400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жай бөлшектерді және аралас сандарды координаталық сәуледе кескіндеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5.1.CЖай бөлшектер

Мектеп: «Тұрмыс-1» ЖОМ

Күні:25.10.2018ж

Мұғалімнің аты-жөні: Болтай Нұрдаулет Елубекұлы

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтақырыбы

Жай бөлшектерді және аралас сандарды координаталық сәуледе кескіндеу


Сабақтыңтүрі

Жаңа ұғымды меңгерту сабағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

5.5.3.3

жай бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу;

Сабақмақсаттары

Оқушыларды:

  • координаталық сәуледе нүктені орналастыру арқылы, талдай отырып деректер беруге, көлемді, толық жауаптар беру арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, практикалық дағдысын қалыптастыру;

  • координаталық сәуле,нүктенің координаты, бірлік кесінді ұғымын меңгеруіне, координаталық сәулені бейнелей білуге, жай бөлшектер мен аралас сандардың координаталық сәуледе орнын анықтай білуге үйрету

Бағалау

критерийлері


Білу

координаталық сәуле, нүктенің координаты, бірлік кесінді ұғымын біледі

Қолдану

жай бөлшектер мен аралас сандардың координаталық сәуледегі орнын анықтай алады.

Тілдікмақсаттар

Пәнгетән лексика мен терминология:

Жай бөлшек, дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек, аралас сан, координаталық сәуле, бірлік кесінді, нүктенің координатасы,...

Құндылықтардыдарыту


Ынтымақтастық:Төзімділік, ынтымақтастық, өзара сыйластық, белсенді қарым- қатынас, өзіндік шешім қабылдауды үйрену жаңаны тез игеруге дайын болу.

Академиялық адалдық: Топпен, жұппен жұмыстану барысында бір – бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, жауапкершілік, мақсатқа ұмтылу, академиялық адалдық ұстанымдарын сақтау, идеялармен алмасуға, талқылауға және жұптық, топтық жұмыстарды бағалауға дайын болу.

Пәнаралықбайланыстар

Алған білімдерін физика, химия, информатика пәндерінде қолдану

АКТ қолдану дағдылары

Презентация, ActiveInspairтақтасымен жұмыс жасау

Бастапқы білім


Сәуленің түсінеді және сыза біледі. Жай бөлшектерді, соның ішінде дұрыс және бұрыс бөлшектерді біледі. Бұрыс бөлшектерді аралас санға айналдыра біледі.

Сабақбарысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут







Оқушылармен амандасу, түгендеу.

Ой түрткі:

  1. Үлес дегеніміз не?
    2. Жай бөлшектің алымы, бөлімі нені көрсетеді?
    3. Жай бөлшектің негізгі қасиеті?
    4. Дұрыс бөлшек дегеніміз не?
    5. Бұрыс бөлшек дегеніміз не?
    6.
    Аралас сан дегеніміз не?










5 минут

  1. Сәйкестікті анықтаңыз:

Тарсия бағдарламасымен дайындалған тапсырмалар қиылып, араласып беріледі. Оқушылар сәйкестікті анықтайды.

Бағалау критерийлері

Дескриптор

Дұрыс және бұрыс бөлшектерді ажырату;

Бұрыс бөлшекті аралас санға айналдыру;

Жай бөлшектерді қысқартуда бөлшектің негізгі қасиетін қолдану;

Дұрыс және бұрыс бөлшекті ажырата біледі

Бөлшек дұрыс қысқартылған

Бұрыс бөлшекті аралас санға дұрыс айналдырған



«Тарсия»

бағдарламасы





10 минут

















Жаңа сабақ:Жай бөлшектерді және аралас сандарды координаталық сәуледе кескіндеу

Тапсырманы орындау алгоритмі:

  1. Ох сәулесін сол жақтан оң жаққа қарай сызыңдар;

  2. Ох сәулесінің бас нүктесі – О нүктесіне 0 санын сәйкестендіріп, О нүктесін санақ басы етіп алыңдар.

  3. Ох сәулесінің бойынан ұзындығы 5 см кесіндіні алып, кесіндінің ұшына 1 санын сәйкестендіріп, А нүктесімен белгілеңдер. (ОА бірлік кесінді)


Тапсырма барысында мынадай сұрақтарға жауап береді.

  1. Ох сәулесінің бойындағы бір нүктеге неше сан сәйкес келеді?

  2. Координаталық сәуле қалай сызылады?

  3. Бірлік кесінді деп нені түсінесің?

  4. Координаталық сәуленің санақ басы қайсы нүкте?

  5. Нүктенің координатасы дегеніміз не?

  6. Дұрыс және аралас бөлшектерді координаталық сәуледе қалай кескіндейді?

Жұмыстарын аяқтаған соң топтар тақтада постерлерменқорғап, қорытынды жасайды.









10 минут

Топтық жұмысЛогикалық есеп:

1 топқа: 1 м 50 см матаны ешбір өлшеу құралдарын пайдаланбай, 45 см матаны қалай қиып алуға болады? Жауабы: матаны 5 бөлікке бөлу, әр қайсысы 30см, екіншісін тағы 2 ге бөлеміз.

2 топқа: 1м 20см матаны ешбір өлшеу құралдарын пайдаланбай, 45 см матаны қалай қиып алуға болады? Жауабы: матаны 4 бөлікке бөлу, әр қайсысы 30см, екіншісін тағы 2 ге бөлеміз.

3 топқа: 1м 40см матаны ешбір өлшеу құралдарын пайдаланбай, 35см матаны қалай қиып алуға болады? Жауабы: матаны 2 бөлікке бөлу, әр қайсысы 70см, екіншісін тағы 2 ге бөлеміз

Әр топтың тапсырмасын дескриптор арқылы «карусель» әдісімен тексереді.



10 минут

Жұппен жұмыс:

№1. Бірлік кесінді ретінде 10 см кесіндіні алып, координаталық сәуле сызыңдар. Оның бойынан: А( ), В( ), С( ), D( ) нүктелерін белгілеңдер.

№2. Бірлік кесінді ретінде 6 см кесіндіні алып, координаталық сәуле сызыңдар. Оның бойынан: , , , 2 бөлшектерін кескіндейтін нүктелерді белгілеңдер.

№3. Жұмысшылар жолдың берілген ұзындығына 12 күнде асфальт төсеп болды. Әрбір күндегі осындай жұмыс көлемін сақтай отырып, олар 5 күнде және 10 күнде жолдың қандай бөлігіне асфальт төседі? Координаталық сәуледе кескіндеп көрсетіңдер.


Сабақтың соңы


3 минут

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын тақырып критерийлері бойынша бағалайды.



Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз?

Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы

Дифференциациялық тапсырманы ұсыну

Оқушылардың топтық және жеке жұмыстарға қатысуын бақылау, дұрыс бағыт беру үшін кері байланыс жасау және қалыптастырушы бағалау жұмыстарын беру арқылы жеке оқудағы жетістіктеріне көздерін жеткізу

Оқушылардың денсаулығы мен өмірлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Психологиялық жағымды ахуал туғызу, сергіту сәтін ұйымдастыру; Сабақ алдында бөлмені желдетіп алу

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Білімін актуалдандыру үшін теориялық түсінікті қайталауға берілген қысқа жауапты сұрақтар.

2: Әр оқушының жеке жауапкершілігі, белсенділігі сабақтағы алға қойылған мақсатқа кол жеткізуге зор ықпалын тигізді.

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1: Тайм менеджмент

2:Берілген тапсырмаларды оқушылардың өздері толық орындалуы үшін негізгі түсініктерді, ұғымдарды толық білуі керек.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қараша
695
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі