400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Жайдарлы наурыз"

Материал туралы қысқаша түсінік
ІІ кіші топ тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жайдарлы Наурыз!

Мақсаты:Наурыз мейрамы жайлы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету,оны құрметтей білуге тәрбиелеу.Оқушылардың бойына ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіріп,имандылыққа,мейірімділікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Слайдтар,наурызға байланысты нақыл сөздер.

Тәрбиеші:Армысыздар ұстаздар,ата-аналар,қонақтар!Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті.Бүгін Ұлыстың ұлы күні.Ақ түйенің қарны жарылған күн.Наурыз-“Жаңа күн” деген сөз.Бұл күн-біздің ата-бабаларымыздың,арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі.Олай болса,наурыз тойымыз құтты болсын!Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты,тілектеріңіз қабыл болсын!Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған “Жайдарлы Наурыз”атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Уа,халайық,халайық,

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке,бұл тойдың

Шашуларын шашайық - деп балаларымыз әннен шашу шашады.

Хор: «Наурыз-мереке»

Қар ериді,дала алпарысып таласып жел тұрып мазасыз күйге түседі. Осы кезде әжелеріміз даланы, үйді, қораны аластап шығады. Міне былай ( әже көрсетеді)

Әженің сөзі: Ала, алас, Пәленің бәрі кетсін

Жамандық болмасын,

Табиғат апатыннан сақтасын деп тілектерін айтады.

Тәрбиеші:

Жер шуаққа кенелді

Қуанышта ел енді

Наурыз келді салтымыз

Көгерсін деп халқымыз,

Көшеге тал егеді

Наурыз тойы-береке, дей отырып даламызды көркейтеміз,ағаш егіп еңбек етеміз. Балалар ағаш егеді.

Наурыз тойды тойлайық, би билеп алайық, кәне шығып ортаға, думандатып жүрейік

Би: Ұлдар

Тәрбиеші:

Айтамын жарапазан есігіңе,

Наурыз келе берсін қазағыма

Ниетің Ұлыс күні қабыл болып

Қолдауға Қыдыр келсін несібеңе,-деп енді Қыдыр бабаны қарсы алайық.




Қыдыр ата: Армысыздар,туыстар!

Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын!

(Қыдыр ата төрге барып отырады).

Бір жігіт тұрып:”Жаңа жылымыз келді,халайық,құтты болсын!-деп жар салады.

Қыдыр ата:Көсегелерің көгерсін айналайындар!Ата салтын ұмытпай,ұлыс тойын өткізіп жатқандарын өте жақсы екен.Көп рахмет!Ал қандай қызық-

тарың бар?

Тәрбиеші:

Наурызым ғажап туысың,

Ұлыстың ұлы күнісің.

Жылыттың жердің жүрегін

Жүрегі елдің жылысын.

Балалар бойды жылытып ойын ойнап алмаймыз ба?


Қазақ халқының ойыны: « Арқан тартыс» ойынныың шарты екі топқа бірдей болып бөлінеді. Қайсы топтың балалары орындарынан қозғалып кетсе сол балалар жеңіледі.

Наурыз-достық,

Наурыз-күн,

Барша халық бірлігі.

Тағы келді Ұлыс күн

Жалғасып ғалам тірлігі.

22-ші наурыз-күн мен түннің теңелетін күні.Ендеше күнмен түннің қалай теңелетінін көрейік.

Екі бала шығып арқа түйістіреді.

Аяна мен әжемді жақсы көремін. Мен әжеме өлең айтып беремін.

Аяна өлеңі:

Тәрбиеші:

Білесіңдер ме? Наурыз тойының өзіне тән ырым асы-Наурыз көже.Наурыз көжені қалай дайындайтынын әжеміз айтып бермек.

Әже: Ашық болсын қас-қабақ

Бейтаныс та,таныс та

Бүгін төрде бас қонақ.

Арпа,бидай,тары бар,

Қатық,малта ағы бар

Ішілетін,жейтіннің

Бұл көжеде бәрі бар.

( Наурыз көженің дайындалу тәсілін айтады )

Би: « Наурыз көже» биі




Тәрбиеші:

Ниет,ықылас білдіру

Әр адамға аманат

Ата-баба дәстүрі

Батаны біл жамағат.

Ата,”Батаменен ел көгерер,жаңбырменен жер көгерер”деген халқымыз,мына отырған көпшілікке ақ батаңызды беріңіз.

Қыдыр ата: Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын

Қайда барсаң жол болсын!

Ұлыс бақты болсын,

4 түлік ақты болсын.

Ұлыс береке берсін!

Бәле-жала жерге енсін,

Ұлы халқым тоқ болсын,

Көйлектерің көк болсын,

Бастарың аман болып,

Уайым-қайғы жоқ болсын!

Қуаныштарың көп болсын!

Әумин!

Тәрбиеші: Қашанда құт береке орнасын деп,

Тойларда шашу шашу-салты елімнің.

Уа,халайық! Теріп ал несібеңді,

Қабыл болсын,жамағат,ақ тілеуің!

Құрметті балалар,бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың мақсаты-ұлттық салт-дәстүрлеріміздің көнермейтінін еске салып,ұлттық мұраны қайта жаңғырту.

“Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар”демекші,салтын сүйген әрбір жас ұрпақ болашақта халқын сүйетін,еліне адал қызмет ететін,тілінің салт-дәстүрлерінің жанашыры болатынына сенеміз!

Осымен”Қош келдің,әз Наурыз”атты тәрбие сағатымыз аяқталды.














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 мамыр
479
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі