жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Жағымсыз көңіл - күймен қалай күресуге болады" тренинг
«Бұлақ жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
ТРЕНИНГ
«Жағымсыз көңіл-күймен қалай күресуге болады?»
Мектеп психолог: Сайлауғазина.М.С
Тренинг тақырыбы: «Жағымсыз көңіл-күймен қалай күресуге болады?»
Тренинг мақсаты: Сыныптағы ұйымшылдықты, бірлесуді дамыту, психологиялық және дене қатаюынан, күштенуінен арылту, өзін терең білуге көмектесу, жағымды көңіл-күй қалыптастыру және өнімді іс-әрекетке кедергі келтіретін мінез-құлқын өзгертуге көмектесу.
Көрнекіліктер: А3-А4 қағаз беттері, фломастерлер, қарындаштар, стикерлер.
Тренингтегі құрал-жабдықтар: А4 қағазы, қалам, шар, стикер, майшам.
Тренинг құрылымы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Тренингтің мақсат-міндеттерін хабарлау.
ІІІ. Негізгі бөлім.
а)«Сәлемдеме хат» жаттығуы.
б) «Күншуақ» жаттығуы.
в) «Суретті сал және екінші адамға бер» жаттығуы.
г) «Жағымсыз жағдайдан құтылу» жаттығуы
ІV. Қорытынды бөлім.
б) «Қайта байланыс» жаттығуы
Тренингтің жүру барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі / амандасу, тренингке қатысуға келгендерге алғыс айту/
ІІ.Тренингтің мақсат-міндеттерін хабарлау.
ІІІ. Тренингке дайындық, ережесімен таныстыру.
Топта жұмыс істеу ережесі:
2. Біреуі сөйлейді, басқалары тыңдайды.
3. Болып жатқанға белсенді қатысу.
4. Әркім өз пікірін білдіруге құқылы.
5. Пайда болған ой, сезімдеріңді осы жерде және қазір айт.
6. "Басынан" "Аяғына" дейін жұмыс істеу.
ІV.Негізгі бөлім.
а) «Сәлемдеме хат» жаттығуы.
Мақсаты: Жағымды көңіл күй, сынып ұйымшылдығын арттыру, эмпатия сезімін амыту
Нұсқау: мен сіздерден өз сәлемдемелеріңізді параққа жазып, мына столдың үстіне қоюларыңызды сұраймын. Ал, енді бұларды араластырамын. Сіздер оны қайтадан алып, өзіңізге сәлемдемені оқисыздар. Қаласаңыз кездесудің естелігі ретінде өзіңізде қалдырасыз.
Талдау: Сәлемдеме жазу қиын болды ма?
Сіз сәлемдемені оқығанда өзіңізді қалай сезіндіңіз.
Тренингті жалғастыруға дайынсыздар ма?
б) «Күншуақ» жаттығуы.
Мақсаты: оқушылардың өз бойындағы жақсы қасиеттерін жаздыра отырып бсқалардың көзімен жақсы қасиеттерін білдіру арқылы сенімділіктерін арттыру
Нұсқау: «Күншуақ» деп жазылған парақ таратылады. Параққа өзінің 3 қасиетін жазу тарсырылады, парақ екінші адамның арқсына түйреліп, досы оның бойындағы жақсы қасиеттерін жазып шығады.
Талдау: Әр қайсысына жеке жеке қандай жақсы қасиеттерін достары жазғанын оқытып, талдату.
в) «Суретті сал және екінші адамға бер» жаттығуы.
Мақсаты: психологиялық және дене қатаюының күштенуінен арылту, топты ұйымдастыру
Нұсқау: Бір ақ парақ алып, ең жағымды қарындашты таңдаңыз. Мен шапалақ ұрғанда, сіздер нені қаласаңыздар соны саласыздар. Шапалақ ұрғанда көршіңізге сурет пен қарындашты бересіз. Сосын тағы да шапалақ ұрып, келесі адамға жалғастырыңыз. Сөйтіп сурет қағаз иелеріне келгенше жаттыңу жалғасады. Мүмкін сіздердің біреуіңіз өз суретін өзгерткіңіз келеді ме немесе жаңа сурет салғыңыз келеді ме?
Талдау: Сурет ұнады ма?
Өз сеніміңізбен, көңіл-күйіңізбен бөлісіңіз.
Өзге адамның суретін жалғастыру қиын болды ма?
г)«Жағымсыз жағдайдан құтылу» жаттығуы.
Алдарыңыздағы қағазға, көңіл күйге қаяу түсіретін жағдайды жазыңыздар. Оны ешкім оқымайды, көрмейді, сондықтан ашық, ұялмай қорықпай жазуға болады. Енді осы қағазды 2-ге бүктеп оны ұсақ бөліктерге бөлеміз. Енді сіздің жағымсыз мәселеңіз қоқыс болып қалды. Оны қоқыс шелегіне тастаймыз. Сіздердің көңіліңізді түсіретін жағдайға енді ешқашан қайтып оралмайды, оны еске түсірмей, жоққа шығарамыз деп ойлаңдар.
ІV. Қорытынды бөлім.
б)«Қайта
байланыс» жаттығуы
Оқушылар
шеңбер құра отырады да, допты әр қайсысы
кезекпен кезек ала отырып тренингтің
өткізілуіне байланысты өз ойларын
білдіреді:
- Тренингте ең бірінші
не ұнады?
- Не ұнаған жоқ?
-
Өзің жаңадан не білдің?
б) "Алған
әсеріңіз қандай?"- үлестірмелі
карточкалар /смайликтер/ арқылы
анықтау.
в) тренингке қатысушыларға
рахмет айта отырып, сабақты аяқтау.
Ұлағатты сөздер. Тақтадағы ұлағатты сөздерге көңіл аударайық.
«Көңіл-күй – ол күн. Күн – адамның жан дүниесін жылытады. Барлық жақсылық табиғатқа – күннен, ал өмірдегі жақсылық – адамнан. Осы сөздерді жазып, жаттап алайық. (Оқушылар хормен айтады)
Оқушылар өз көңіл-күйіне байланысты смайликті таңдап, соны өз бет әлпеттерімен көрсетеді. Сыйлық сыйлау.
Хаттама
Мерзімі: 15.03.2016 ж.
Тренинг тақырыбы: «Жағымсыз көңіл-күймен қалай күресуге болады?»
Қатысушылар: «қауіп тобы» қатысушылары, психолог
Мақсаты: Сыныптағы ұйымшылдықты, бірлесуді дамыту, психологиялық және дене қатаюынан, күштенуінен арылту, өзін терең білуге көмектесу, жағымды көңіл-күй қалыптастыру және өнімді іс-әрекетке кедергі келтіретін мінез-құлқын өзгертуге көмектесу.
15 наурызда психологтың жұмыс жоспары бойынша «қауіп тобы» қатысушыларына аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу «Жағымсыз көңіл-күймен қалай күресуге болады?» психологиялық тренингі өткізілді. Тренинг жаттығулар барысында негізгі тапсырмалар өзінің мінез-құлқын, ойлауын, жағымсыз көңіл-күймен күресуде әсерлі тәсілдерін оқыту, депрессия, жағымсыз ойларын бақылау дағдысын дамыту болып табылады. Қатысушалар тренинг жаттығуларына белсенді қатысып, өз пікірлерін еркін жеткізіп, әрбір қатысушы жағымсыз көңіл-күймен қалай күресетіні жөнінде тәжірибелерімен бөлісті.
Тренинг барысында мынандай «Сәлемдеме хат», «Күншуақ», «Суретті сал және екінші адамға бер», «Жағымсыз жағдайдан құтылу», «Жүйрік ой», «Қайта байланыс» жаттығулары талқыланды және өткізілді.
Психологиялық тренингтің қорытынды бөлімінде қатысушылар психологпен бірігіп жаттығуды аяқтап, әсерлерімен, пікірлерімен бөлісіп, өздерінің тілектерін айтты.
Психолог: Сайлауғазина.М.С

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген