Материалдар / Жағдаяттық есептер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жағдаяттық есептер

Материал туралы қысқаша түсінік
Құқықтану мамандығына арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Маусым 2021
2169
16 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

1 – есеп

Алматы облысының тұрғыны, азамат Қ.(отбасылы) ішімдікке мүлдем салынып кеткен. Ішімдік ішуді әбден әдетке айналдырып алып, соның салдарынан ішімдік үшін үй заттарын сатуға бел буады. Бұған келісімін бермей қарсы тұрған әйеліне ашуланып,мас күйінде, ызалы күйде үй заттарына зақым келтіреді, яғни сындырып,ойына келгенін жасайды. Әбден ыңғайға көнбей қойған күйеуінің үстінен әйелі учаскелік полиция қызметкерлеріне шағымдануға мәжбүр болып, жазбаша арыз түсіреді. Құқық бұзушыға қандай әкімшілік жаза қолданылады? Әкімшілік жазаны қолданудың ауырлататын немесе жеңілдететін жағдайлар көзделген бе?

Жауабы: ҚР ӘҚБтК-нің 9-1-тарауы, 79-5-бап, 1-бөлігіне сәйкес құқық бұзушыға 1аек – 3аек дейінгі мөлшерінде айыппұл салынады немесе 10 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алынады. Бұл құқық бұзушылықта жауаптылықты ауырлататын мән жай көрсетілген: ҚР ӘҚБтК-нің 62-бап, 10-бөлігіне сәйкес егер маскүнемдік, нашақорлық немесе уытқұмарлық масаю күйінде әкімшілік құқық бұзушылық жасау деп көзделген.



2 – есеп

Атырау қаласының тұрғыны азаматша Ж. өзінің жақын туысы азаматша Е-ге былапыт сөйлеп, оны сыйламай, ауызына келгенін айтады. Азаматша Ж.бұл кезде кішкене масаң күйде болатын.Онымен қоймай, себепсіз ұрып – соға бастайды. Азаматша Е. Жақын туысының сөзімен бірге себепсіз ұрып - соққанын көтере алмай учаскелік полиция қызметкерлеріне шағымданып, арыз түсіреді.Түсірген арызы қолдаусыз қалмай, қаралып, азаматша Ж-ға 10тәулікке әкімшілік қамауға алады. Әкімшілік жазаны өтеп болған азаматша Ж.5айдан соң дәл осы әрекетті жұбайы азамат Б-ға қайталап істейді. Құқық бұзушыға қандай әкімшілік жаза қолданылады?

Жауабы:ҚР ӘҚБтК-нің 9-1-тарау, 79-5-бап,2-бөлігіне сәйкес 3аек-5аек дейінгі мөлшерде айыппұл салынады немесе 10тәуліктен 15тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алынады.



3 – есеп

Үржар ауданының тұрғыны азамат С.алкогольдік спирт ішімдігін ішіп, мас күйінде заңды некедегі әйелі Б-ны еш себепсіз ұрып, балағаттап, ар – намысына тиетін сөздер айтқан. Яғни, құқық бұзушы отбасы – тұрмыстық қарым – қатынастағы азаматтарға сыйламаушылық көрсетіп, былапыт сөйлеп, кемсітіп, тыныштығын бұзатын басқа да әрекеттер жасаған. Осыған байланысты азаматша Б.учаскелік полиция қызметкеріне шағымданып, жазбаша арыз түсіреді. Құқық бұзушыға тиесілі әкімшілік жазаны анықтаңыз?

Жауабы: ҚР ӘҚБтК-нің 9-1-тарау, 79-5-бап, 1-бөлігіне сәйкес 1аек-3аек дейінгі айыппұл салынады немесе 10тәулікке дейінгі қамауға алынады.



4 – есеп

Көкшетау қаласының азаматы Г.сәбилі болып, енді туу туралы куәлік алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына тіркелуге келеді. Өзі орыс тіліне бейім болып, қазақша аздап білседе сауатты жаза алмайды. Туу туралы куәлікке тіркеуді жүзеге асыратын лауазымды тұлға бұл азаматтың қазақша толтыруын талап етеді. Яғни , жеке тұлғаның тіл таңдау құқығын шектейді. Құқық бұзушының іс – әрекетіне жаза тағайындаңыз?

Жауабы: ҚР ӘҚБтК-нің 10-тарау, 82-бабына сәйкес лауазымды адамдарға 5аек-20аек дейінгі мөлшерде айыппұл салыну көзделген.



5 – есеп

Павлодар қаласының тұрғыны азамат С.өзінің жеке автокөлігімен қатты жылдамдықпен келе жатып, жол полициясы қызметкерінің тоқтатуына байланысты тоқтайды.Азамат С.ауруханада жатқан әйеліне асығыс үстінде жылдамдығын арттырған болатын. Жол полициясы қызметкері азамат С-дан төлқұжаттарын сұрап, беруін қазақ тілінде талап етеді.Алайда, қазақ тілін мүлдем түсінбейтінін азамат С.жол полициясы қызметкеріне жеткізеді. Бірақта жол полициясы қызметкері бұған түсіністік танытудың орнына, керісінше оны кемсітеді.Яғни, тілге байланысты себептер бойынша кемсітеді.Әрекетке жаза тағайындаңыз?

Жауабы: ҚР ӘҚБтК-нің 10-тарау, 82-бабына сәйкес лауазымды адамдарға 5аек-20аек дейінгі мөлшерде айыппұл салыну көзделген.



Есеп №1

Азамат Е. 14 жасқа келген баласын кешкісін автовогзалдан күтіп алауға уәде етеді. Келе жатып бұрынғы танысын кездестіріп, екеуі әнгіме дүкен құрып уәде еткен уақытын жіберіп алады. Баласы әкесін күтіп қараңғыға қалады. Сол уақыттарда баласын бұзақылар ұрып – соғып денсаулығына зиян келтіріп, ұялы телефонын алып кетеді.

Сұрақ: Азамат Е.- нің іс - әрекетін қалай саралауға болады?

Жауабы: 111 – бап. 1 – тармақ.


Есеп №2

Азаматша С. өзінің кәмелетке толмаған жас балаларын бағдаршамның қасына тұрып қайыршылықпен айналысуға мәжбүрледі.Тапқан табысты ішімдікке жұмсап отырды.

Сұрақ: Азаматша С. - нің іс - әрекетін саралаңдар?

Жауабы: 111 – бап. 2 – тармақ.


Есеп №3


Ерлі зайыпты Д. және И. - дің жас баласы ұшынып ауруханаға түседі. Дәрігердің тексеру нетижесінде ерді – зайыпты баласына суық тиіп қалғанын көріп, оған ем болады деп спирттік ішімдікке бұрыш қосып бірнеше рет береді. Соның салдарынан бала ұшынып ауыр халге ұшырайды.

Сұрақ: Ерлі – зайыпты Д. Мен И. - дің әрекетіне баға беріңдер?

Жауабы: 111 – бап. 1 – тармақ.


Есеп №4

«ГигаНет» компьютерлік клубтың иесі азамат А. түн жарымда өзінің клубында кәмелетке толмаған жас балалар отырғанын көреді де оларға мән бермейді. Біраз уақыттарда балаларды заңды өкілдері іздеп келіп компьютерлік клубта жанжал шығарады.

Сұрақ: Осы болған жайтты саралаңдар?

Жауап: 112 – 1 бап. 1 - тармақ.


Есеп №5

Құмар ойын ойнайтын орында қомақты сомамен азамат Т мен Р және О ойын ойнап отырады. Мемлекеттік атқарушы органдардың тексеру нәтижесінде бұл азаматтардың кәмелетке толмағандары анықталады. Мекеменің қожайыны бұл туралы білмегенін айтып ақталады.

Сұрақ: Болған әрекетті саралаңдар?

Жауап: 112 – 1 бап. 1 – тармақ.


Есеп №6

Түнгі клуб «Виолетаға» арнайы шақыртылған қоңыраумен тексеруге патрульдік қызметкерлері келеді.Мән - жайды анықтау барысында түнгі клубта кәмелетке толмағандардың бар екендігі анықталады. Кәмелетке толмағандарды клубка кіргізген үшін бұл түнгі клуб екі мәрте әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын.

Сұрақ: Болған жайтты саралаңдар?

Жауабы: 112 – 1 бап. 3 - тармақ.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!