400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жай бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу. 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жай бөлшектер аралас сандарды координаталық сәуледе кескіндеу тақырыбы бойынша сабақ жоспарын пән мұғалімдеріне қолдануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.1С

Мектеп: №69 МГ

Күні: 9.06.2017

Мұғалімнің аты-жөні: Азатхан Маржангуль

Сыныбы: 5

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Жай бөлшектерді және аралас сандарды координаталық сәуледе кескіндеу.

Сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

5.5.2.3

жай бөлшектерді, аралас сандарды координаталық сәуледе кескіндеу;

Сабақтың мақсаты:

Жай бөлшектер мен аралас сандарды координаталық сәуледе кескіндей алу.

Жетістік критерийлер:

Барлығы: координаталық сәуледе жай бөлшектерді кескіндеу алгоритмін біледі;

Көпшілігі: жай бөлшектерді және аралас сандарды координаталық сәуледе кескіндей алады;

Жекелеген: координатасы бойынша нүктені белгілеп, берілген нүкте бойынша координатасын таба алады.

Тілдік мақсаттар


Тілдік мақсат:

- координаталық сәуледе жай бөлшекті кескіндеу алгоритмін түсіндіреді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • Координата басы, нүктенің координатасы, бірлік кесінді.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • Жай бөлшекті координаталық сәуледе кескіндеу үшін ...

бірлік кесінді ретінде алынады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларда өз бетімен жұмыс істеу мәдениетін дамыту, ұйымшылдыққа үйрету, бірін-бірі сыйлау, сыни тұрғыдан ойлау.

Пәнаралық байланыс

География (тапсырма)

Акт қолдану дағдылары

Интерактивті тақта, PowerPoint бағдарламасы

Бастапқы білім


Координаталық сәуле және бірлік кесінді ұғымын білу, натурал санды координаталық сәуледе кескіндеу. Дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек, аралас сандар

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

Сабақтың басы

4 минут

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Зейінін шоғырландыру:

  • психологиялық ахуал туғызу:

  • бір-біріне жақсы тілек айтып, көңіл-күй сыйлау.

Ұлттық құндылықты бағалау негізінде қоржындағы асықтар арқылы топқа бөлу (аралас топ)


Асықтар, сақа, қоржын

Білу

5 минут

Қызығушылықты ояту.

ЖЖ

«Қане бөлісейік» әдісі бойынша кестені толтырады

Бөлшектер

дұрыс

бұрыс

Аралас сандар

, , ,

,




ҚБ: жұппен бірін-бірі бағалайды.

Үй жұмысын тексеру және қателері болса талдау.

ҚБ: мадақтау

кесте


Сабақтың ортасы

Түсіну

8 минут


























Қолдану

20 минут















































Сабақтың соңы

8 мин

Мағынаны тану.

Координаталық сәуледе жай бөлшектi кескiндеу үшiн:

1) бөлшектiң бөлiмiнде қандай сан болса, бiрлiк кесiндiнi сон-

ша тең бөлiкке бөлу керек;

2) бөлшектiң алымында қандай сан болса, бiрлiк кесiндiнiң

сонша бөлiгiн алу керек.

Жаңа сабақ.

ТЖ: алгоритмді пайдалана отырып, тапсырманы орындайды.

«Ортақ нәтижеге жету» стратегиясы

  1. Координаталық сәуле сыз;

  2. Координаталық сәуле бойынан бірлік кесінді дәптердің 5 торкөзіне тең болатындай белгіле;

  3. Координаталық сәуле бойынан координатасы болатын А нүктесін белгілеу керек.

  4. нүктесі болатын В нүктесін белгіле;

  • Тапсырма интерактивті тақтадағы сызбамен салыстырылады, түсіндіріледі.

  • Оқушылар орындалған тапсырма бойынша алгоритмін ауызша тұжырымдайды:

  • ҚБ: өзін-өзі бағалайды.

ТЖ

«Сызбаны сөйлет» әдісі.

Сызба бойынша сұрақтарға жауап беру:

  1. Бірлік кесінді ретінде дәптердің қанша тор көзі алынған?

  2. нүктесі қалай белгіленген?

  3. нүктесі қалай белгіленген?


  • ҚБ: қолдау, мадақтау

  • №437

Координаталық сәуледе А, В, С және D нүктелерiне қандай

сандар сәйкес келедi (3.15-сурет)? А, В, С және D нүктелерiн

  • координаталарымен жазыңдар.

ҚБ: дескриптор:

  • Координаталық сәуледе берілген нүктенің координатасын жазады;

  • Нүктелерді координаталарымен оқи алады.

  • №439,

Бiрлiк кесiндi ретiнде 4 см кесiндiнi алып, координаталық сәуле

сызыңдар. Оның бойынан: А нүктелерiн белгiлеңдер.

ҚБ: дескриптор:

  • Координаталық сәуледе бөлшектерді кескіндейді;

  • Сызбамен сауатты жұмыс жасай білу.

Сергіту сәті: «Бобер» биі

ЖЖ

№443

Қасқыр түлкіні көрiп, қуа жөнелдi. 1) қасқырдың тұрған

жерiне сәйкес нүктенi әрiппен белгiлеп, оны координа-

тасымен жазыңдар; 2) түлкінің тұрған жерiне сәйкес

нүктенi әрiппен белгiлеп, оны координатасымен жазыңдар;

3) түлкі қасқырдан бiрлiк кесiндi есебiмен қандай қашықтықта?

Бөлшекпен жазыңдар (3.17-сурет).

ҚБ: бірін-бірі бағалайды.

Жоғары ойлау дағдыларын қалыптастыруға арналған тапсырма: №457

Координаталық сәуленің санақ басы (О нүктесі) Ақтөбе

қаласына сәйкес.

1. Қазақстанның картасын пайдаланып, координаталық

сәуледегі сұрақ белгісімен белгіленген нүктеге қай қала сәйкес

екенін табыңдар.

2. Координаталық сәуле бойында нүктелермен кескінделген

қалалардың координаталарын жазыңдар.

ҚБ: «екі жұлдыз, бір тілек».

«Ой толғаныс».

Семантикалық карта.



















ҚБ: бағдаршам.

Үй тапсырмасы: №449 шығармашылық тапсырма.

Рефлексия.

Сабақ қалай өтті?

Мен сабақта не істедім?

қорытынды

  • Қызықты маған ұнады:

  • Жақсы:

  • Қызықсыз болды:

  • Топпен жұмыс

  • Жұппен жұмыс

- Жекелей жұмыс

- Барлығын түсіндім

- Түсінбеген сұрақтарым бар

- Ештеңе түсінбедім



слайд





















слайд










Оқулықпен жұмыс

















Клип

















Қазақстанның георгафиялық картасы









слайд

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Жұптық жұмыс арқылы оқушылардың бір-біріне түсіндіруі, қолдау көрсетуі ескерілді; топтық жұмыс арқылы оқушылардың өзара байланыс орнатуына мүмкіндік берілді; жекелеген жұмыс арқылы оқушының жеке қабілетін арттыру ескерілді.

Сабақ барысында қолдау, мадақтау;

Дескрипторлар;

Өзін-өзі бағалау;

Бірін-бірі бағалау;

Бағдаршам;

«Екі жұлдыз, бір тілек»

Интерактивті тақтаны сабақ барысында қолдану уақытын асырмау.

Сабақ ортасында сергіту сәтін ұйымдастыру.

«Бобер» биі.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
1932
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі