жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жай сөйлемнің түрлері.
Сынып: 8
пәні: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Жай сөйлемнің түрлері.
Сабақтың мақсаты:
білімділік: жай сөйлемдерді құрылымына қарай
түрлендіріп, блоктап түсіндіру, әрқайсысының
құрылымдық ерекшелерін ажырата білуге үйрету;
дамытушылық : түрлі әдістерді пайдалана отырып,
оқушылардың ойлау кабілеттерін, сөздік қорларын,
байқағыштық касиеттерін дамыту.
тәрбиелік:жаңа тақырыпты меңгерте отырып, тыңдай
білуге, дұрыс сөйлей білуге, сабырлылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың көрнекіліктері: кесте, слайд, кеспе парақтары,тірек –сызба, сурет.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, топпен жұмыс, тірек-сызбалармен
жұмыс, талдау.
Пәнаралық байланыс: сурет, әдебиет,музыка.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Сәлемдесу.
э)Оқушыларды түгендеу
б) Топқа бөлу. (қиынды қағаздардағы сөйлем құрау арқылы 3 топқа )
II. Үй тапсырмасын
сұрау.
-
Қиылған парақшаларда өткен тақырыпқа(одағай, қыстырма, қаратпа сөздеріне) байланысты сөйлемдер берілген. Әр топ сөйлемнен оқшау сөздің түрін анықтап, ережесін және мысал сөздерін айтады.
Қап, оны кеше сұрау керек еді. (одағай)
Бұларды, әрине, қолдан жасау керек еді.(қыстырма)
Ендігі сөз кезегі сенде, қарағым. (қаратпа)
-
Үйге оқшау сөздің үш түріне мысал сөйлем жазып келу тапсырылған. Жаттығуды сұраймын.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Сурет беріледі.
Осы суретке қарап, бір сөзден, бір сөз тіркесінен, баяндауыш пен бастауыштан , сөздер мен сөз тіркестерінен тұратын сөйлем құраңдар.
Үш топ оқушылары сөйлем құрып, жай сөйлем ережесін құрастырып шығады.
Мысалы: Қыс. Күн суық. Ақпан айы. Балалар қар лақтырып ойнап жатыр.
Жай сөйлем дегеніміз - сөз не сөз тіркесінен құралып, тиянақты бір ғана ойды білдіретін сөйлемнің түрін айтамыз.
|
Жай сөйлемдердің жасалуы |
Мысалдар |
|
Бір сөзден |
Жаз . Айдала. |
|
Сөз тіркесінен |
Көктем мезгілі. Егіс даласы. |
|
Сөздер мен сөз тіркестерінің жиынтығынан |
Ерке көктем желбіретіп гүл шашақтарын тақты. |
|
Баяндауыштың негіз болуы арқылы |
Оның үрейден төбе шашы тік тұрды. |
Жай сөйлем құрылымына қарай жеті түрге бөлінеді:
|
Түрі |
Ережесі |
Мысалы |
|
Жақты сөйлем және жақсыз сөйлем |
Бастауышы бар сөйлем
Бастауышы мүлдем жоқ сөйлем |
Мен ауылға бардым.
Сенің айтқың келмейді. |
|
Жалаң сөйлем
және жайылма сөйлем |
Тек тұрлаулы мүшеден тұратын сөйлем
Тұрлаусыз мүше қатысқан сөйлем |
Ол келді.Бала-шағасы кетті.
Олар ерте келді. Жаңбыр қатты жауып тұр. |
|
Толымды сөйлем және
толымсыз сөйлем |
Ойға қажетті мүшелердің бәрі қатысқан сөйлем
Айтылуға тиісті мүшелердің бірі түсіп қалған сөйлем |
Қыста балалармен шаңғы тебеміз.
-Балам, қайдан келдің? -Қаладан. Толымды түрі: -Балам, сен қайдан келдің? -Мен қаладан келдім.
|
|
Атаулы сөйлем |
Іс-оқиғаның, құбылыстың атауын ғана көрсететін сөйлем |
Күз. Сарғайған жапырақ. |
Тақтамен жұмыс:
92- жаттығу. Мәтіндегі жай сөйлемдерге синтакистік талдау жасаңдар.(сөйлем мүшелеріне талдау жасау)
Біз ары қарай жүріп кеттік... Талғар өзені сияқты Шелек өзені де Ақтаудың орталық қыраттарынан басталады. Торайғыр – «торы айғыр» деген сөзден шыққан. Торайғыр – албандардың жақсы қыстауы. Оны қазақтар жұғымды жер дейді. 19 мамыр. Бірінші Мерке өзені. Жоғарыдан қарағанда, өзеннің ағыны тамаша. Түп Ыстықкөлге құяды. Түпті бойлай шырша орманы қаптаған Таспа деп аталатын аласа таулардың қырқасы өтеді.
«Ойлан, тап!»
1. Сыңарымның бастауыш деген мүшесі жоқ, мен қандай сөйлеммін?
2. Менің өзіндік интонациям, өзіндік орын тәртібім болғанмен - сөзден, сөз тіркесінен, сөздер мен сөз тіркестері жиынтығынан құралып, тиянақты ойды білдіремін.
3. Бір күні сөйлем мүшелерінен ішінен тек қана бастауыш пен баяндауыш қана дуэт құратын болды. Дуэттің аты қалай аталды?
4. Жазда ауа райы өте ыстық болады. Мен сөйлемнің қай түріне жатамын?
5. Төрт түрлі жасалу жолым бар, құрылымыма қарай нешеге бөлінемін?
6. Іс оқиғаның, құбылыстың атауын ғана көрсететін үш сөйлем жазып,тез оқы.
7. – Апай, сабақты орындамадым.
- Неге?
Қандай сөйлеммін, мені қалай өзгертуге болады?
Білімді бекіту: оқушылар тест тапсырады (5мин)
-
Біршама тиянақты ойды білдіретін синтаксистік бірлікті не деп атайды.
А) сөз
В) сөз тіркесі
С) сөйлем
Д) мәтін
2 . Жақты сөйлемді тап:
А) Ағашты былай жарар болар.
В) Ұйқысы келді.
С) Марат ауылға келді.
Д) Ертең сабаққа келесің бе?
3. Жақсыз сөйлемде қандай мүше болмайды?
А) бастауыш
В) баяндауыш
С) анықтауыш
Д) толықтауыш
4. Қайсысы тек тұрлаулы мүшелерден ғана тұрады?
А) жайылма сөйлем
В) атаулы сөйлем
С) жалаң сөйлем
Д) толымсыз сөйлем
5. Тұрлаусыз мүшелердің қатысуы арқылы жасалатын сөйлем түрі қалай аталады?
А) жалаң
В) жайылма
С) толымды
Д)толымсыз
6. Жалаң сөйлемге жетпей тұрған сөзді табыңыз.
... оянды
А) ерте
В) таңертең
С) тез
Д) ол
7. Тұрлаусыз мүше қатыспаған сөйлем түрі қалай аталады?
А) жайылма
В) жалаң
С) толымды
Д) толымсыз
8. Диалог жағдайында жиі кездесетін жай сөйлем түрін ата.
А) атаулы
В) толымсыз
С) толымды
Д) жалаң
9. Іс – оқиғаны баяндамай, тек зат, құбылыс, мезгіл, мекеннің атауын білдіретін сөйлем түрін табыңыз.
А) толымды
В) толымсыз
С) атаулы
Д) жалаң
10. Жай сөйлем құрылымына қарай нешеге бөлінеді?
А) 2
В) 4
С) 7
Д) 5
Қорытындылау: «Ертегіні аяқтау»
«Жай сөйлем»
Ертеде бір жай сөйлем болыпты... (әр оқушы бір сөйлем құрау арқылы ертегіні аяқтайды )
Бағалау: тесттің қорытындысы мен оқушылардың сабаққа қатысуына қарай бағалаймын.
Үйге тапсырма: 94- жаттығу. «Мен шығарған таңғажайып оқиға» тақырыбына әңгіме жазып, жай сөйлемнің мағыналық түрлерін атап келіңдер.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген