Материалдар / Жайдарлы Жасұлан жайдарман ойындары

Жайдарлы Жасұлан жайдарман ойындары

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп оқушылары арасында жайдарман ойындарын ойнату арқылы достыққа тәрбиелеу, көңіл күйлерін көтеру мақсатында және КТК ойындарына тәрбиелеу. Шара барысында еркін тақырыптағы қағытпа қалжың астарлы әзіл айта алатын оқушыларды таңдап, аудандық сайыстарға араластыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
2477
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін: \Н. Аманшина\Күні: 14.12.2017Тақырыбы: «Жайдарлы жайдарман»Мақсаты:Жайдарман ойнату арқылы оқушыларды КТК ойындарына деген қызығушылықтарын арттыру және әрдайым сергек, жоғары көңіл-күймен жүруге баулу. Оқушылар сахнаға шығу арқылы сахна мәдениетін сақтауға, оның ішінде өзін-өзі ұстау, жүріс-тұрыс, сөйлеу мәдениетіне үйрету. Оқушыларды қоғамда болып жатқан дүниелерді әзілмен жеткізу арқылы шыншылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Барысы: Армысысыздар ардақты да айбарлы, қажырлы да қайратты қазақ елі! Тәңірден келген тәтті сыйымыз Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын. Қарыштап дамыған егемен еліміздің абырой мәртебесі артқан сайын арта берсін. Біз бүгін Тәуелсіздіктің 26 жылдық мерейтойы қарсаңында «Жайдарлы Жайс Ұлан» жайдарман ойындарының ¼ яғни жартылай финал ойынын ойнағалы отырмыз. Әдемі әзіл, қағытпа қалжың, өрелі ой мен әзілге құрылған шындық тамашалауға келген барша көрермене қош келдіңіздер дейміз.

Әзілдің түбін түсіретінМағынасын терең түсінетінКеремет ойын болғалы отырҮздіктің үздігі шешілетін

Шапалақ соғылсын жаңғырыпКөрермен қауымды таң қылыпТәуелсіз еліме күлкіменҚалсыншы толағай жан кіріп

Бүгін кіші финал. Бүгін нағыз дода. Бүін біреудің бағы жанып, ал біреуі келесі ойында көрермен сапында отыратын болады. Сол себепті барша командаға сәттілік. Таланттың нағыз шеберлігін танытыңыздар дей отырып ойынымызды бастаймыз. Командалар ортаға.

7-сынып оқушыларынан құралған «Болашақ жастар»8-сынып «Жас STAR »9-сынып «Ақылды тентектер»10-сынып «Әзілқой KZ»

Бәрекелді қош келдің әзілқой жігітБәрекелді қош келдің әзілқой аруЖойылсын бойдағы күман мен күдікСеріп қал жиналған барлықтарың

Әзілдің беретін бағасынҚалжыңның минусын табатынКөрініс айдарын көріпҮздіктер жұлдызын жағатын тұрақты әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.1. Химия пәнінің мұғалімі Әлібек Гүлдана әлібекқызы2. Математика пәнінің мұғалімі Кенжалы Нұрбибі Жайбергенқызы3. 11 сынып оқушысы, ОДР-ның Президенті Зейнуллин Дәурен

Бүгінгі ойынымыздың бағдарламасымен таныстырып өтейін. Бүгін бізде ¼ финал.. «Туған жер» тақырыбы неізінде әр команда «Сәлемдесу» әзілдері мен «Бір көрініс» айдарлары арқылы өнер көрсететін болады.Алдыңғы ойыннан айырмашылығы «Бес жаңалық» және «Сұрақ-жауап» бөлімдері қосылып отыр. Бүгін бағалау бар, әр ойын соңында әділқазы алқасы ұпай санымен таныстырып отыратын болады.ойынды 7 сыныптың Жайдарманшылары бірінші болып көрсетеді. Ендеше командаларға сәттілік!

Жүргізуші: Сәлем сөздің анасы деп бағзыданНақыл қалған орны ерекше халықтаӘзіліңді шын жеткізіп жүреккеКомандалар сәт сапар тек қарышта

Сайыстың І кезеңі «Сәлемдесу».Сәлемдесу бөлімі бойынша топтар өздерін әзілмен бастап, өлеңмен, әнмен таныстырады.Таныстыруға берілетін уақыт өлшемі 5-6 минут. Ду қол шапалақтарыңыз!!!Сәлемдесу кезеңінің бағаларын білу үшін әділқазыларға назар аударайық.



Жүргізуші: «Туған жердің түтіні де ыстық» Бұл сөзді бекер айтпадым. Себебі біздің келесі бөліміміз көрініс айдары. Бұл кезеңде командалар туған жер тақырыбы аясында әзіл ойнататын болады. Қазылар осыны ескеріп отырыңыздар. Ендеше көреміз. «Бір көрініс» Қатысушыларға сәттілік.ойынның нағыз қызған шағы көрініс бөлімінің бағасын біліп отырайық. Қазылар сөз сіздерде.

Жүргізуші:Күлкі өмірдің ажарыТарқамасын базарыӘзілдерің бітпесінБолғанда елдің назары

«Бес жаңалық» ол бес әзіл қуаттыКүлдір елді, қыл көңілін шуақтыСодан кейін сұрақ-жауап айдарыМен боламын қояр сізге сұрақты

Алдымен «Бес жаңалық» бөлімінің бағасын айтсаңыздар.Құрметті ойыншылар. Барлықтарыңызды ортаға шақырамын. Себебі бұл кезеңде тапқырлық, ұйымшылдық қажет болады. Бұл «сұрақ-жауап» айдары. Дайын болсақ біз бастаймыз.-Әділқазы мүшелеріне сөз кезегін береміз.-Құнды сын-пікірлеріңізге рақмет!

Күлдіре білу де өнер, күлу де өнерКүлкімен ширайтындай жұмыр денеңКелесі ойындарда кездескеншеҚош сау бол көрерменім күлімдеген

Бүгінгі Жайдарман ойыны өз мәресіне жетті. Жоспар бойынша алдыға бірнеше апталар салып келесі «Жайдарлы Жайдарман» ойындары жалғасатын болады. Шарттары мен кезеңдері міндетті түрде жеткізіледі. Бүгінгі ойында белсенділік көрсетіп, көрермен көзайымы атанған әзілқойларымызға әділ қазы алқасы дайындаған мадақтаулары бар. Тамашалайық.

Күлкіні іздеме, ол өзіңде,Күлкіні бағала өзің де.Жаныңа шипа ем беретін,Күлкі ғой бағалы өмірде, – деп ақын ағаларымыз жырлағандай таңдарыңызды күлкімен атырып, кештеріңізді күлкімен батырыңыздар. "Езулеріңізден күлкі тиылмасын",– деп сіздермен қоштасамыз.

Өнерлерің үстей берсін, Жас ұландар! Келесі кездескенше аман сау болыңыздар!



























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ