400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жағымды көңіл күй.Тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Психологилық тренинг
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тренинг тақырыбы: «Жағымды көңіл – күй»

Мақсаты: Сыныптағы ұйымшылдықты, бірлесуді дамыту, психологиялық  және дене қатаюынан,күштенуінен арылту, бітірушілерге өз күштерін  тексеруге, өзін терең білуге көмектесу, жағымды көңіл-күй

 қалыптастыру .

Тренинг барысы: 

I.Ұйымдастыру кезеңі 

Сәлемдесу (дәстүрлі емес)  жаттығуы

II. «Өзіңді тереңірек тани біл» жаттығуы
ІІІ. «Балалық шақтан қызықты оқиға» жаттығуы
IV «Суретті сал және екінші адамға бер» жаттығуы

V Жүйкелік-психологиялық қысымнан арылу тәсілдері» жаттығуы VI . «Мен ең сұлумын» Сергіту сәті
VII Қорытынды бөлім


I.Ұйымдастыру кезеңі 

Сәлемдесу (дәстүрлі емес) 
Мақсаты: Әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне  
жылулық сыйлау. 
Топтағы қатысушылар сыртқы және ішкі шеңберге бөлініп, бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Содан кейін бір-бірімен мынадай қимыл-қозғалыстар арқылы сәлемдесіп шығады: алақанның сырт жағымен, саусақпен, шынтақпен, иықпен, тіземен, т.б.  

ІІ. «Өзіңді тереңірек тани біл» жаттығуы
Нұсқау. Қазір сіздерге слайд арқылы бірнеше жеміс-жидектер көрсетіледі. Сол жеміс-жидектердің ішінен өзіңізге көбірек ұнайтынын таңдаңыз. Сол таңдау арқылы сіздің мінез-құлқыңыз қандай, соған тоқталайық. 
Қарбызды ұнататындар орнықты адамдар. Олар шиеленіске, жанжал, дау-дамайға бара бермейді. Еш уақытта еш нәрсеге шағымданбайды. Тұрмыс пен көңіл күйін тек қана өз күшімен жақсартуға ден қояды. Отбасында да үлгілі, артық ауыз сөзі жоқ. Кейде табандылық жағы ғана жетіспейді. 
Жүзімді ұнататындар өзінің де, өзгенің де сырын сақтай білетіндер. Бірақ мұндай тұйықтық, кейде шектен асып кетеді де, ел ондай адамдарға сенімсіздікпен қарауы мүмкін. 
Құлпынай ұнатсаңыз, сіз көңілді, қонақжай адамсыз. Елмен тіл табыса аласыз. Сізге сыпайылық тән, талғамыңыз нәзік. Ешкімге тәуелді емессіз. Дегенмен қызғаншақтығыңыз жоқ емес. 
Шабдаланы ұнататын адамдар көпшіл, кез-келген адаммен тіл табыса алатын ашық жарқын болып келеді. Сізден сыпайылық пен мәдениетті адамның белгілері айқын аңғарылып тұрады. Тек бір кемшілігіңіз-қиындықтарды ауыр көтересіз, кейде оларды жеңуге дәрменсіздік танытасыз. 
Егер сізге алма өте ұнайтын болса, жігерлі, бірақ аздап ескі көзқарастағы адамсыз. Өз бастығыңызға берілгенсіз, оның қандай тапсырмасын болса да, жан сала тиянақты атқаруға тырысасыз. Аздап ақын жанды, өз-өзіңізге риза адамсыз. 
Егер сіз шиені ұнатсаңыз, мінезіңіз жұмсақ, кішіпейілсіз. Өзгеге қуанышпен жақсылық жасау үшін кейде өзіңізге зиян келтіріп алуыңыз мүмкін. Өтірік-өсек сөзге жоқсыз, есесіне анекдоттарды ұнатасыз. Ал махаббат жөнінде сәби тәріздессіз, сізді оп-оңай өкпелете салуға болады. 
Қара өрікті ұнататындар өз атына айтылған сынды көтере алмайтындар. Олармен достық, жолдастық қарым-қатынас орнату да қиын болады. 

ІІІ. «Балалық шақтан қызықты оқиға» жаттығуы
Мақсаты: эмпатияны дамыту. 
Нұсқау: Қорапшаға билеттер салынады. Ол билеттердің арасында «балалық шақтан қызықты оқиға» деп жазылған. Кімге «балалық шақтан қызықты оқиға» билеті түссе, сол оқушы өзінің балалық шақта бастан өткізген қызықты оқиғасын айтып береді.  Өздеріңізді қалай сезінудесіз?  

IV .«Суретті сал және екінші адамға бер» жаттығуы

Мақсаты: Психологиялық және дене қатаюының күштенуінен арылту, топтыұйымдастыру. Нұсқау: Бір ақ парақ алып, ең жағымды қарандашты  тандаңыз.Мен шапалақ ұрғанда, сіздер нені қаласаңыздар соны саласыздар.Шапалақ ұрғанда көршіңізге сурет пен қарандашты бересіз. Сосын тағы 

шапалақ ұрып келесі адамға жалғаса береді, сөйтіп қағаз иелеріне келгенше жаттығу жалғасады. Мүмкін сіздердің біреулеріңіз өз суретін өзгерткісі келедіме, немесе жаңа сурет салғысы келеме. Талдау: Сурет ұнадыма?

Өз сезіміңізбен көңіл күйіңізбен бөлісіңіз?

Өзге адамның суретін жалғастыру қиын болдыма?

V. «Жүйкелік-психологиялық қысымнанарылу тәсілдері»Мақсаты: ӨЗін-өзі реттеу түсінігі мен таныстыру және жүйкелік психикалық қысымнан арылудың тиімді тәсілдерін ұсыну.

  • Релаксация – қатаю, релаксация – қатаю және осылайша қайталау.

  • Спорт сабақтары

  • Контрасты душ

  • Кір жуу

  • Ыдыс жуу

  • Саусақпен сурет салу

  • Газетті мыжып жане лақтыру

  • Өз қысымыңызды газетті мыжуға пайдалану, газетті мүмкіндігінше кішкентай етіп және алысқа лақтырыңыз

  • Газетті жақсылап жыртып, қоқыс тастағышқа тастау

  • Газеттің беттерін бояу

  • Сүйікті әніңізді дауыстап айту

  • Бірде жай бірде қатты айқайлау

  • Музыкаға билеу, бірде жай, бірде қарқынды

  • 10 рет терең демалу

  • Таза ауада серуендеу

  • Тісіңізді ішкі жағынан санау


VI . «Мен ең сұлумын» Сергіту сәті
Бұл сергіту жаттығуы үшін екі жеңсіз көйлек (немесе алжапқыш) және екі үшкіл орамал қажет. Қатысушылар екі командаға бөлінеді. Командалардың алдында 8-10 метр қашықтықта орындықтар қойылады, оларға бір жеңсіз көйлек пен үшкіл орамалдан қойылады. Жаттықтырушының белгісі бойынша команданың бірінші қатысушысы орындыққа жүгіріп келіп, жеңсіз көйлекті киеді де, үшкіл орамалды басына тағып, дауыстап: «Мен ең сұлумын»,- деп айтады. Содан соң жеңсіз көйлек пен үшкіл орамалды шешеді де, оларды орындыққа қойып, мәре сызығына қайтып оралады. 
Оның соңынан ілесісушы дәл соны жасайды.  

Қорытындылау Кері байланыс: 

Бүгінгі кездесуден не алдыңыз? Ішкі көңіл-күймен бөлісуін өтіну.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.03.2019
1006
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі