400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі

Материал туралы қысқаша түсінік
МАД тәрбиешілеріне балалардың қызығушылығын оятып, дүниетанымын дамыту маұсатында қолдануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Батыс Қазақстан облысы.Орал қаласы.

Х.Доспанова атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінің

МАД 0 «Б» тобы тәрбиешісі: Адилова Самал Сансызбаевна.

Білім беру саласы : Таным.Коммуникация.

Білім беру бөлімі: Жаратылыстану,Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы: Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі.

Мақсаты: Жабайы аңдар туралы түсініктерін кеңейту,сөздік қорларын молайту.Жабайы аңдардың қысқы өмірімен,өмір сүру жағдайлары туралы мағлұмат беру,табиғатты аялап,қорғай білуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: жабайы жанулаардың, қыс мезгілінің суреттері.

Алдын -ала жүргізілетін жұмыс: қыс мезгілі, жабайы жануарлар туралы әңгіме,суретпен жұмыс.

Қолданылатын әдіс-тәсілдері:түсіндіру,әңгімелеу,сұрақ-жауап.

Билингвалды компонент:қыс-зима-winter,жабайы жануарлар-дикие животные.- wild animals.

Оқу қызметі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қызығушылық

Шаттық шеңбер:

Сабағымыз басталып

Көңіл күйді сыйласын.

Өлең оқып, ән салып,

Мейірімділік жайласын.

Айтқанның бәрін түсініп,

Күнде бестік алайық!

Үйімізге кешкісін

Қуанышпен барайық!

Бірге қайталайды.


Ұйымдастырушы

лық-ізденістік












-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қысқы ай аттарын атайықшы.

Дидактикалық ойын: «Шапалақта!»

Шарты:егер қыс мезгіліне сай сөздерді естісеңіздер шапалақтаймыз.

Қар жауады,жапырақтар сарғайды,аяз.жемістер пісті,күн күркіреді.

Ғажайып сәт: топқа қояннан хат келеді, «Сәлеметсіздер ме,балалар.Мен көжегімді таба алмай қалдым, маған көмектесулеріңізді сұраймын!»

-Балалар,қоянға көмектесеміз ба?

Суретпен жұмыс: Жануарлар – жанды табиғаттың бір бөлшегі, өсіп-өнеді, қоректенеді.

Жануарлар екі үлкен топқа бөлінеді: үй жануарлары және жабайы жа-

нуарлар.

Жабайы жануарлар – тауда, орманда, далада тіршілік етеді. Олар: аю,

қасқыр, түлкі, қоян, барыс, жолбарыс, арыстан.

Үй жануарлары деп біз үйде ұстайтын жануарларды айтамыз. Олар мы-

налар: қой, ешкі, сиыр, түйе, жылқы жатады.

-Мына жұмбақтардың жауабын шешуіміз керек.

1) Қырда жүрер ол жортып,
Іні де жоқ бармайтын,
Құйрығымен бұлтарып,
Қандай аң ол алдайтын? /түлкі/

Түлкі - түлкінің есту қабілеті ерекше жақсы дамыған. Қыста қар астынан тышқанның дыбысын ести салысымен, сол жерді қазып тышқанды ұстап алады. Түлкілер жұптасып өмір сүреді, күн салқындағанда өз беттерімен тарап кетеді екен. Қыста ағаш қуыстарында қыстайды.


2)Үстінен тоны түспеген,

Сондада араз қыспенен.(аю)

- Аю - қыста апанында ұзақ ұйқыға кетеді. Аю жаз бен күз айларында шамадан тыс қоректеніп, денесіне май жинап алады


3)Сұрғылт тартқан түсі бар,
Ақсиған көп тісі бар,
Тыным таппай жүгіріп,
Сілекейі шұбырған,
ауыл маңын ториды /қасқыр/

Қасқыр күшті әрі шапшаң аң, оның ақылы мен айласы түлкіденде асып түседі. Олар жемтігін аулау үшін бірнеше сағат бойы жорта алады.

4)Қалқиып ұзын құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады.

Қояндар апаның ешкімге білдіртпеу үшін із жасырады екен.

Қояндар көжектерін өзгеше тәрбиелейді. Олар жаңа туған әлсіз көжектерін жауынан қорғау үшін кез келген бұтаның арасына тастап кетеді. Қоян - маусымға байланысты түсін өзгертіп отырады. Жазда қоңырқай түске енеді, ал қыста жылы, аппақ үлпілдек тон киеді. Оларды қыста ақ қардан ажырату қиын - ақ. Қояндар қысқа азық дайындамайды. Олар қыс мезгілінде ағаш қабығымен қоректенеді.
- Неліктен оларды жабайы аңдар дейміз?

-Далада күн салқын,біз тоңып қалмау үшін қысқы киімдерімізді киіп

-Орманға біз сыйқырлы кілемшемізбен барамыз.

-Көзімізді жұмып кілемшеге отырайық.

Әуен қосылады.

- Айналамыз қандай тамаша!Орманнан нелерді көріп тұрмыз?

-Таза ауамен тынысталайықшы.



Боран борап,жел тұрса,

Айналаны қар бораса.

Үйлер ақ көрпеге оранса,

Келді дей бер қыс ортаға.


Алдарынан қоян шығады.

Қоян:

-Келгендерізге көп-көп рахмет.

Тәрбиеші:

-Біздер тоңып қалдық,орман қандай салқын.Кел балалармен бірге секіріп билеп жылынып алайық.

Сосын сенің көжегіңді іздеуге көмектесеміз.

Сергіту сәті: Т.Бердияров

«Сұр қоян»

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлерден,

Ытқып-ытқып жүгірді.

Қарап еді артына,

Қиығын сап көзінің.

Келе жатқан томпаңдап,

Көжегі екен өзінің.

-Ормандағы жануарларды қалай таба аламыз?

-Қандай жануарларды кездестіре аламыз?

Дидактикалық ойын: «Қай жануардың ізі?

Шарты:педогог аңдардың аяқарының ізі салынған суреттер көрсетеді,ал балалар оны қимылмен көрсету керек.

Балалар шашылып жатқан жаңғақтарды көреді.

-Мынау жаңғақтарды қай жануар жейтін еді?Естерімізге түсірейікші?

-Ия,дұрыс айтасыңдар.Яғни осы маңда тиін мекендейді екен.Кәне бәріміз тиінге жаңғағын жинап берейік.

Тиін алдарынан шығып оларға рахмет айтады.

-Тиін біздің балалар қоянның көжегін іздеп жүр едік,сен көрген жоқсыңба?

Тиін:

-Ия,ия көрдім.Алдымыздағы бұтаның жанынан көрдім.

-Балалар,қар қалың екен,қарды жинап көжектерге жетіп алайық.

Балалар қуанып кетеді.

Қ имылдық ойын: «Қар ашу»

Шарты:домаланған қарларды шелекке жинау.

-Міне, көжектерің.

Қоян балаларға рахмет айтып өз ініне қонаққа шақырады,оларға сәбіз береді.

Балаларға топқа қайтатын уақыт болғанын айтып,сыйқырлы кілемшеге отырып кері оралуды ұсыну.

Билингвалдық компонент: Жабайы аңдар - дикие животные - Wild animals. қыс-зима-winter

Шығармашылық сәт: «Сиқырлы сурет»

Өз қалауларымен аңдардың іздерін су бояудың көмегімен бейнелеу.


Қыс.

Желтоқсан,

Қаңтар,Ақпан.

Ойынға қызыға қатысады.









Қызығушылық танытады.

Көмектесуге дайын екендерін айтады.





Суретке қарап мұқият тыңдайды.








Түлкі












Аю.








Қасқыр.








Қоян.


Өйткені олар далада,орманда тіршілік етеді



Орманға баруға дайындалады.



Айнала аппақ қар,қар басқан шыршаларды.







Тыныс алу жаттығуын орындайды.



Спираль тәрізді қимылдармен маңдай ортасынан құлақтың жоғарғы ұшына дейін орындайды.



Балалар қоянмен амандасады.






Сергіту сәтін орындайды.




Олардың іздері арқылы.


Қоянды,тиінді,

түлкі,қасқыр.

Балалар аңдарды қимылмен көрсетеді.



Тиін.





Жаңғақ жинады.





Көжектерге көмектесу үшін қарды шелекке жинайды.



Балалар қуанады.





Аңдардың ізін салады.

Рефлексиялық- түзетушілік

Педогог балалардан бүгін қайда барғандарын сұрайды.

-Балалардың үй жануарлары мен жабайы жануарлардың айырмашылықтары қандай?

-Ал қыста аю мен кірпіне көре аламыз ба?

Қорытынды бекіту сұрақтарын қою арқылы ұйымдастырылған оқу-қызметін аяқтау.

Балаларды мадақтау.



Жабайы жануарлар орманда мекендейді.

Жабайы жануарлар: тістері өткір, етпен қоректенеді

Жок,өйткені олар ұйықтап жатыр.

Күтілетін нәтиже:Жануарлардың қысқы тіршілігімен танысады.

Жаңғырта алады: Жаңа сөздердің мағынасын дұрыс меңгеріп,сөйлеу барысында дұрыс пайдалану.

Түсінеді: Жабайы аңдардың қоршаған ортада ерекше орны бар екенін.

Қолданады: Жабайы аңдарға қамқоршы болуды,табиғатты қорғай білуді.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
29 қаңтар
2588
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі