Жағымды сөздер
Мақсаты: Өзін-өзі одан әрі ашу, өзін-өзі тану, өзінің және айналасындағылардың психологиялық мінездемесін анықтау және талдау іскерлігін дамыту. Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Жүргізуші жағымды сөздер айта отырып, кез келген біреуге доп лақтырады. Допты алған ойыншы шеңбердегі қатысушылардың кез-келгенін таңдайды да, оған өз жағымды сөзін айтады, ойын жалғаса береді. Жағымды сөздер қысқа бір сөзден тұрса болады.
Талдау: Мақтау сөзді айту жеңіл болды ма? Мақтау сөзді естігенде өзіңізді қалай сезіндіңіз? Алған әсеріңіз қандай?
Микрофон алдында сөз сөйлеу
Мақсаты: Әр түрлі мамандық туралы білімді кеңейту.
Оқу орнының бір өкілі ( арнаулы орта, кәсіптік, жоғары) орта мектеп түлектеріне алдында тұрған мамандықты алуды ұсынады. Тыңдаушылар сөз сөйлеу соңында сұрақтар қоюы мүмкін. Ойыншылардың бәрі кезекпен оқу орнының өкілі ретінде сөз сөйлеп шығады. Ұсынылған мамандықтар талданады.
Талдау: Қай мамандықтың өкілі ретінде сөйлеу қиындық келтірді? Қиындығы неде болды ? Не туралы ойладыңыз? Қандай әсер алдыңыздар?
«Өмір кітабы»
Мақсаты:Логикалық ойлауды , шығармашылық қабілетті дамыту.
Топпен жұмыс кезінде қатысушылар өз өмірлері туралы немесе әріптесінің өмірі туралы оқиғаны тыңдайды. Бұл жаттығу кішкене топпен жұмысқа ыңғайлы (8-12). Әр қатысушыға қарындаш пен парақ беріледі.Сіз оларға не істеу керек екенін айтасыз.
1 Сен өміріңнің тирихын жазып отырмын де. Бүгін осы кітап қанша бөлімнен тұруы мүмкін? Осы бөлімдерді сен қалай атар едің?
2. Бөлімдерге ат қой және олар қалай басталатынын бір фразамен немесе бірнеше қысқаша сөйлемдермен жазыңыз. Осы бөлімде басты маңызды шешім немесе оқиға қандай?
3. Қазіргі кезеңге сәйкес келетін өміріңіздің бөлімін де жазыңыз?
4. Енді жазылмаған бөлімдер туралы ойла. Оларды жоспарла, оларға ат бер және қысқаша суреттеп жаз. (20-мин. беріледі)
5. Енді барлық қатысушылар 3 – 4 адамнан бөлініп , серіктеріне не жазғандарын әңгімелейді.
6. Содан соң топтардың бәрі бірге жиналады және әрбіреуі өз кітабының бір бөлімін әңгімелейді. Ол бөлім басқа қатысушылардың өзін жақсы түсінетін бөлімі болсын. Соңынан қысқаша қорытынды жасаңыз.
Талдау: Өмір тарихын жазу, бөлімдерге ат қою қиын болды ма? Не қиындық келтірді?
Не туралы ойладыңыз? Бір –бірлеріңізге сұрақ қойыңыздар?
Рөлдік ойын «Ғажайып жеміс»
Мақсаты: Сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Кедергіні шешу жолдарын
қарастыру.
1. Ойынға қатысушылар 3 адамнан топтарға бөлінеді: базардағы сатушы, аурухана меңгерушісі және парфюмерия фабрикасының иесі. 2. Әр ойыншыға міндетті көрсетілген нұсқау беріледі. Әрбіреуінің қажетті қанағаттанатындай салмақты түрде сөйлесу керек екені талап етіледі. Рөлдік ойынның нәтижесі топтың жалпы сессиясында талқыланады.
Нұсқаулар:
1. Сіз Алматының орталық базарындағы кішкене дүкеннің иесісіз. Сіз 17 дана ғажайып жемістің 1 данасын 1 доллардан сатуыңыз керек. Жемістер тым пісіп кеткен, ертеңге қалса езіліп кетуі мүмкін. Сіз 17 жеміске 8 доллар төлеп алдыңыз. Алдағы уақытта базар жабылады. Сіз тым алаңдаудасыз.
2. Сіз Алматыдағы балалар ауруханасын басқарасыз. Сізге ғажайып жеміс өте қажет. Қармағыңыздағы балаларды өлімнен құтқару үшін сол жемістердің ішіндегі өзегі керек. Базар жапқалы жатқан кезде данасы 1 доллар тұратын 17 ғажайып жемісті сатып тұрған дүкенді таптыңыз. Сізге 17- сі де керек, ал сізде 12 доллар ғана бар. Ауруханада ақша аз, сіз қалай болғанда да аз төлегіңіз келеді.
3. Алматының парфюмер фабрикасының иесісі. Сізге ғажайып жемісті тез арада сатып алу керек, себебі екі күннен соң қалаға бай туристердің үлкен тобы келеді. Өте қымбат тұратын иіс су дайындау үшін, осы ғажайып жемістің қабығынан алынған өнім қажет. Иіс суды бай туристерге сатқыңыз келеді. Осы жобаны іске асырмасаңыз компанияңыз күйіп кетеді де, 10 жұмысшыңыз жұмыссыз қалады. Базар жабылғалы тұрған кезде данасы 1 доллар тұратын 17 ғажайып жемісті сатып тұрған дүңгершікті таптыңыз. Жемістің 17- сі де керек, ал сізде 15 доллар ғана бар. Компанияда ақша аз болғандықтан, сіз қалай болғанда аз төлегіңіз келеді.
Топтағы рөлдік ойынның нәтижесін талқылау
-
1 топ
2топ
3 топ
Сатушы
Аурухана меңгерушісі
Парфюмерияның иесі
Психолог: Ж,Б.Төлеубаева.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз