400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жәй және құрмалас сөйлем

Материал туралы қысқаша түсінік
Құрмалас сөйлем туралы түсінік беру, жай сөйлемнен өзгешелігін байқату
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: қазақ тілі


Сабақтың тақырыбы:

Жәй және құрмалас сөйлем

Сабақтың мақсаты:

Құрмалас сөйлем туралы түсінік беру, жай сөйлемнен өзгешелігін байқату

Оқыту нәтижелері:

Жай сөйлемнен құрмалас сөйлемді ажырата біледі, талдайды, салыстырадықорытынды жасайды

Негізгі дерек көздер:

Оқулық, тірек-сызба, бағалау парағы, ребус,

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Ұйымдастыру кезеңі:

2 мин

Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын дайындатып, зейінін сабаққа аударту.

Ынтымақтастық атмосферасын орнату.

Оқу құралдарын дайындап, зейінін сабаққа аударады.

Жақсы тілектер айту

ІІ. Өткенді қайталау:

Еске түсіру

10 мин

1.Үй тапсырмасын тексеру. (30-жаттығу.

Суретке қарап әңгіме құрау)

Жеке жұмыс: қол көтеру арқылы құраған әңгімені оқиды, оқылған әңгімеге баға береді

2.Ойын: « Жапырақтардың өсуі».

Жапыраққа жазылған ережені бұтаққа жазылған сөйлем түрімен сәйкестендіріп жабыстыру, мысал келтіру, дәлелдеу

Топтық жұмыс: жапыраққа жазылған ережені бұтаққа жазылған сөйлем түрімен сәйкестендіріп жабыстырады, мысал келтіреді, дәлелдейді

Сөздік диктант

3 мин

Автобус, вокзал, аквариум, витамин, волейбол, вагон, велосипед, трамвай, Вова, автор.

Жеке жұмыс: диктантты жазады, дұрыс жазылуын тексереді

ІІІ. Жаңа сабақ:

Түсіну:

8 мин

  1. Жаңа сабақты хабарлау

2. Оқулықпен жұмыс: 31-жаттығу. Бағанның екі жағындағы сөйлемдерді оқып, өзара салыстыру, сөйлемдердің бір-бірінен өзгешелігін байқату, талдау, қорытынды жасау


Топтық жұмыс: кестеге жазылған сөйлемдерді салыстырады, өзгешелігін анықтайды, әр сөйлемде қанша ой айтылғанын айтады, тыныс белгісінің қойылу себебін айтады, қорытынды жасайды

Талдау және қолдану:

5 мин

32-жаттығу. Негеш пен Білгішбектің диалогын оқу арқылы құрмалас сөйлемге тән белгілерді талдау, топтастыру

Ұжымдық жұмыс: Негеш пен Білгішбектің диалогын оқиды, құрмалас сөйлем туралы түсініктерін толықтырады


Сергіту сәті:1 мин

Өлең оқу, қимыл-қозғалыс жасау

Өлең оқиды, қимыл-қозғалыс жасайды

6 мин

33 -жаттығу. Мәтінді көшіріп жазу, құрмалас сөйлемді табу, жай сөйлемнен өзгешелігін түсіндіру

Жеке жұмыс: мәтінді көшіріп жазады, құрмалас сөйлемді табады, жай сөйлемнен өзгешелігін түсіндіреді

4 мин

34- жаттығу. Ребусты шешу, шыққан екі жай сөйлемдерді құрмалас сөйлемге айналдырып жазу

Жұптық жұмыс:ребусты шешеді, шыққан екі жай сөйлемдерді құрмалас сөйлемге айналдырып жазады, оқиды, тексереді

І\/. Сабақты қорыту: Жинақтау:

2 мин

Сұрақ-жауап арқылы жұмыс:

1. Жай сөйлем деген не?

2. Құрмалас сөйлем деген не?

3. Жай сөйлемнен құрмалас сөйлемнің айырмасы неде? Ұқсастығы ше?

4. Құрмалас сөйлемде қандай тыныс белгісі қойылады?

Жеке жұмыс: қол көтеру арқылы жауап береді

Бағалау:

2 мин

Бағалау

Өзін өзі және топ жетекшілері бағалайды

Рефлексия:

1 мин

1.Бүгінгі сабақтан не үйрендің?

2.Қай тапсырма қиынға соқты?

3.Қай тапсырма оңай болды?

Ауызша жауап береді

Үйге : 1 мин

Үй тапсырмасын түсіндіру: 36-жаттығу

Күнделікке жазады





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 қаңтар
679
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі