400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

жабайы жанурлар

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге сабақтарына қажетті
Материалдың қысқаша нұсқасы

Блок: «Жануарлар әлемі» Апта тақырыбы: «Орман патшалығы»

Кіріктірілген білім салалары: Әлеумет, Шығармашылық.

Кіріктірілген оқу қызметі: Қоршаған ортамен танысу, Мүсіндеу.

Тақырыбы: «Жабайы жануарлар», «Ақ тон киген қоян»

Мақсаты: 1 Жабайы жануарлар туралы білімдерін кеңейту. Жануарлардың тіршілігі, өмір сүру, мекендейтін ортасы, қорегі туралы ұғым беру.

2«Ақ тон киген қоян»

Қоянды құрастырмалы тәсілмен мүсіндеуді үйрету. Көз мөлшерін, қолдың ұсақ қимылын дамыту. Мүсіндеудің бұрын бекітілген әдістерін дамыту. Мүсіндеуге ынталалыққа тәрбиелеу.

Билингвальдік компоненттер: Жануарлар-Животное,қоян-заяц,қасқыр-волк,

Әдіс-тәсілдері:Түсіндіру, көрсету,әңгімелеу,ойын,сұрақ – жауап

Кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Армысың, Алтын күн!

Армысың, Жер ана!

Армысыңдар достарым!

Аман болсын халқымыз,

Заман болсын ең тыныш!

Аман болсын аналар,

Аман болсын балалар!

Балалар шаттық шеңберін құрып, өлең жолдарын қайталайды.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Мен бүгін балабақшаға келе жатып,қорапша тауып алдым. Қасында хат бар екен.Ашып оқып көрейік.

Балалар бұл қорапшаның ішіне ормандағы аңдарды сиқырлап салып қойыпты. Оларды қорапшадан шығару үшін біз жұмбақтарды шешуіміз керек.


Жұмбақтар:


1.Көлеңкесінен қорқып безектейді,

Ал,оның баласын «көжек»дейді.

Қоян

2.Ит секілді пішіні,

Бірақ адамды ұнатпайды.

Қасқыр

3.Өзі қу,әрі айлакер,

Жүрген жері айқай да шу.

Түлкі



4.Қыс бойы жатады,

Тәтті ұйқыға батады.

Аю

6.Бұтадан-бұтаға секірген,

кішкентай ғана шапшаң аң.

Тиін



-Балалар бұл жануарларды бір сөзбен қалай атаймыз?

-Олар қайда мекен етеді?

-Дұрыс айтасыңдар орманда.

- Балалар сонымен қатар Жабайы аңдар далада, орманда және таулы жерлерде мекен етеді.Өз азықтарын өздері тауып жейді. Олар күннің суығында да, ыстығында да далада жүре береді.Жолбарыс, арыстан, аю, қасқыр жыртқыш аңдар қатарына жатады. Солардың ішінде арыстанды аң патшасы деп атайды.Аңдардың да пайдасы бар.Олардың терісінен тон, ішік киім-кешектер жасалады.

-Сонымен қатар,аңдарды аңдар саябағынан қөруге болады.

-Мысалы,қоян,қасқыр,аю,түлкі,т,б.

Көптеген жабайы аңдарды көруге болады.

-Балалар келесі суретте қандай аң бейнеленген?

-1 Аю - жабайы аңдардың бірі. Жазда аю кез келген жерден өзінің қорегін таба алады. Сонымен бірге аю араның балын да жақсы көреді. Аш кезінде шөп пен ағаштардың тамырымен қоректенеді. Ол қысқы ұзақ ұйқы алдында жақсылап коректеніп, денесіне май жинап алады. Аюлардың түстері қоңыр, ақ болып келеді. Аюдың баласын қонжық деп атайды.

-2Түлкі мен қасқыр – жабайы жыртқыш аңдар. Олар үнемі қорек аулаумен болады. Бір күннің ішінде түлкі жиырма тышқанды аулап жиді. Сондай-ақ қояндарды және ұсақ құстарды аулайды.


«Қасқырды аяғы асырайды» деген мақал халық айтылады, себебі қасқыр алыс арақашықтарды жүріп өтіп, өз тамағын табады.


-3Қоян шөпқоректі. Олар ағаш бұтақтарын, қабықтарын, тамырларын кеміреді.


-4Тиінның отызға дейін ұясы болуы мүмкін, әр ұяға ол жаңғақ, саңырауқұлақ шыршанның бүршіктерін жинайды.


Жануарлар аштыққа ұшырамауы үшін қыс мезгілінде оларды жиі қоректендіріп отыру керек. Адамдар орманнның ішіне шөп әкеледі. Шөппен еліктер, бұғылар, қояндар тамақтанады: ал түлкі болса, осы жерден тышқандармен қояндарды аулайды.

-Балалар біздер жануарлар туралы көптеген мағұлматтар естідік.Олардың қалай тіршілік ететінін,қандай тамақ жейтінін білдік.


-Балалар ендеше осы жабайы жануарлар туралы кім қандай тақтақ біледі?


1.Мен тиінмін, тиінмін, Әдемай

Қысқа жылы киіндім.

Қоймам толы жаңғаққа,

Іші жылы үйімнің.


2. Қоян-ау,ақ қоян, Зарина

Үркек қоян,сақ қоян.

Қаша берсен қалыңға,

«Қорқағым»деп ат қоям.



3.Түлкі деген қу,неткен Қайсар

Жүрген жерің шу еткен.

Қырда жүрер ол жортып,

Іні де жоқ бармайтын.


4.Мен көкжал қасқырмын, Жанель

Аш болсам ұлимын,

Ауылды торимын.



-Балалар өздеті білетін аңдар туралы тақпақтарын айтып шығады.


Дидактикалық ойын «Төлдерін ажырат»

Мақсаты:Балаларды шапшаңдылыққа тәрбиелеу.

Жүру барысы: Балалар жабайы аңдардың төлін үй жануарларынан ажыратуы керек.

Қоян,аю,қасқыр,Түлкі




Сергіту сәті

«Аюдың әні»

Аю-аю тұршы,

Бетінді жушы,

Шашыңды тарашы,

Айнаға қарашы,

Мен кәзір тұра алмаймын.

Бетімді жуа алмаймын.

Айнаға қарай алмаймын.

Шашымды тарамаймын.

Қыс өтсе кел бірге ойнауға.



-Балалар қоянға қарайықшы,қоянның басы,денесі,құлағы,аяқтары ,кішкене құйрығы,көзі,аузы бар екен.Ендеше мен сендерге ермексаздан қоянды мүсіндеп көрсетейін.

Орындалу тәсілі

-Ермексазды бір кесегін үш бөлікке бөліп,бір бөлігі денесі,екенші бөлігі бас пен құлақтары және үшінші бөлігі аяқтары мен құйрығы.

-Бірінші бөлігіне шар илейміз.Оны сопаққа айналдырамыз.Бұл денесі.

-Екінші бөлігінен шар илеп басын жасаймыз.

-Ермексазды екіге бөліп,шұжықша әдіспен құйрығын және құлағы және аяқтарын жасаймыз .Қара ермексаздан көзі мен мұрынын жасаймыз.

Билингвальдік компоненттер: Жануарлар-Животное,қоян-заяц,қасқыр-волк.






Балалар сұрақтарға жауап береді.


Қоян,қасқыр,түлкі,аю,

тиін.




















Жабайы жануарлар


Орманда













Ревлекциялық түзетушілік

Балалардан бүгінгі жиынан алған әсерлерін,көңіл күйлерін сұраймын.

Сонымен қатар немен айналысқандарын,не үйренгендерін сұраймын.

Балалар жиыннан алған әсерлерін айта береді.



Күтілетін нәтиже:

Біледі:Ормандағы аңдардың қысқы тіршілігін,олардың немен қоректенетінін

Игереді: Жабайы аңдар туралы көптеген мағұлматтард

Меңгереді: Қоянды құрастырмалы тәсілмен мүсіндеуді



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 қаңтар
637
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі