жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жай бөлшектерді қосу және азайту
|
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 5.2АЖай бөлшектерге амалдар қолдану |
Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар: Қатыспағандар: |
|||||
|
Күні: |
|
|||||
|
Сынып: 5 |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Жай бөлшектерді қосу және азайту 1-сабақ. Жаңа сабақ |
|||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
5.1.2.17 бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу және азайтуды орындау 5.1.2.18 бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосу және азайтуды орындау |
|||||
|
Сабақтың мақсаты |
Барлығы: - бөлімдері бірдей және бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосу және азайту мен натурал саннан бөлшекті азайтудың ережесін біле отырып, есептер шығарады Кейбіреуі: - жай бөлшектерді қосу және азайту амалын мәтін есептер шығаруда қолдану |
|||||
|
Бағалау критерийі |
|
|||||
|
Тілдік мақсаттар |
Пәнге қатысты лексика мен терминология: Қосу,азайту,алым,бөлім,жай бөлшек,дұрыс бөлшек,бұрыс бөлшек Диалогқа /жазылымға қажетті тіркестер: -бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу (азайту) үшін,...керек; -бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосу (азайту) үшін,...керек; -толықтауыш көбейткішті табу үшін,...керек; -бірінші бөлшектің толықтауыш көбейткіші ... болады; |
|||||
|
Құндылықтарға баулу |
-Өз бетімен, топпен жұмыс жасау мәдениетін дамыту -бірін-бірі сыйлауға, бірлікке, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа үйрету, сыни тұрғыдан ойлау, жауапкершілікке баулу |
|||||
|
Пәнаралық байланыс |
Арифметика, геометрия |
|||||
|
Алдыңғы білім |
Жай бөлшек, дұрыс және бұрыс бөлшек ұғымын біледі; натурал сандардың ең кіші ортақ еселігін таба алады |
|||||
|
Сабақ барысы |
||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
||||
|
І. Ұйымдастыру кезеңі 2 мин |
Оқушылармен амандасып, оларды түгендеп, сабаққа дайындығын тексеру. Көршіңмен амандасу түрлері (жаттығу жасау) Қазақтар қол алысады Италияда құшақтасады Бразилияда бір-бірінің иығын қағады Никарагуада арқасымен Австралияда шапалақпен. Оқушылар арасында белсенділікті арттыру мақсатында топтарға бөлінеді Мұғалім үй тапсырмасын сабақ соңында оқушылардың жұмыс дәптерлерін жинап, тексереді. Өткен сабақты қайталау мақсатында оқушыларға сұрақ қойылады: -Жай бөлшек дегеніміз не? -Жай бөлшектің неше түрін білеміз? Осы сұрақтың жауабын (дұрыс, бұрыс, аралас сан) білгеннен кейін сол бойынша оқушыларға кеспе қағаздары таратылып аралас топқа бөлеміз. І топ: дұрыс бөлшектер ІІ топ: бұрыс бөлшектер |
Үлестірмелі кеспе қағаздары |
||||
|
Сабақтың ортасы 3 мин
7 мин
10 мин
2 мин
7 мин
|
Математикалық диктант
Миға шабуыл-кластер құрастыру топтық жұмыс «Дұрыс бөлшектер»тобы тапсырма: Оқушыларға жұптасып, 2х4 өлшемді тіктөртбұрыш салу және оны бірдей сегіз бөлікке бөлу ұсынылады. 3/8 бөлігін көк түске, ал 2/8 бөлігін қызыл түске боятқызып, сұрақтар қоямын. 1.Тіктөртбұрыштың барлығы қанша бөлігі боялған? 2.Орындалған әрекетті санды өрнектің көмегімен қалай жазуға болады? Дескриптор:
Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосқанда олардың алымдарын қосып, алым етіп, сол бөлімнің өзін қалдыру керек.
Бөлімдері бірдей бөлшектерді азайтуды қалай орындау керектігін түсіну үшін жұппен практикалық жұмыс орындайды:
«Бұрыс бөлшектер»тобы тапсырма. Берілген дескриптор бойынша есепті шығарып, тұжырым жаса
Дескриптор: 1.Бөлшектерді ортақ бөлімге келтіреді 2.Ортақ бөлімді әр қосылғыштың бөліміне бөледі (осы бөлгіш толықтауыш көбейткіш). 3.Толықтауыш көбейткішті қосылғыштардың алымдарына көбейтеді 4.Бөлімін өзін жазып, алымдарын қосады 5. Осы шығарылған мысалға қарап, тұжырымдама айтады. Өткен сабақты қорытындылау. Мұғалім әр топтың мүшесінің біреуінің пікірін тыңдап, мадақтау арқылы әр топты бағалайды.
«Баспалдақ» стратегиясы(деңгейлік тапсырмалар)ЖЖ «Баспалдақ» стратегиясы арқылы әр оқушы өз деңгейіне байланысты баспалдақ сатысының төменнен жоғарыға қарай (есептің жеңілінен күрделісіне бағытталған) шығатын есептер мен тапсырмаларды орындайды. Оқушылардың алдына 3 түрлі түсті смайликтің артына жазылған тапсырма беріледі. Мұғалім сырттай бақылай отырып, дұрыс шығарған оқушының басынан сипау арқылы дұрыс екендігін білдірсе, есепте қателік кездескен жағдайда қайта қарау керек екенін ескертеді. Дұрыс есеп тақтадағы баспалдақтың суретінің үстіне жабыстырады.
І деңгей: 1. Берілген бөлшектерге қосу және азайту амалын орындап, есепте. А)7/10+3/10=? В )5/11+6/11=? С)1/3+2/3=? Дескриптор: 1) Бөлшектің бөлімін сақтап, алымдарын қосады 2. Бөлімдері әртүрлі бөлшекті қос және азайт: А)2/7+1/3=? В) 5/6+2/9=? С)2/8+1/3=? Дескриптор: - Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосу үшін: 1) бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіреді; 2) бөлімдері бірдей бөлшектерді қосады - Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді азайту үшін: 1) бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіреді;
2) бөлімдері бірдей
бөлшектерді азайтады 1.Сурет бойынша есеп құрастырып шығар
+ = ?
+ = ?
–
= ?
Дескриптор: 1) Берілген суреттің боялған бөлігін бөлшек түрінде жазады; 2) Бөлшектерді қосу және азайту ережесін пайдаланып, есептейді ІІІ деңгей:
Дескриптор:
Әр топ бір-бірін «Бас бармақ» стратегиясымен бағалайды.
Сергіту сәті
«Жұптас, ойлас, бөліс» әдісі- оқулықпен жұмыс жарыс түрінде «Дұрыс бөлшектер»тобы : № «Бұрыс бөлшектер»тобы : № |
Топаралық бағалау
Түрлі түсті смайликтер, баспалдақ сурет Өзін-өзі бағалау
|
||||
|
Қорытынды 5 мин
3 мин
1 мин
|
Тест
Рефлексия «Бес саусақ» стратегиясы
Үй тапсырмасы: №439,114бет |
Үлестірме қағаздар Өзін-өзі бағалау
Ақ қағаз |
||||
|
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық және
қауіпсіздік техникасын
сақтау |
||||
|
Деңгейлік саралап оқыту технологиясы – оқушылардың орындаған тапсырмалары, олардың жетістіктері мен кемшіліктерін анықтауға мүмкіндік берді. Сабақ барысында оқушылардың қажеттіліктерін анықтау мақсатында оларды аралас топқа бөлдім. Сабақтың ортасында «Баспалдақ стратегиясы» арқылы әр топқа түрлі түсті смайликтердің артына жасырылған деңгейлік тапсырмаларды беріп, әр саты бойынша жоғары көтерілуін қадағалап, мұғалімнің көмегін қажет еткен оқушыларға жағдай жасалды. Сергіту сәтінен кейін мұғалімнің нұсқауымен қабілетті оқушыларды бір топқа жинақтап, қалған жақсы оқитындар мен орташа деңгейдегі оқушыларды бір топқа саралап алды. Мұғалім қабілетті оқушыларға күрделі тапсырма беріліп, ал қалған топтағы оқушыларға ортаға тапсырма беріп, бір-біріне көмектесуін қадағалады Мұғалім қажетті білімнің оқушы үшін қай жері қиын болғанын анықтап, қосымша тапсырмалар арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыруға жағдай жасады. |
Сабақ мақсаты мен оған қойылған бағалау критерийлері арқылы оқушылар бағаланды. Әр тапсырмаға дескрипторлар құрылып, сол бойынша оқушылар жұмыс жасап, өздерінің деңгейлерін біліп отырды. Миға шабуыл стратегиясында мұғалім оқушыларды мадақтау арқылы бағалады, кері байланыс жасады. Қажеттілікті анықтағаннан кейін соған сәйкес берілген деңгейлік тапсырмаларды «Баспалдақ» стратегиясында мұғалім оқушылардың жауабын басынан сипау арқылы, ал әр топ бір-бірін «Бас бармақ» стратегиясы арқылы бағалады. Сабақтың соңғы кезеңінде берілген тапсырмаға оқушылар қол шапалақтау арқылы бағалайды. Сабақты қорытындылай келе «Бес саусақ» стратегиясында қолдарына ақ қағаз алып, өздерінің қолының суретін салып, сызба бойынша өздерінің сабақ барысындағы алған білімі мен көңіл күйін жазады. |
Оқу кабинетінің санитарлық тазалығын қадағалап, қауіпсіздік техникасы сақталды. Сергіту сәтінде оқушылардың бойын жазуға арналған жаттығу жасалды |
||||
|
Сабақ бойынша рефлексия |
|
|||||
|
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? |
||||||










Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген