400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жайлау күні. Тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Жайлау күні
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп


Сабақтың тақырыбы:

Жайлау күні

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың мақсаты:

15 наурыз жайлау күні болып бекітілгені жайлы толық ақпарат беру.

Қазақтың мейрамдары - Наурыз мейрамы туралы оқушыларға түсінік бер

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал

Бір түрлі фигур алғандарды

1-топқа «Достар», ал екіншісін таңдағандарды 2-топқа «Құрдастар» тобына бөлемін.


Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді.

Психологиялық ахуал


Оқушылар

дың пікірі тыңдалады


слайд

Жаңа сабаққа кіріспе




Табиғаттың өзі тамаша күйге енетін, адамдарға жайдарлы көңіл күй сыйлайтын Наурыз мерекесінің өзіндік ерекшелігі бар. Ұлыстың ұлы күнінде ел-жұрт бірімен-бірі емін-еркін әңгіме құрып, үлкендер қауқылдасып жататын. Осынау айтулы күндерді айрықша атап өту мақсатында биыл 15 наурыз «Жайлау күні» деп бекітілген еді






Сабақтың ортасы

Әлемнің әртүрлі халықтарының табиғи ресурстарды пайдалану және қорғау туралы өзіндік көзқарастары мен дәстүрлері бар.
⠀
Қазақ халқының өмір салты ежелден табиғатпен байланысты, өйткені табиғат адамның тіршілік ету ортасы болып табылады.
⠀
Халық өзін табиғаттың бір бөлігі деп санап, оның байлығын көздің қарашығындай сақтап қалды. Мұндай дәстүрлер ұрпақтан-ұрпаққа ана сүтімен сіңген болатын.
⠀
Табиғат төңірегіндегі өмір қазақтардың көшпелі дүниетанымының бір бөлігіне айналды, сондықтан экологиялық және зияткерлік дамуға ықпал ететін аумақты абаттандыруға назар аудара отырып, бұл күнді табиғатта өткізу маңызды. Үй мен кеңселер тазаланады, алаңдар сыпырылып, қар мен қоқыстан тазартылады. Адамдар бір-бірінің реніштерін кешіреді, қонаққа шақырады, бірге серуендейді

15 наурыз – Наурыз-жаңару немесе «Жайлау күні». Айнала табиғатпен біте қайнасып өмір сүру көшпелі қазақ дүниетанымының бір бөлігін құраған. Сол себепті ұлық мерекеде жаратылысты аялау мақсатында табиғат аясында бір күн өткізу маңызды. Бұл өскелең ұрпақтың экологиялық, зияткерлік санасын дамытуға септігін тигізеді және денсаулығын жақсартады.
Қала, елді мекен аумағын көркейту-көгалдандыру үшін жалпыхалықтық сенбіліктер өткізіледі. Барлық мекеме ұжымдарының бір мезеттегі «ағаш отырғызу» қайырымдылық акциясы және әлеуметтік желілер бойынша «Әр үйден 1 ағаш» атты челлендж ұйымдастыру өте маңызды.
Үздік ұйым ауласы мен үздік мектеп ауласы секілді байқаулар өткізу (сенбілік өткізу, ағаштар мен гүлдер отырғызу).
Сонымен қатар, бейбітшілігіміз бен татулығымыздың негізін қалаған жаңа тарихымыздағы бірнеше айтулы оқиғаның бірі - 1991 жылы Семей полигонының жабылуы. Осыған байланысты арнайы іс-шаралар ұйымдастырылып, барша адамзаттың болашағы үшін ерекше маңызды шешім екенін ескерген жөн


Сабақтың соңы

Ұлыстың ұлы күнін қарсы алуға әзірленіп жатқан қазақстандықтар Жайлау күнін атап өтуде. Бұл – табиғат анаға жанашырлық пен қамқорлық күні. Оның аясында өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін дамытуға және денсаулығын жақсартуға ықпал ететін аумақты абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарына көп көңіл бөлініп, сенбіліктер ұйымдастырылады. Бұл шаралар жастарды ізгілікке шақырып, саналарына жақсылықты сіңіруге бағытталған.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 наурыз
294
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі