400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жай сандар және құрама сандар

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға жай сандар мен құрама сандар туралы ақпарат беру, оларды ажыратуға және есептер шығару барысында тиімді қолдануға үйрету. Міндеттері: Білімділік: Оқушыларға жай және құрама сандарды үйрету, есептер шығару барысында тиімді қолдану. Тәрбиелік: Оқушыларды жауапкершілікке, ұйымдастырушылыққа, алғырлыққа, дербестікке, еңбектенуге тәрбиелеу Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлауын, есте сақтауын, математикалық тілде сөйлеуін дамыту. Сабақтың типі: Аралас сабақ Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес Сабақтың әдісі: көрнекілік, сөздік(сұрақ - жауап) Сабақтың көрнекілігі: слайд, үлестірмелі материал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Математика 5 сынып
Тақырыбы: Жай сандар және құрама сандар
Мақсаты: Оқушыларға жай сандар мен құрама сандар туралы ақпарат беру, оларды ажыратуға және есептер шығару барысында тиімді қолдануға үйрету.
Міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға жай және құрама сандарды үйрету, есептер шығару барысында тиімді қолдану.
Тәрбиелік: Оқушыларды жауапкершілікке, ұйымдастырушылыққа, алғырлыққа, дербестікке, еңбектенуге тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлауын, есте сақтауын, математикалық тілде сөйлеуін дамыту.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес
Сабақтың әдісі: көрнекілік, сөздік(сұрақ - жауап)
Сабақтың көрнекілігі: слайд, үлестірмелі материал

Сабақтың құрылымы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа материалды игерту
IV. Есептер шығару
V. Сергіту сәті
VI. Қатені тап
VII. Арифметикалық фокус
VIII. Сабақты бекіту
IX. Үйге тапсырма беру
X. Бағалау

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі
а) амандасу, түгендеу
ә) оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Үйге берілген есептердің шешуін жауабын тауып соның қиылындағы әріпті жазу. Әріптерден сөздер шығады. Сол сөз бүгінгі жаңа тақырыптың аты.
202*3 - 4270: 14 - 298
396:(48*7 - 314)*25 - 439
5856: (61*16)- 3060: (51*15)
1445: 85*101 - 1695
94*(815 - 791): 47+1508:(324 - 295)
4374: (18*81)+3680:(23*32)
268*(1005 - 999): 67
(216 - 3895: 19)*101 - 24*(418 - 372)
852: 71+(9618 - 7365): 751

III. Жаңа материалды игерту
І. Жай сандар
11 санының бөлгіштері: 1, 11
13 санының бөлгіштері: 1, 13
1 - ге және өзіне ғана бөлінетін натурал сандарды жай сандар деп атайды.
Мысалы. 101 санының бөлгіштері: 1, 101
Ең кіші жай сан - 2 саны. 2 санынан басқа жай сандар тақ сандар. Сонда 2 саны - жалғыз ғана жұп жай сан. Жай сандар шектеусіз көп.
Айырмасы 2 - ге тең екі жай санды егіз сандар деп атайды. Мысалы, 5 пен 7, 11 мен 13, 17 мен 19 - егіз сандар
ІІ. Құрама сандар.
Екіден көп бөлгіштері бар натурал сандар құрама сандар деп аталады.
Мысалы: 8 саны - құрама сан, бөлгіштері 1, 2, 4, 8
Натурал 1 санының 1 ғана бөлгіші бар, ол сол санның өзі - 1 саны. 1 саны жай сандарға да, құрама сандарға да жатпайды.

IV. Есептер шығару
№647 (ауызша)
1) Жай сандар кестесіндегі көп таңбалы жай сандар қандай цифрлармен аяқталған?
2) 0, 4, 6 және 8 цифрларымен аяқталатын жай сан барма?
№ 648 (өз бетімен жұмыс)

Жай сандар
97, 139, 311, 503
641, 991
Құрама сандар
66, 128, 201, 450, 502,
864, 879

№ 657 (тақтамен жұмыс)
Мына сандарды:
1) Екі жай санның қосындысы түрінде жазыңдар: 10, 12, 18
2) Екі жай санның көбейтіндісі түрінде жазыңдар: 22, 35, 65

V. Сергіту сәті
Слайдта сандар беріледі. Егер жай сан болса шапалақтаймыз, ал құрама сан болса аяғымызды ұрамыз. 2, 3, 12, 11, 20, 15, 9, 13, 5, 16, 19, 8

VІ. Қатені тап
24 санының бөлгіштері: 1, 2, 3, 4, 5, 8, 12, 24
7 санының еселіктері: 7, 14, 21, 28, 34, 35, 48, 56
21 санының еселіктері: 1, 3, 7, 21
14 санының бөлгіштері: 14, 28, 42, 56

VIІ. Арифметикалық фокус
Ислам, сен мына парақ қағазға кез келген үш таңбалы санды жаз. Қағазды Наргизаға бер
Наргиза, сен оң жағына сол санды қайтадан жаз. Алты таңбалы сан шығады.
Рамазан сен бұл санды 7 - ге бөл.
Арман, шыққан санды 11 - ге бөл.
Айсара, шыққан санды 13 - ке бөл.
Нұржігіт шыққан санды оқы. Ислам қандай санды жазды екен, Ислам дұрыспа?
Енді мен түсіндірейін. Мысалы 872 деген сан ойластырылсын. Сонда, 872872=872000 + 872=872*1000+872*1=872(1000+1)=872*1001. 1001=7*11*13. Сөйтіп, әуелде жасырын жазылған сан 1001 - ге көбейтілген, содан кейін қайта 1001 - ге бөлінген. Сонда алғашқы жасырын сан шығады.

VIІІ. Сабақты бекіту.
Семантикалық карта
Жұп сан
Тақ сан
Жай сан
Құрама сан
ІХ. Үйге тапсырма беру
Х. Бағалау

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 қараша
975
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі