400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жай бөлшектер мен аралас сандарды координаталық сәуледе кескіндеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:5.1C Жай бөлшектер

№46 А.С.Пушкин атындағы мектеп - лицейі

Күні: 23.10.18 ж

Мұғалімніңаты-жөні: Молдағалиева Зауре

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жай бөлшектер мен аралас сандарды координаталық сәуледе кескіндеу

Сабақ түрі

Жаңа материалмен танысу сабағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.5.3.3жай бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу;

Сабақ мақсаттары

Оқушылар координаталық сәуле бойынан нүкте координаталарын анықтай алады, сонымен қатар сәуле бойына жай бөлшектер мен аралас сандарды кескіндеуді үйренеді

Бағалау критерийлері

Оқушы сабақ мақсатына мына критерийлер бойынша жетеді:

- нүкте координатасы ұғымын біледі;

- бірлік кесіндіні анықтайды;

- координаталық сәуледе бейнеленген нүктелердің координаталарын анықтайды;

- жай бөлшекті координаталық сәуледе кескіндейді;

- аралас санды координаталық сәуледе кескіндейді.

Тілдік мақсаттар

Пәнгетән лексика мен терминология:

  • аралас сандар;

  • аралас санның бүтін және бөлшек бөліктері;

  • бір жарым, екі жарым, т.б.

  • координата;

  • координаталық сәуле;

  • бірлік кесінді;

Диалог пен жазуүшінпайдалысөздер мен тіркестер:

- бірлік кесінді … тең

- нүкте координатасы…тең

- ... нүктесін координаталық сәуледе кескіндеу үшін …..

Құндылықтарды дарыту



  • өзі мен өзгелерді сыйлау, түрлі пікірлерді сыйлау;

  • білім ала білу, өз бетінше ақпарат жинақтау, жағдаяттарды талдау, командада жұмыс істеу, өз жұмысының сапасына жауапкершілік сезіну;

  • сыныптастарының қажеттіліктерін, көзқарастарын көру және түсіну, сынды қабылдай білу; топта және жұпта жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Психологиялық тренингтер, математикалық логика

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім


Координаталық сәуле, бірлік кесінді, санақ басы, жай бөлшек, аралас сандар ұғымдарын білуі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут


Сабақ басында мұғалім мен оқушылар амандасады.

Мұғалім оқушылармен сабаққа ынтаны арттыруға бағытталған жаттығу орындайды.

«Көңіл күй қапшығы»

Оқушылар шеңбер бойына тұрып, өздерінің жаман көңіл-күйлері немесе сәтсіздіктерінің себебін айтады. Бұдан кейін сол жаман көңіл күйлерді ойдағы қапшыққа салып, қоқыс шелегіне лақтырады.


Сабақтың ортасы

3 мин











5 минут















10 минут










































2 минуты










5 минут


7 минут


Үй тапсырмасын талдау.

Оқушылар үй тапсырмаларымен ауысып, дайын жауаптар бойынша тексеру орындайды.

Өткен тақырыпты қайталау.

Слайд № 1.

Мұғалім оқушыларға анаграммалар ұсынады.

қандрокоиатыләлсуе

насқа ыбас

рікблі нісекід

лаарса нса

ажй өблкше

Анаграмманы шешіп болғаннан кейін мұғалім сұрақтар қояды:

- Осы ұғымдардың анықтамаларын кім айта алады?

- Осы ұғымдарға мысал келтіріңіз?

- Олар қалай байланысуы мүмкін?

- Сабақта біз қандай тақырыпты қарастырамыз?

- Сабақтың мақсаты қандай?

Слайд № 2.

Оқушылар сабақ тақырыбын, мақсатын қорытып, оны дәптерге жазады.

Дарытылатын құндылық: қарым-қатынастағы ашықтық..



Жаңа материалды енгізу.

Мұғалім оқушыларға дәптерлерінде практикалық жұмысты орындауды тапсырады. Оқушыларға орындау үшін нақты инструкциялар беріледі.

1) Ұзындығы 10 торкөзАВкесіндісін салыңыз.

2) АВкесіндісінің бойынан АС кесіндісінің ұзындығы 3 торкөз болатындай С нүктесін белгілеңіз.

3) АВкесіндісінің бойынан АDкесіндісінің ұзындығы DВ кесіндісінің ұзындығына тең болатындай D нүктесін белгілеңіз.

4) АВкесіндісінің бойынан DЕ кесіндісінің ұзындығы 4 торкөз болатындай Е нүктесін белгілеңіз.

Слайд № 3.

Оқушылар дайын сызба бойынша инструкцияны дұрыс орындағанын тексереді.



Оқушылар дәптерге келесі сұрақтардың жауаптарын жазады:

- AC кесіндісі АВкесіндісінің қандай бөлігін құрайды?

- ADкесіндісі АВкесіндісінің қандай бөлігін құрайды?

- AEкесіндісі АВкесіндісінің қандай бөлігін құрайды?

Жауаптарды тексергеннен кейін оқушылар пратикалық жұмыстың екінші кезеңіне көшеді.

Мұғалім дәптерде санақ басы Онүктесінде болатын, бірлік кесіндісі 10 торкөз болатын координаталық сәуле сызуда тапсырады.

Слайд № 4.

Оқушылар өз шешімдерін тексеріп, келесі сұрақтарға жауап береді:

- Қалай ойлайсыңдар, нүктесінің координатасы қай жерде болады?

Оқушылар өз нұсқаларын ұсынады.

- нүктесін қайда белгілеу керек?

- нүктесін қайда белгілеу керек?

- нүктесін қайда белгілеу керек?

- нүктесін белгілеу үшін бірлік кесіндіні қандай етіп алу керек?

Слайд № 5

- Мына суретті қалай түсіндіре аласыздар?



Сұрақтарға жауап бере отырып оқушылар жай бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеудің ережесін өз бетінше қорытуға бағдарланады.


Сергіту сәті.

Оқушылар орындарынан тұрып, мұғаліммен бірге жаттығулар орындайды.

Бір – созыламыз, созыламыз,

Екі – жиырыламыз, жазыламыз,

Үш – алақанды үш соғамыз,

Басымызды үш иеміз.

Төрт дегенде – қолды жаз.

Бес – қолды сермейміз,

Алты – отырамыз.

Фронталды жұмыс.

Слайд № 6-11.

Оқушылар жауаптарын «мини тақталарға» жай бөлшек немесе аралас сан түрінде жазады.

Тексеру слайдтағы дайын жауаптар бойынша жүргізіледі.

Бекіту

Оқушылар бөлшектерді координаталық сәуледе бейнелеу дағдыларын бекітуге бағытталған тапсырмаларды орындайды. Сабақ соңында мұғалім оқушылар өздерін өздері тексеру үшін жауап парағын таратады.


Дарытылатын құндылықтар: оқушылар бір-бірін сыйлауды, академиялық адалдықты дарытады.

Дескриптор: Білім алушы

- дұрыс және бұрыс бөлшекті айырады;

- сәуле бойын бөлшек сандарды белгілейді;

- сәуле бойына дұрыс бөлшек және аралас сандарды белгілейді.

Үй тапсырмасы.

Мұғалім карточкадағы тапсырмаларды түсіндіреді.




Презентация.






























































http://nsportal.ru/shkola/raznoe/library/2015/03/01/fizminutki-na-urokakh-matematiki



http://le-savchen.ucoz.ru/




Қосымша 1

FreeMathWorksheets @ http://www.mathworksheets4kids.com

Сабақтың соңы

5 минут

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жасайды.

“Ыстық орындық” әдісі

Кабинеттің ортасына орындық қойылып, оған бір оқушы шақырылады. Алғашқы оқушы анықталғаннан кейін, орындыққа отырғызылып, мұғалім сыныпқа сабақ тақырыбы бойынша кезекпен сұрақ қоюды ұсынады.


Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз?

Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы

Сабақ барысында жұптық жұмыста және ке жұмыс барысында оқушылар негізгі және жоғарғы деңгейлер бойынша саралау орындалады.

Әрбір сабақ кезеңі барысында мұғалімнің тиімді және конструктивті кері байланысы беріледі. Жұптық жұмыс барысында дайын жауаптар бойынша өзара бағалау, жеке жұмыс барысында өзін өзі бағалау жүзеге асады.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері орындалады

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақ барысында сынып туралын емесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесіс абақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
698
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі