400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жадынама: "ҰБТ- ға дайындық кезіндегі психологиялық көмек" (мұғалімдерге арналған)

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге арналған 11 сынып оқушыларын ҰБТ - ға арналған психологиялық көмек.
Материалдың қысқаша нұсқасы

























Көкпекті ауданының физика және математика пәндерінің жас мұғалімдер семинары



ҰБТ- ға дайындық кезіндегі психологиялық көмек

Жадынама

(мұғалімдерге арналған)













Кантаева Г.Ж.

Педагог-психолог

«Октябрь мектеп-балабақша кешені»КММ

2017-2018 оқу жылы

Мұғалімдерге ҰБТ-ге психологиялық дайындық бойынша кеңестер

ҰБТ тест тапсырмаларына негізделген. Мұндай жұмыс түрі пән бойынша жақсы дайындық пен білімді, оқу процесіне қатысты барлық қатысушыларға (оқушылар, ата-аналар, мұғалімдер) психологиялық дайындықты талап етеді. Пән мұғалімдерге ұсыныстар:

  1. Оқу жүйесіне тесттік тапсырмаларды көптен енгізіңіз. Тест жұмыстарын орындау арқылы оқушы бойында өзіндік бақылау мен қадағалау сияқты психотехникалық дағды қалыптасады.

  2. ҰБТ-ге дайындық кезінде пән бойынша тақырыптық тесттер пайдаланыңыз.

  3. Оқушылармен бірге тест жауаптарына пайдаланылған кітаптар бойынша талдау жасаңыз.

  4. Оқушылар білімін сынақ және емтихан түрінде тексеріңіз.

  5. Оқушыларды ҰБТ – ге дайындық әдіс-тәсілдерімен таныстырыңыз.

  6. ҰБТ-ны жақсы таныстыру техникасымен таныстырыңыз. Мысалы, логикалық ойлану, әр сұрақ мағынасына жауап табу, т.б.

  7. Тесттік жұмыстарды орындау барысында оқушыларды талдауға, уақытын үнемі пайдалануға үйретіңіз.

  8. Есте сақтауға арналған тапсырмаларды беріңіз.

  9. Оқушыларды қолдап отырыңыз.

  10. Бір-біріне қарсы қоюдан аулақ болыңыз. Барлық оқушылар көзінше ұрыспаңыз.

  11. Оқушыларды есімімен атауға тырысыңыз.

  12. Сенім, сыйластық және мейірім арқылы тәрбиелеңіз.

  13. Оқушылардың оқудағы жетістіктерін үнемі мадақтап отырыңыз.

  14. Балаларға емтихан кезінде мынадай мәселелерге көңіл бөлуді ескертіңіз.

  • Көзбен барлық тестіні шолып шықсын, сонда қандай тапсырмалар бар екенін біліп, жұмысқа толығымен икемделе алады;

  • сұрақты соңына дейін мұқият оқып, оның мағынасын түсінсін (тестілеу кезінде жиі кездесетін қателік-соңына дейін оқымай, бірінші сөздерден-ақ жауапты жорамалдап, оны белгілеуге асығады);

  • Егер сұрақтың жауабын білмесең немесе сенімді болмасаң, тастап кет және сосын қайта оралу үшін белгілеп қой;

  • Егер белгіленген уақытта барлық сұрақтарға жауап беріп, үлгермесең, ішкі түйсігіне сеніп, барынша ықтимал жауапты белгіле.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
1451
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі