Материалдар / "Жадырайық!Жайнайық!Жылы лебізімізді сыйлайық" тренинг
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Жадырайық!Жайнайық!Жылы лебізімізді сыйлайық" тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
ТРЕНИНГ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
634
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Балапан» мектепке дейінгі бөбекжайы



Бөбекжай тәрбиешілерімен

тренинг

«Жадырайық! Жайнайық!

Жылы лебізімізді сыйлайық»





Өткізген : психолог Б.Т.Усенгалиева









2017 жыл




1.«Сиқырлы қобдиша» жаттығуы.
Мақсаты: Қатысушылар арасында жағымды қарым-қатынас тудыру.
Нұсқау: Ортада сиқырлы қобдиша тұрады. Қатысушылар кезекпен, қобдишаның ішінен сыйлықтарды алып шығады. Сыйлықтар – әр түрлі көңіл-күй күлкілер (смайлдар) бар тілектер. Әртүрлі күлкілі эмоцияларды қатысушылар алып, керісінше бетіндегі жылы лебіздерді оқып, қалаған қатысушыға береді. Тілек соңында, қыстырылған шоколадтарды ұсынып, «Өміріңіз осындай тәтті болсын» деген лебізбен аяқтайды.
2. «Мен сізден үйренемін» жаттығуы
Қатысушылар бір-біріне еркін түрде «Мен сізден үйренемін …» сізден айтып лақтырады (айтып тұрған адам допты бағыттаған адамның бойына сөзін айтып лақтырады (айтып тұрған адам допты бағыттаған адамның бойынан өзі ерекше бағалайтын құнды кәсіби немесе жеке қасиеттерін айтады). Допты қабылдаған адамның міндеті – айтылған ойды құптамас бұрын «Иә, менен … (ұқыптылықты) үйренуге болады» немесе «Иә, мен … үйрете аламын» деу. Сосын допты қатысушыға бағыттап ойынды жалғастыру қажет.

3. «Ерекше Калош»
Мақсаты: Қатысушылардың әр қиын жағдайлардан жағымды жол іздеп тауып шығуға бағыттау. Көңілдерін көтеру, қиялын дамыту. Өмірде, жұмыста болатын сан қилы қиыншылықтарға мойымау, әрдайым жолын тауып, позитивті түрде баға беруге баулу.
Нұсқау: Қатысушыларға ерекше калош ұсынылады. Оның ерекшелігі, калошты киген адам, қиын жағдайдан міндетті түрде позитивті жолын ойлап шығуы қажет. Мысалы: «Сіздің жалақыңызды екі ай мерзіміне қысқартты …» Қатысушы тәрбиеші осы жағдаятқа жағымды жолын тауып шығады. Оның жауабы: «Алақай келесі айда, екі есе көп жалақы алам» немесе «Өзіме көптен бері қолым жетпеген тонымды алам» деген сияқты жауаптар қабылданады.
Басқа да жағдаяттар:
Сіз жұмысқа бір сағат уақытында кешігіп келе жатырсыз. Сіздің жолда аяқ киіміңіз жыртылып сынып қалды …
Бастығыңыз сіздің істелінген жұмысыңызға көңілі толмай, сізге ұрысты …
Сіз сырқаттанып ауырып қалдыңыз …
Басқа топпен қарағанда, сіздің тобыңыз оқу процесі барысында ең төмен нәтиже көрсетті …
Меңгеруші сіздің дұрыс істелінбеген жұмысыңыз үшін, сізге айқайлап ұрысты …
Сізді қырық баладан тұратын топқа тәрбиеші етіп қойды …
Тобыңыздағы балалар мониторинг барысында барлығы төмен нәтиже көрсетті …
Сізді күйеуіңіз тастап кетті …
Сізді жұмыста қысқартуға түсіп қалдыңыз …
Сіздің әмияніңізді ұрлап кетті …
3 күн қалғанда сізге ауданға өткізілетін ашық оқу қызметін берді. Бұл жаңалық төбеңізден жай түскендей болды …
Барлық алтын бұйымдарыңызды жоғалтып алдыңыз …
Тәрбиешілер кезекпен шығып, ерекше калошты киіп, жағдаяттарға жауап іздейді.

«Би терапиясы»
Мақсаты: Қатысушылардың көңіл-күйін көтеру, жағымды көңіл-күй тудыру.
Нұсқау: Тәрбиешілер аталған дене мүшелерін қозғалту арқылы билейді. Экспериментатор ең алдымен қатысушыларға қасымен, көзімен билеуге нұсқау береді. Кейін осы дене мүшелеріне ауыз қосылады. Сөйтіп, иық, қол, аяқ т.б. дене мүшелері қосылады. Ең соңында барлық дене мүшелері билейді.



Тест: "Қиындықты қалай жеңесіз?"
Адам баласының мінезі әртүрлі. Бірі күш-жігері мықты пысық болып келсе, екіншісі керісінше ынжық. Ал сіз ше? Өз қиындықтарыңызды өзіңіз шеше аласыз ба? Бұл сұрақтың жауабын тест көмегімен анықтап көрейік...
1. Өзіңіздің қиындықтарыңыз туралы біреуге айтасыз ба? 
А) Маған ешкім көмектесе алмайтындықтан, айтпағанды жөн санаймын – 3 
Ә) Көмектесуге қабілеті бар адам болса, міндетті түрде айтамын – 1 
Б) Көбіне айтпаймын, өйткені қиындық жалғыз менде емес барлығында да бар – 2 
2. Өзіңіз тап болған жайсыздықтарға байланысты қатты алаңдайсыз ба? 
А) Үнемі қатты алаңдаймын – 4 
Ә) Нақты ситуацияға байланысты – 0 
Б) Уақыт барлығына емші, сондықтан да мойынсұнамын – 2 
3. Бір нәрсеге бола көңіліңіз толмай жүр делік. Мұндай жағдайда не істейсіз? 
А) Өзіме сыйлық жасап, көңілімді көтеремін – 0 
Ә) Ең жақын достарыма барамын – 2 
Б) Өзімді қатты аяп, үйде жатамын – 4 
4. Жаныңызға жақын адамыңыз ренжітті. Сіз қандай шара қолданасыз? 
А) Ешкіммен сөйлеспей қоямын – 3 
Ә) Не себепті олай жасағанын түсіндіруін сұраймын – 0 
Б) Мені тыңдауға дайын кез келген адамға мұңымды шағамын – 1 
5. Ең бақытты сәтіңізде: 
А) Бақытсыздық атаулысын мүлдем есіме алмаймын – 1 
Ә) Іштей бұл қуанышым көпке созылмайды ғой деген қорқынышым болады – 3 
Б) Өмірдің өзі жақсы мен жаманның арпалысынан тұрады емес пе? – 5 
6. Психолог мамандарға деген көзқарасыңыз қандай? 
А) Олардың науқастарының қатарына қосылғым келмейді – 4 
Ә) Олар – адам жанының дәрігері – 2 
Б) Адамдар олардың көмегінсіз-ақ өмір сүре алады деп ойлаймын – 3 
7. Сіздің ойыңызша, тағдыр деген ... 
А) Үнемі мені сынға алады – 5 
Ә) Мүлдем әділетсіз – 2 
Б) Тағдыр әркімге көтере алатын жүгін ғана артады. Өз тағдырыма ризамын – 1 
8. Жақсы көретін адамыңызбен ұрсысып қалып, артынша ашуыңыз басылған соң не ойлайсыз? 
А) Өткен уақыттағы тәтті сезімдерді еске аламын – 1 
Ә) Одан кек қайтарғым келеді – 2 
Б) Одан біржолата құтылғаныма қуанамын – 3 
Енді жинаған ұпай сандарыңызды қосыңыз. 
7-15 ұпай: Тағдыр атты ұзақ жолда кездесетін қиындықтың барлығын оңай шешесіз. Оларға болмашы дүние ретінде ғана қарайсыз. Жанашырлық сезімін жек көресіз. Рухани құндылықтарды ардақтай білетін сіздей жан көп кездесе бермейді. 
16-26 ұпай: Тағдырыңызға көңіліңіз тола бермейді. Өзгелерге шешілмеген қиындықтарыңызды айтып мазасын аласыз. Үнемі жанашырлық сезіміне мұқтаж болып тұрасыз. Өзіңізді қолға алып, ұстамдылыққа тәрбиелегеніңіз жөн сияқты. 
27-36 ұпай: Өз қиындықтарыңызды толығымен шеше алмайсыз. Сізді мазалайтыны сондықтан болар. Ешкіммен сөйлеспей қоятын әдетіңіз бар. Алға жетелейтін күш-жігеріңіз болғанда үлкен табысқа жететін едіңіз.
Сол себепті ойланып көріңіз.















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!