Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Жабық тәрбие сағаты "Ел ертеңін ойлаған Елбасы" 2Ә сыныбы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі
№7 мектеп лицейі
«Байқау практикасы»
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ел ертеңін ойлаған Елбасы»
Студент: Милы Мақпал
Сыныбы: 2 «Ә»
Сынып жетекші: Хамитова Гүлжанар
Қабылдаған әдіскер: Жалғасбаева Гүлвира Шерғазықызы
Қызылорда 2021 жыл
Бекітемін:_______________
Тәрбие сағатының жоспары:
Мектеп: |
№7 мектеп длицей |
|||||
Сыныбы: 2 «Ә» |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
Күні: |
26.11.2021 ж |
|||||
Тәрбие сағатының тақырыбы: |
Ел ертеңін ойлаған Елбасы |
|||||
Сынып жетекшінің аты-жөні: |
Хамитова Гүлжанар |
|||||
Машықтанушы: |
Милы Мақпал |
|||||
Тәрбие сағатының мақсаты: |
«1-желтоқсан-Тұңғыш Президент күні» мерекесінің мәнін ашу, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру; Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу;оқушылардың бойында Елбасына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін қалыптастыру; |
|||||
Көрнекілігі: |
Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, нақыл сөздер, Қазақстан туралы әндер. |
|||||
Сабақтың барысы: |
||||||
Сабақтың кезеңі/уақыт |
Педагогтің іс- әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||
Басталуы 0-3 мин |
Мұғалім: Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны шырқалсын. |
Сәлеметсіңдерме оқушылар! Әнұран орындалады. Барлығы оң қолдарын жүрек тұсына қойып, орындарынан тұрып әнұранды орындайды. Тұңғыш елбасы Нұрсұлтан Назарбаев — сөз бастаған шешен, ел бастаған көсем, саңлақ шыққан сарабдал саясаткер, әлемдік деңгейде өзіндік орны бар үлкен тұлға, қажырлы мемлекет қайраткері. Алғырлығы мен көрегендігі, ептілігі мен тектілігі, батылдығы мен өжеттігі, мейірімділігі мен қайырымдылығы, алымдылығы мен шалымдылығы қатар жүретін нағыз марғасқаның бірі әрі бірегейі. Елбасына еліне жасаған жақсылықтары үшін алғысымызды айта отырып, кешімізді бастайық. Алдымен тәрбие сағатымызды бастамас бұрын топтарға бөлініп алайық. -Балалар суреттер қиындысы бойынша топқа бөлінеміз.Сол суреттерге байланыстырып топ атын қоямыз. «Астана» «Бәйтерек» «Қазақстан» |
|
Топқа берілетін суреттер |
||
3 мин |
Жүргізушілер тәрбие сағатын бастайды. |
Досжан:Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар! Кәусар: Бүгінгі «Ел ертеңін ойлаған– Елбасы» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер. Досжан:«Ел ертеңін ойлаған Елбасы» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз Келбетіңнен ізгілік нұр көрінген Лебізіңнен ол арманы өрілген Сенің арқаң - Қазақстан көркейіп |
|
Тақтада ілінген суреттер |
||
5 мин |
Тәуелсіздік туралы оқушылардың өлең шумақтары |
Кәусар:Достық әні шарықтады төрімнен Серпігенде бодандықтың тұманын, Жетті әлемге ұраным мен жыр – әнім Өзің болдың көшбасшысы елімнің Өзің болдың биік ұшқан қыраным-дей келе оқушыларымыздың өлең шумақтарын тыңдайық 1-оқушы (Малика) Бар әлемге шын танылдық міне,біз, Елін сүйген Ел басы деп білеміз. Теңаталып Қазақстан-Нұрсұлтан, Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз. 2 - оқушы (Сұлтан) Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп, Елдің даңқы бар жаһанға естіліп. Елбасыны құрметтейтін ерекше, Армысыздар,ақпейілді көпшілік! 3 – оқушы (Дидар) Елімнің атын айтсам -Қазақстан, Жерімнің атын айтсам- Қазақстан! Қойнауы қазынаға толған мекен, Байлығын атын айтсам –Қазақстан! |
Жарайсыңдар! Сендер өте ақылды екенсіңдер. |
|
||
3 мин |
Тақырып бойынша жүргізушілер мағлұмат береді |
Досжан: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6 - шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата - анасын қатты құрмет тұтты. Кәусар: 1991 жылы 1 желтоқсанда Республикада бүкілхалықтық Президент сайлауы болып өтті. Қазақстан Республикасының Президенті болып Н.Ә.Назарбаев болып сайланды. Досжан: Балалық шағы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы таршылық жағдайда өтті.Үлкендердің мал бағуына,бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп,отын жарды. 1991 жылы желтоқсанның бірінде республика жұртшылығы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбавты республикамыздың Президенті етіп сайлады. 1992жылы қазан айында ғарышкер Тоқтар Әуәкіров ғарышка самғады 1993 жылы 12-қарашада төл теңгеміз дүниеге келді 1994 жылы 30-маусымда тәуелсіз еліміздің ғарышкері Талғат Мұсабаев аспан көгіне айлық сапарға аттанды 1995жылы 28-қаңтарында Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды. Кәусар:Өзі еске алғандай,өсірген аз-маз өнімдерін сатып,үй ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алады. |
|
Тұңғыш Елбасының портреті |
||
3 мин |
Би: Асылбек Несібелі «Танго» |
Досжан: Ашылып алдымыздан оң құбыла, Бақ болып басымызға қонды мына. Кірсек біз елу елдің қатарына, Содан соң қол созамыз ондығына,-дей келе ортада Асылбек Несібелі биші қызымыздың орындауында «Танго» биін қабыл алайық! |
Мадақтау |
|
||
5 мин |
Сөзжұмбақ шешу |
Мұғалім:Балалар енді тақырып бойынша сөзжұмбақ шешіп жауабын бірге тауып көрейік. Досжан: 1-Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы... (Теңге) Кәусар: 2- Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздеріне нелер жатады?(Елтаңба) Досжан: 3-Нұрсұлтан қаласының сол жағалауында орналасқан монумент...(Бәйтерек) Кәусар: 4-Біз қандай республикада тұрамыз?(Қазақстан) Досжан: 5-Балалар Қазақстан Республикасының астанасы қай қала.?(Нұрсұлтан) Кәусар: 6-Ұлттар бірліг,татулығы...(Достық) Мұғалім: Жарайсыңдар балалар барлық сұраққа дұрыс жауап беріп,сөзжұмбақты дұрыс құрадық. |
Жарайсыңдар! Барлық сұрақтың жауабын дұрыс таптыңдар |
Тақтада сөзжұмбақ жазылған плакат,маркер |
||
3 мин |
Ән: Серікбай Айзеренің орындауында «Отан» әні |
Кәусар:Халқым айтқан жер көтерер ел
даңқын, |
Мадақтау |
|
||
5 мин |
Топтық тапсырма |
Топтарға тапсырма: 1-топ Елтаңбаны сипаттау 2-топ Туды сипаттау 3-топ Нүрсұлтан Әбішұлы Назарбаев кім? Мынау біздің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы.-Балалар елтаңбадан ненің бейнесін көріп тұрсыңдар. -Шаңырақ, жұлдызша, қанатты тұлпар,күн шеңбері -Балалар шаңырақ бірлікті,татулықты білдіреді,қанатты тұлпар қажымас қайраттың,жеңіске деген жасымас жігер, тәуелсіздікке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесі,асыл мұраттың,талмас талаптың, құштарлықтың,жақсылықтың белгісі.Ал бес бұрышты жұлдық елтаңбаның тәжі, жол нұсқайтын жарық жұлдызы. -Балалар, біз қандай республикада тұрамыз? (Балалар: - Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.) Иә, дұрыс айтасыңдар.Оның астанасы қай қала? (Балалар: Астана қаласы) Өткен жылдар жемісі: жылдар кезегіне береміз |
Жарайсыңдар өте тамаша! |
Топқа берілетін суреттер |
||
4 мин |
Би: Кабадулла Малика қызымыздың орындауында «Қазақ биі» |
Кәусар:Атадан қалған сара жолым
бар. Досжан:Нұрсұлтаның
биіктерге
бастады, |
Жарайсың Ернұр керемет орындау. |
|
||
5 мин |
Қорытынды |
Досжан:Туған жерді гүлдендірер ұл-қызы міне,сендерсіңдер. Еліміздің келешек тағдыры,Қазақстан ертеңі өз қолдарыңда.Туған елдеріңді өркениетті мемлекеттермен терезесі тең,керегесі кең ететін сендерсіңдер.Ол үшін терең ,әрі жан-жақты білімді болу-міндеттерің. Кәусар:«Туған жер-алтын бесік» демекші, бүгінгі сабақта айтылғандарды өнеге етіп,елді,жерді сүюді,қадірлеуді мақсат етейік. Мұғалім: -
Санамызды, дүниетанымымызды, мінезімізді де жаңаша қалыптастыруда
Қазақстанның тәуелсіздігі жылдарында қыруар іс атқарылды. Бірақ
олардың ішінде екеуін атап өту керек. Біріншісі – 1997 жылы
Президент Н. Назарбаев ұсынған «Қазақстан – 2030» даму стратегиясы,
екіншісі – елорданың Алматыдан Астанаға көшірілуі, - деп 21 жыл
ішінде елімізде болған жақсы істерге шолуды қорытындылаймын. |
Мадақтау |
|