жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Жабайы құстар"
Мектепалды даярлық тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в предшкольной группе.
Өткізу күні/дата проведения: 08.02.21
Тәрбиеші/Воспитатель: Кужахметова А.Т.
Білім беру саласы/Образовательная область: Қатынас
Пән/Предмет:Қазақ тілі
Өтпелі тақырыптар/Сквозная тема: Қазақстаның қыстайтын құстары
Тақырыбы/ Тема: «Жабайы құстар»
Мақсаттары/Цели:
-
Тәрбиелік – воспитательная: балаларды адамгершілікке, табиғатты сүюге, бірін-бірі тыңдай білуге тәрбиелеу.
-
Дамытушылық – развивающая: сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
-
Оқыту- обучающая: 4 К модулі арқылы жабайы құстар туралы білімдерін шындау, заттардың сынын, санын айтуға, шағын 3-4 сөздерден сөйлемдер құрастыруға жаттықтыру.
Педагогикалық технологиялар/Пед. технологий: білім берудің ізгілендіру технологиясы, ойын, сын тұрғысынан ойлау, ИКТ
Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: интерактивті тақта, лексикалық суреттер, шарлар, қорап, хаттар, қол асты материалдар, сыйлықтар.
Билингвалді құраушы:
Қазақ тілі: Жабайы құстар, құстар, үкі, қарға, сауысқан, торғай, суықторғай, сары шымшық, көгершін.
Орыс тілі: дикие птицы, птицы, сова, воона, сорока, воробей, снегирь, синица, голубь.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
І. Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:
Менімен үш тілде амандасады.
Шаттық шеңбер
Ақ пейілді тілекпен
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
Сәлем достарым!
Шеңберімізде тұрайық
Жақсы-жақсы тілектер,
Бір-бірімізге сыйлайық!
- Балалар, мына жүрекшенің көмегімен бір-бірімізге жақсы тілектер сыйлайық!
- Тамаша, осындай жақсы көңілмен орындарымызға отырайық!
- Балалар, біз бүгін сендермен өткен сабақта.......(Есік қағылады, сәлемдеме келеді)
-Балалар, бізге сәлемдеме келіпті. Ой, ашылмайды! Неге екен? Ааа, түсінікті, сәлемдемені ашу үшін мына құлыптың тапсырмасын орындайық!
Тілдік жаттығу:
Лі-лі-лі- қазір қыс мезгілі,
Ық-ық-ық – дала өте суық.
Ар-ар-ар – айнала аппақ қар,
Да-да-да – ойнаймыз далада.
-Тамаша, құлыптың тапсырмасын орындадық. Сәлемдемені ашайық!
-Ооо, бұлар не?
-Құстарымыз қандай әдемі шарлармен ұшып келіпті! Тамаша!
-Құстарға қараңдаршы, бұл қандай құстар?
-Бұл жабайы құстар.
-Өте дұрыс, қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабағымыз нелер туралы? (құстар)
-Дұрыс!
-Мұнда хатта та бар екен! Тут написано. Шары не простые, а волшебные с заданиями! Шарды жарып, ішінен тапсырмаларды алып шығамыз. Лопнем шар, а внутри шара задание. Если выполним задания ждут нас призы! Понятно? Түсінікті ме? Кім бірінші шығады?
ІІ. Негізгі бөлімі/основная часть:
1- тапсырма «Не? Қандай? Нешеу?»
-Ортаға шық. Міне, саған ине. Шарды жар.
- Задание для всех, не только для Амины. Суреттерді ата және қандай, нешеу екенін айт. Назовите картину и скажите какая она и сколько их. Тапсырманы орындау үшін интерактивті тақтаға қараңдар!
- Мынау не?
-Мынау .....
-Торғай қандай?
-Торғай ....
-Торғай нешеу?
-Торғай ...... (барлық балалардан сұрап шығамын)
2-тапсырма «Ұшты-ұшты» ойыны- 3 мин
-Жарайсыңдар, балалар!Енді, келесі шарды жарайық!
«Ұшты-ұшты» ойыны. Ойнаймыз ба?
-Ойнаймыз.
-Ұшты-ұшты тәрбиеші ұшты.
-Ұшты-ұшты сауысқан ұшты.
-Ұшты-ұшты, орындық ұшты.
-Ұшты-ұшты, Аяз ата ұшты!
-Ұшты-ұшты торғай ұшты!
-Ұшты-ұшты, қоян ұшты!
-Ұшты-ұшты, көгершін ұшты!
-Жақсы, отырыңдар!
3- тапсырма «Жылдам құрап айт» (интерактивті тақтақ арқылы)
-Келесі шарды жарайық!
-Жақсы, балалар, барлығымыз интерактивті тақтаға назар аударайық!
-Сендерді суреттер күтіп тұр. Суреттерді таңдап, мына суреттерден сөйлем құрыңдар!
4-тапсырма «Диалог»
- Келесі шарды жарайық!
- Жақсы, балалар, бұл тапсырмада ортаға шығып, бір-бірімізбен диалог құруымыз қажет. Ортаға кім шығады?
5-тапсырма «Кішкентай үйректер» әні
-Келесі бала шарды жарсың. Следующий ребенок пусть лопнет шар.
Ән айтуымыз керек.
-Балалар, барлығымыз ортаға шығып «Кішкентай үйректер» әнін айтайық.
Әдемі үйректерге,
Ұқсағысы келеді,
Ұқсағысы келеді бәрі, бәрі.
Қараңдаршы бегемот, ебедейсіз бегемот,
Билейді ол керемет, кря-кря-кря.
Бір сәтке ғана,
Балалыққа барып.
Біз енді үйрекпіз,
Көңіл-күйіміз,
Енді керемет!
6- тапсырма «Ойлан, тап» ойыны
-Балалар, мына жатқан қол асты материалдар арқылы жабайы құстардың бейнесін жасаймыз!
-Қане, бастаңдар! Бұл не?
-Бұл торғай
-Бұл не?
-Бұл көгершін! Көгершінді қандай заттардан құрадың?
ІІІ.Қорытынды/итоговая часть:
7- тапсырма «Сыйлықтар»
-Балалар, соңғы шар. Ребята, последний шар. Вика, кел мында. Шарды жар. (Сыйлықтар деп жазылып тұр)
-Алақай!
-Мінеки, сыйлықтарынды алыңдар! Барлығымыз бірге «рахмет» деп айтайық!
-Рахмет!
- Аяқтарымыз бірге, қолымыз тізеде, беліміз тік. Балалар, сабақ аяқталды, сау болыңыздар!
- Сау болыңыз!
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген