақ барысы :

І. Кіріспе бөлімі:

Музыкалық жаттығу.

Жаттығу музыка сеуілдеуімен жүргізіледі.

Қол алысып, қане біз.

Достасайық бәріміз.

Армысын алтын күнім,

Армысын балабақшам.

ІІ. Негізгі бөлімі:

  1. Жабайы жануарлар туралы әңгімелесу.

Баланың назарын суреттерге аударып әңгімелесу.

-Суреттерге қарашы, мынау қоян (қасқыр, түлкі, аю). Олар орманда өмір сүреді.

Енді мен саған «Маша мен аю» ертегісін әңгімелеп беремін.

  1. Д/ойын: «Бөліктерден бүтінің құрастыр»

Мақсаты: жабайы аңдарды атауға, ажыратуға, бөліктерін табуға үйрету.

Барысы: жабайы жануарлардың суреттерінің зерттеп жетіспеген бөліктерін анықтап фланелеграфқа орналастырады.

  1. Мүсіндеу: «Аюға бәліштер»

  • Біздің аюымыз бәліш жақсы көреді екен. Аюға бәліш жасап берейік.

Қамырды үзу, есу, домалақтау, сопақтау әдістерін көрсете отырып бәлішті мүсіндеуге үйрету.


Сергіту сәті:

Қорбандаған аюдың

Құлпынайы көп екен.

Теріп, теріп алайық

Шелегімізге салайық.




  • Енді осы бәліштерді себетіне салып берейік. Аю саған рахметін айтып жатыр.

  • Рахмет саған көп-көп, енді мен үйіме орманға қайтайын.

  • Жұмыс соңында сүлгімен пайдалануға, заттарды орнына жинап қоюға дағдыландыру.

ІІІ. Қорытынды бөлімі:

-Қасқыр, түлкі, қоян, аю жабайы жануарлар. Олар орманда өмір сүреді.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
14.02.2022
643
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12