Материалдар / Жай және құрмалас сөйлем.

Жай және құрмалас сөйлем.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғаліміне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қаңтар 2019
549
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пәні:қазақ тілі Күні:Тақырыбы: Жай және құрмалас сөйлем.Сабақтың мақсаты: 1.Құрмалас сөйлем туралы берілген ұғымды жаттығу жұмыстары арқылы кеңейту,2. Танымдық қабілеттерін, сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту. Таза, әдемі жазуға баулу.3. құрмалас сөйлем құрауға және оның тыныс белгілерін қоя білуге үйрету. Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздені, көрнекілік.Сабақтың көрнекілігі: кестелер.Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық. - Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр. - Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: ІІІ. Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру. ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Жай сөйлем деген не? Құрмалас сөйлем деген не? Құрмалас сөйлемнің тыныс белгісі қандай?Ү. Жаңа материалмен жұмыс.Тапсырмалар:1. «Ой қозғау»1-тапсырма: сөздерден сөйлем құрастыру.І- әже, бер, көжек, шөп.ІІ- балта, ата, жар, отын.ІІІ- іш, су, Райхан, ыдыс.Оқулықпен жұмысДәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу. 37-жаттығу. Оқулықпен жұмыс. Сөйлемдерді тиісті тыныс белгілерін қойып, көшіріп жазу, сөйлем түрін айыру. Біздің сынып шәкірттері тәртіпті, білімді болса ұстаз қуанады. Туған жерге туың тік. Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас. Мен өз елімді сүйемін. Бірлік болмай, тірлік болмайды. жұмыс:38-жаттығу. Жеке жұмыс .Жай сөйлемдерді құрмалас сөйлемге айналдырып жазу. 39-жаттығу. Жұптық жұмыс. Сөйлемдерді көшіріп жазып, олардың құрмалас сөйлем екенін дәлелдеу. Орманды үскірік жел кезді, бұталар судыр қақты. Құс қанатымен ұшып, құйрығымен қонады. Қарлығаш төмен ұшса, күн жауады.Сергіту сәті.Өзіндік жұмыс:40 жаттығу -Жай сөйлемдерді құрмалас сөйлемдерге айналдырып жаз.Күн жылынып,көк шықты. Күн бұлттанды да,жаңбыр жауды. Ауылға ақындар келген соң,кеште кездесу болды. -Мақалдарды жатқа жаз.Қайсысы жай сөйлем,қайсысы құрмалас сөйлем екенін дәлелде.1.Ердің атын еңбек шығарар.     2.Күшіңе сенбе,ісіңе сен.ҮІ. Бекіту. 41-жаттығу: Құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдердің арасына тиісті тыныс белгісін қойып, мәтінді көшіріп жаз.ҮІІ. Қорытындылау. Балалар, бүгін біз не үйрендік? Құрмалас сөйлем деген не? Оның тыныс белгісі қандай? ҮІІІ. Үйге тапсырма беру. 71 бет, 42-жаттығу. ІХ. Оқушыларды бағалау.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ