400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жадырап күн сәулесі, нұрын төккен, Әз-Наурыз! мектепке дейінгі бөлім тәрбиешілеріне

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепке дейінгі бөлім тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жадырап күн сәулесі, нұрын төккен, Әз - Наурыз!

Залдың төр жағында жартылай жасалған киіз үйдің көрінісі. Ортада дөңгелек үстел, үстінде түрлі ұлттық тағамдар: бауырсақ, құрт, ірімшік, жент, кәмпит, ағаш ыдыста наурызкөже. Жайылған көрпе, әже мен ата әңгімелесіп отырады.

Тәрбиеші: Қайырлы күн қонақтар және бүлдіршіндер! Бүгінгі күн аспан денелері өздерінің ең бастапқы жеріне келіп, күн мен түннің теңелетін, жан-жануарлар төлдейтін, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстіне шаттық орнаған күн. Сондықтан қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған. Наурыз-бақыттың бастамасы, ұлылылықтың ұйтқысы, жақсылықтың жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған, көңілге сыр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлеген қасиетті күн. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын, ағайын!

Көптен күткен Наурыз тойы арайлы,

Нұрға бөлеп жатыр міне, маңайды.

Мал біткеннің бал татыған уызы,

Қуат болып қанымызға тарайды.

Келді Наурыз жар салып,

Би билейік, ән салып,

Жылда келсін, Ұлыс күн,

Тұрайық есен қарсы алып.

Құрметті халайық! Ендігі кезекті бүлдіршіндерге береміз.

Ата: Бүгін Ұлыстың ұлы мерекесі – Наурыз. Қаладағы немерелер не істеп жүр екен, өздерін әбден сағындық.

Әже: Мен де сағындым, тілдеріңнен айналайын-ау тәтті ғой немере деген. Айтпақшы, жылда Наурызда келуші еді, бүгін де келіп қалар.

(Көңілді әуен ойналып, ішке балалар келеді. Әже мен ата орындарынан тұрып, балаларды құшақтап, беттерінен сүйіп күтіп алады).

Тәрбиеші: Ата, Әже, бүгін мерекеде немерелеріңізді әдейі ертіп келдім, сіздерді қатты сағындық деп маза бермеді.

Әже: Біз де сағынып отыр едік, келгендерің қандай жақсы болды. Өздерің тіпті өсіп кетіпсіңдер ғой.

Тәрбиеші: Ата, Әже, біздің бойымыз ғана өскен жоқ, ойымыз да өсті. Құр қол келген жоқпыз, өнерімізді де ала келдік.

Ата: Айналайын қара домалақтарым, көрсете қойыңдар өнерлеріңді, мектепке барады деп естіп едім, сол жақтан үйренгендерің шығар.

Бүгінгі мерекенің той шашуы бүлдіршіндер орындауында «Наурызым-армысың» әні.

Ата: Дауыстарыңнан айналайын, ән айтуға да жарап қалыпсыңдар ғой.

Picture 3 Тәрбиеші: Балалар тақпақ айтқысы келіп отыр.

1 бала Келіңдер Наурыз күнін қарсы алайық,

Билетіп жыр жырлайық, ән салайық.

Қаһарлы қыстан өтіп Наурыз келді,

Арқаңды кеңге салшы, уа халайық!



2 бала Бәйшешектей қар астынан табылған,

Бар халықты қуанттың сен, Наурыз

Келер күнге бар үміті табылған,

Көңілдерді жұбаттың сен, Наурыз!



3 бала Наурызда күлімдеп,

Күн нұры төгілді.

Өзгеше бүгін леп,

Желпінтер көңілді.



4 бала Наурыз тойы – елдің тойы,

Көктем тойы – төлдің тойы.

Ән айтылды күні бойы,

Бұл мереке Наурыз тойы.

Ата: Өркендерің өссін. Өздерің тіпті таза сөйлейтін болыпсыңдар ғой. Өз ана тілдеріңде таза сөйлегендеріңді естіп, көңілім көтеріліп отыр.

Picture 7 Тәрбиеші:

Наурыз гүлдер, алыңдар, жаңа тыныс,

Наурыз көк құс оралды қанатты ырыс.

Нәзік еді не деген жарықтық-ай,

Жан мейірімін оятқан жаратылыс, -

дей келе бүлдіршіндер биі «Кемпірқосақты» тамашалайық

5 бала Қар су болып жөнелді,

Қалды дала жалаңаш.

Күн нұрына кенелді,

Бүршік атып бар ағаш.



6 бала Наурызды халқымыз,

Жыл басы санайды.

Көнермес салтымыз,

Көктемдей арайлы.



7 бала Наурыз тойын ашайын,

Өлеңмен шашу шашайын.

Ұлыстың Ұлы күніне,

Үлесімді қосайын.

Тәрбиеші:

Ән салыңдар, би билеп шаттаныңдар

Ұлы күні Ұлыстың атқарыңдар!

Туындасын бұл күні бүкіл өнер,

Жығылмасын бүгінгі биші қыздар,-деп

Би «Бипыл»

Тәрбиеші: Сіздерді немерелеріңіз өте жақсы көреді. Сіздерге келеміз деген сөзді естігеннен-ақ сіздер туралы тақпақтар дайындап келеді.

8 бала

Таусылмайды өлеңі,

Күнде айтып береді.

Барған сайын бір жаққа.

Кәмпит алып келеді,

Әжем мені өйткені,

Өте жақсы көреді.

9 бала

Өскенде мен ал, енді,

Аралаймын әлемді.

Сыйлық әкеп әжеме,

Таң қалдырам бар елді.

Өте жақсы көремін,

Өйткені мен әжемді

10 бала

Атам менің әманда,

Әдепті жан бол деген

Ата сөзі санамда -

Жасы үлкенге жол берем.

11 бала

Атам менің әманда,

Кішіпейіл бол деген.

Ата сөзі санамда -

Мақтанбауды жөн көрем.

Ата: Өркендерің өссін, алтындарым! Менің айтқан өсиеттерім де естеріңде жүр екен ғой. Әжесі-ау, мына сәбилеріміз үлгілі, әдепті болып өсіп келеді екен, қуанып отырмын. Айтыскер ақындарды ортаға шақырайық.

«Қыз бен жігіт» айтысы

Бірге:

Оу, халайық, халайық,

Әсем әнге салайық.

Наурыз тойын көңілді,

Бірге қарсы алайық!

Қолдан келсе әзілдеп,

Енді айтысты бастайық.

Қыз:

Айтысуға өзіңмен,

Шығып тұрмын алдыңа.

Жасың сенің нешеде?

Білесің бе, Аңсаржан

Жігіт:

Құрбым кімге күлесің,

Өзің нені білесің.

Білгің келсе наурызда,

Мен алтыға толамын.

Қыз:

Бәтеңкенің бауын да,

Байлай алмай жүруші ең.

Үйрендің бе көйлекті,

Теріс қарай киюші ең.

Жігіт:

Олпы-солпы кигенің,

Ойыңды не түйгенің.

Намысыма құрбыжан,

Бүгін міне тимегін.



Бірге:

Ұлы Наурыз бәріңді,

Татулыққа шақырған.

Тоқтатайық айтысты,

Сөз қалған ба ақыннан.

Мен де айтыстан қашпаймын,

Достығыңды мақтаймын.

Қандай ақын болсаң да,

Жеңілемін деп саспаймын.

Әже: Ал, құлындарым! Әнді де орындап, би де билеп аталарыңның өсиетін тыңдап естеріңде сақтап жүр екенсіңдер. Оларыңа мың да бір тәуба! Ал енді қазақтың әдет-ғұрыптарынан хабарларың бар ма? Сол әдет-ғұрыптан аздап әңгіме айтайын, тыңдаңдар.

Бала дүниеге келгенде оған ат қояды. Сенің атың Айгүл, сенің атың Мұрат деген сияқты. Одан баланы бесікке салады. Бала бесікте таза болады, дене бітімі түзу болады, ұйқысы тыныш болады. одан бала аяғын тәй-тәй баса бастағанда, баланың тұсауын кеседі. Бала сонда сүріншек болмайды. Айтпақшы атасы-ау, үйдегі кішкене немеренің тұсауын мына балалар барда кесейін.

Ата: Е, оның орынды, балаларға айта ғой кішкене немерені алып келсін.

Қыз бала:

Беліңе қалта байладым,

Дәулетіңді асырсын,

Ішіне тәтті сайладым,

Қиындықты қашырсын!

Picture 4 Әже: Баланың тұсауын екі ұшында тиын бар ала жіппен кеседі. Ала жіп өмірде адал бол, ешкімнің ала жібін аттама деген сөз. Ұшындағы тиыны байлық болсын дегені. Жіптің екі ұшын аяғына байлап, ортасын кеседі.

Тәй, тәй, тәй, тәй!

Қаз-қаз, балам, қаз балам,

Қадам бассаң мәз болам.

Күрмеуіңді шешейін,

Тұсауыңды кесейін.

Қаз баса ғой, қарағым,

Құтты болсын қадамың.

Өмірге аяқ баса бер.

Асулардан аса бер.

(беліндегі қалтаны шешіп, тәттілерді шашады).

Тойға шашу шашылсын!

Халқымның нұры тасысын!

Шашу!

Picture 5 Тәрбиеші: Әже, көп нәрсе үйрендік, әдет-ғұрыптардан көп мағлұмат бердіңіз. Рақмет! Немерелеріңіздің басқан қадамы құтты болсын деп әннен шашу шашқымыз келіп отыр.

Ән: «Біз өмірдің гүліміз»

12 бала

Қарды ерітіп жылғасы,

Наурыз келді – Жыл басы.

Шуақ төкті жарық күн,

Мейрамында халықтың.

13 бала

Жылғалар былдырлап,

Тыншуды білмеді.

Сырғасы сылдырлап,

Тал-қайың бүрледі.

14 бала

Жан қалмасын жәй тұрған,

Мәз болсын жас, кәріміз.

Күй шертілсін, ән айтып,

Би билейік бәріміз.

Би: «Қаражорға»

Ата: Сендер әнші, биші екенсіңдер риза болып отырмын. Ал, енді сендердің күштеріңді сынағым келіп отыр. Қазақтың арқан тарту деген ұлттық ойыны бар, соны ойнайық. Тәрбиеші:

Қанеки, балалар, қарсы алып,

Ойнайық спорттық ойындар

Жарысқа түсейік жан салып,

Жарысты қыздырып, жеңіске жетейік.

  • Ал балалар, ойнайсыңдар ма?

  • Ия

Онда қазір «Арқан тартыс» ойынын ойнайық. Жеңген топ жеңімпаз атанады

Онда қазір «Арқан тартыс» ойынын ойнайық. Жеңген топ жеңімпаз атанады

Ата: Бәрекелді, күштерің де бар екен, үлкен азамат болып өсе беріңдер.

Ал балалар, жақсы өнер көрсеттіңдер.

Шайылғандай мұң, кірбің Наурыз тойда,

Жабықпайсың жаныңда наз ән бар да.

Нағыз әже ойлайды нағыз салтты,

Наурыз көже қайнайды қазандарда,-

деп сөз кезегін Наурыз көже пісірген, сіздерге арнайы дайындаған Әжеге берейік.

Әже: Адал астан бұйырған,

«Дәм татсын» деп жиылған.

Бидай салдым көжеге.

Мол болсын деп биыл нан,

Күріш салдым көжеге.

Болсын тойда палау да,

Ауыздан ақ кетпесін,

Содан ерін кеппесін,

Келген риза, кеткен тоқ.

Құтты халық, ет жесін!,- деп осы ақ дәмнен бәріңде ауыз тиіңдер, қарақтарым.

Тәрбиеші: Шапағатын аямай бұл шақта аспан,

Жадырайды әр адам мұң шақпастан.

Оу, ағайын, келіңдер, бүгін бізде

Наурыз көже құрт қатып, бұршақ қосқан.

Ата, әже сіздерді көріп балалар мәз болды. Сіздер де қуанып қалдыңыздар. Біздің қайтатын мезгіліміз жақындап қалды. Наурыз күні жастар қариялардан бата алатын болған. Енді Наурыз күні ата өзіңіз балаларға бата беріп, шығарып салсаңыз деген тілек бар.

Ата: Келіп қуантқандарыңа мың да бір рақмет. Көңілімізді көтеріп, өнерлеріңді көрсеттіңдер, өнерлерің өрге жүзсін, бақытты болыңдар.

Бата берейін

Сұрасаң бата берейін,

Ақ тілекті төгейін.

Еліме берсін берекет,

Қашсын сырқат – бәлекет!

Кірсін бейнет тесіктен,

Ескі жылым есірке,

Жаңа жылым жарылқа!

Дастарқаның мол болсын!

Абыройың оң болсын!

Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын!

Қайда барсаң жол болсын!

Әумин!

«Селт еткізер» салт бойынша Наурыз күні беріледі екен, мынау сынып балаларына арналған селт еткізер.

Picture 8

Тәрбиеші:

Осылай қызықтады бүгін халқым,

Ежелден келе жатқан дәстүр салтын

Ұлыстың ұлы күні жылдың басы,

Болғай ол білдірелік елдің парқын.

Көктем, көктем күллі өлке көгерер,

Наурыз тойым жыл басы боп келе бер.

Қадірменді қонақтар, бүлдіршіндер! Сіздерді тағы да ұлы мерекемен құттықтап, келесі Наурыз мейрамына дейін амандықпен жүздескенше қоштасып, бүгінгі мерекелік шараны жабық деп жариялаймыз.





















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
565
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі