жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жай есептер мен мысалдарды шығару
Алматы қаласы, Алатау ауданы «N95 бөбекжай-балабақшасы»
Тәрбиеші: Ақылбекқызы Алтынай
Жетекші: Дуйсенбаева Зухра Жылқыбаевна
Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі
Күні:02.03.2020ж
Білім беру саласы:Таным
Білім беру бөлімі: Математика негіздері.
Тақырыбы: Жай есептер мен мысалдарды шығару.
Мақсаты:
Білімділік: сандарды заттардың санымен сәйкестендіре білуге, заттарды реттік және есептік санау, тура және кері санау дағдыларын жетілдіру.
Дамытушылық: зейіндерін, логикалық ойлау қабілеттрін дамыту.
Тәрбиелілік: жинақылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Қажетті көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, демонтрациялық материалдар.
Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, түсіндіру, тапсырмалар, ойын, сұрақ-жауап.
|
Оқу іс- әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс- әрекеті |
Балалардың іс- әрекеті |
|
Мотивация қозғаушылық |
Шаттық шеңбері: Құтты қонақ келіпті, Төрімізге еніпті. Сәлем дейік бәріміз, Сәлеметсіздерме апайлар, Сәлеметсіңдерме балалар.
Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Аптаның қай күні? Көктем мезгілінің ерекшеліктерін атаңдаршы?
Жақсы дұрыс айтасыңдар балалар, ойын алаңына барып орындарыңа отырыңдар. |
Балалар шаттық шеңберіне тұрып өлеңнің мазмұнына сай қимылдар жасайды.
Көктем мезгілі Бейсенбі аптаның төртінші күні Қар ериді, ағаштар бүршік атады, бәйшешек гүлі шығады. |
|
Ұйымдастырушылық ізденістік
Логикалық тапсырма:
Жеке тапсырма:
Сергіту сәті:
Маторикалық тапсырма:
Саусақ жаттығулары:
Түзетуге арналған Дидактикалық ойын. |
Есікті тақылдатып қағады. Балалар бізге біреу келген сияқты кім болды екен? Есікті ашып Алдар көсе кіреді.
Кәне балалар қонағымызбен амандасайық. Алдар көсе: балалар мен жолда келе жатып, сиқырлы қамшымды қайда салғанымды білмеймін, мына қолымдағы сандықтың ішіндегі тапсырмалардың арасынан түсіп кетті ғой деймін? Мен іздеп таба алмадым. Маған қамшымды табуға көмектесіңдерші? Балалар, Алдар көсеге қамшысын табуға көмектесейік пе? Мына менің қолымдағы сандықта сендерге арналған тапсырмалар бар, тапсырмалар орындау арқылы қамшыны іздеп көріңдерші. Алдаркөсе шығып кетеді. Балалар сандықты ашып көрейік, алдар көсе бізге қандай тапсырмалар алып келді екен? Сандықтың ішінен хат 1 тапсырма
Алдар көсенің тапсырмасын орындау үшін маған екі көмекші керек қане маған келіңдер.Райхан, Алдияр ортаға келеді. Конвертты ашып ішіндегі тапсырманы оқимын, Алдар көсе мына торғайлардан есеп құрастыруымызды сұрайды. Біз қазір сендермен есеп құрастырамыз, қалған балалар мұқият қарап, тексеріп отырыңдар. Райхан мына ағашқа 8 торғайды қондыр. Алдияр осы 8 торғайдан 2 торғайды алыптаста. Райхан Алдияр ағашта барлығы қанша торғай қалды? 8-2 =6 Балалар Райхан ағашқа неше торғай қондырды? Балалар Райхан мен Алдияр тапсырманы дұрысморындады ма? Бұл тапсырмада Алдар көсенің сиқырлы қамшысы бар ма екен балалар?
Олай болса арықарай іздейік Сандықты ашып келесі тапсырманы аламын. хат 2 тапсырма
Бұл тапсырманы орындау үшін маған көмектесуге Нұрлан мен Аяулым келіңдер. Балалар қараңдаршы мына қаздың суреттерімен тағы да есеп құрастыруымыз керек екен. Аяулым 6 қазды су қоймасына қондыр, Нұрлан 2 қазды осы жүзіп жүрген қаздардың қасына қос. Аяулым, Нұрлан су қоймасында барлығы қанша қаз болды? 6+2=8 Балалар қараңдаршы тапсырманы дұрыс орындады ма? 6+2=8
Бұл тапсырмада Алдар көсенің қамшысын таптық па?
Сылдыр, сылдыр, сырғалар, Құлағымда ырғалар. Оң қолымда бес саусақ, Сол қолымда бес саусақ. Саусақтарым сақина, 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10 Орныңа тез қон.
Сандықтың ішінен келесі тапсырмасын алып шығамын. хат 3 тапсырма
Дидактикалық ойын: «Көңілді шарлар» Ойынның шарты: Шарларда есептер берілген, есепті кім жылдам шығарады екен. Ол үшін алдарыңда жатқан конверттерді ашып, шардың ішіне жазылған есепті шығарамыз. Тапсырманы орындау барысында балаларды қадағалап жүремін. Кім есепті шығарып болды? Балалардың қасына барып, Аяулым қызыл шарда қандай есеп берілген? Қызыл шар 7-2 Күлгін шар 1+2 Жасыл шар 3+1 Көк шар 9-3 Тоқсары шар 5-3 Сары шар 8-2 Ақ шар 4+3
Жалғыз саусақ тіпті де, Ұстай алмас жіпті де. Екі саусақ бірікті, Ине қолға ілікті. Үш саусағым орамды, Жүгіртеді қаламды. Өнерлі екен он саусақ, Қала салсақ, жол салсақ.
Алдар көсенің соңғы тапсырмасын орындайық. Мүмкін осы тапсырмасының ішінен шығатын шығар қамшысы. Хат 4 тапсырма «Көңілді сандар» деп аталады екен. Мақсаты: балаларды шапшаңдыққа, логикалық ойлауға тәрбиелеу. Шарты: балалар қазір мен сендерге кез-келген сандарды айтамын. Сендер алдарыңда жатқан карточкалардың арасынан тауып мен айтқан сандарды жоғары көтеріп көрсетесіңдер. Тәрбиеші қамшы деп айтып қалады. Сандардың арасынан қамшыны тауып алады. Сандықтың түбінен қамшыны алып шығады. Дұрыс жауабын тақтаға қарап салыстырамыз. Балалар қараңдаршы біз Алдар көсенің жоғалтып алған қамшысын тауып алдық. |
Балалар есікке қарайды. Алдар көсені көріп балалар қуанады. Сәлеметсізбе! Көрген жоқпыз. Йә Қызыға қарайды сандыққа. Балалардың тапсырманы қалай орындағандарын айтады. Райхан ағашта 6 торғай қалды Иә дұрыс орындады. Жоқ Аяулым барлығы 8 қаз болды. Иә дұрыс орындады. Жоқ Ойынның шартымен танысады. Есепті шығаруға кіріседі. Есеп шығарып болоған балалар қолдарын көтереді. Шығарған есептерін оқиды және есептің шешуін айтады. Слайдта тәрбиеші айтқан сандар, балалардың жауабынан кейін көрсетіліп отырады. Балалар өз жауаптарымен салыстырады. Балалар карточкалардың арасынан қамшыны көрсетеді. Алақай қамшы табылды. |
|
Рефлексия түзетушілік |
Қорытындылау: Балалар бүгін біз сендермен Алдар көсенің тапсырмаларын орындадық. Сендерге Алдар көсенің тапсырмалары ұнады ма? Алдар көсе несін жоғалтып алыпты? Өте жақсы. Ал біз қамшысын іздеуге көмектестік пе? Қамшыны қайдан таптық? Алдар көсе кіріп балалар менің тапсырмаларым сендерге ұнады ма? Менің жоғалтып алған қамшымды таптыңдар ма? Алдар көсе қамшыңды ал. Алдар көсе қамшысын алып қуанып, балаларға ризашылығын білдіріп. Сыйлығын береді. Алдар көсе балалармен қоштасып шығып кетеді. Бағалау: Балалар сабақ сендерге ұнады ма? Сабақ Аяулым саған несімен ұнады? Жақсы. Балалар бір-бірлеріңді бағалаңдаршы. Алдияр сен Райханға неше деген баға қоясың? Балалар барлықтарың сабаққа жақсы қатыстыңдар. Мен барлықтарыңа 5 деген баға қоямын. Осымен сабағымыз аяқталды сауболыңдар. |
Иә Қамшысын Иә Сандардың арасынан Иә Иә Тапсырмалары қызықты болды. Өз ойларын айтып бір-бірлерін бағалайды. |
Күтілетін нәтижелер:
Біледі: сандарды заттардың санымен сәкестендіре біледі.
Игереді: Логикалық тапсырмаларды жылдам орындауды игереді.
Меңгереді: сандарды, шапшаң, тез табуды меңгереді.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген