Материалдар / «Жайлауда»

«Жайлауда»

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешіге арналған ҰОҚ
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы


Мерзімі:

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: Жапсыру

Тақырыбы: «Жайлауда»

Мақсаты: Балаларға, жайлау туралы мағлұмат беру.

Міндеттері:

Білімділік: Жайлау деген ата бабамыздың жазда қоныстанған жері екенін айтып түсіндіру. Малшылардың жаз мезгілінде көшіп барып, малдарын бағатын жер екенін айту. Өзгелерге көмектесуге деген ықыластарын арттыру.

Дамытушылық: Қол - бұлшықеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Жапсыру барысында жұмысты ұқыпты , таза, әдемі жапсыруға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Жайлау

Қостілдік компонент: Жайлау – летнее пастбище, киіз үй - юрта.

Демонстрациялық материалдар: Жайлау туралы слайд, «Жайлау суреті; М. Хамзиннің «Жайлау» күйі.

Үлестірмелі материалдар: Үлгі сурет, желім, түрлі-түсті қағаздар.


Әрекет кезең-

дері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті


Мотивациялық

қозғаушылық




Шаттық шеңбері

Жарқырап күнде ашылды,

Айнала гүл шашылды.

Қайырлы күн!

Біздің нәзік қыздарымыз,

Қайырлы күн!

Біздің ержүрек ұлдарымыз.


Тақпақ:

Жайлауымыз бір біздің,

Қыстауымыз бір біздің.

Әжесіндей Алатау,

Қазақ пенен қырғыздың.

Үстел жағалай отырады.




Бір - біріне жылы лебіздер білдіреді.







Мұқият тыңдайды.


Ұйымдастыру– іздестіру











Әңгімелесу:

Балаларға слайд арқылы жайлау туралы көрсетеді. Көрсете отырып,балалармен; жайлау табиғаты, тау, өзен, ағаш, шөп, гүлдер, жайлаудағы киіз үйлер, оның айналасындағы адамдар, жан -жануарлар, гүлдер жайында әңгімелесу.


Балаларға жайлау көрінісін елестете отырып М.Хамзинның «Жайлау» күйін тыңдатады.


Тақпақ: «Жайлауда»

Атам биыл мені де,

Алып барды жайлауға.

Құлындар тұр желіде,

Биелер тұр байлауда.

Бұлағын да ұнатам,


«Жылда-жылда» жайлауға,

Апарам деп жүр атам.

Сөздік жұмыс: Жайлау

Қостілдік компонент: Жайлау - летнее пастбище, киіз үй - юрта.

Жұмыс реттілігі:

1. Ақ беттерді тартып береді.

2. Дайын киіз үйлерді, қайшымен қиямыз.

3. Дайын болған киіз үйлерге желім жағып, жапсырамыз.

4.Ұқыпты, таза жапсыруларын қадағалау.

5. Киіз үйді дайын ою - өрнектермен әшекейлеу.

Сергіту сәті:

Бүкпе бойды тік ұста,

Еркін тұрып тыныста.

Жәй, оң қолды, сол жаққа,

Жәй, сол қолды, оң жаққа.


Дидактикалық ойын: «Мен не көріп тұрмын?»

Мақсаты: Бөлшектерді аңғаруды және көрген заттар мен нысандарды суреттеп беруді үйрету. Балаларға бөлшектерді әсем жайлау суреті үстіне жаю және жапсыру, өз киіз үйін ұсынады.





Мұқият тыңдайды.










Барлығы бірге айтады.








Жеке қайталап айтады,және барлығы хормен айтады.



Жапсыру кезінде таза,әдемі желімді шетіне шығармай жапсыруға тырысады.







Қимылдарын келтіре отырып сергиді.







Тапсырманы орындайды.


Рефлексивті– түзетушілік

Қорытынды:

Сұрақтар қояды.

- Балалар, бүгін біз немен таныстық?

- Жайлауда қандай үй болады екен?

- Киіз үй неден жасалады екен?


Рефлексия:

Ал, балалар қөңіл күйлерінді бейнелейтін гүлдерді көрсетіңдер (көңілді - қызыл алма, көңілсіз - сары алма).



Сұрақтарға жауап береді.

- Жайлаумен таныстық.

- Жайлауда киіз үй болады.

- Киіз үйдің құрылысы ағаштан жасалады.



Өздеріне ұнайтын гүлдерді алады.


Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Жайлау туралы толық мағлұмат.

Болу керек: Киіз үй туралы, оның құрылымы туралы түсінік.

Істей білу керек: Сұрақтарға толық жауап беруді, ұқыпты таза жапсыра білу.



ЖИ арқылы жасау
22 Қазан 2018
1788
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі