400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Жайлауда" Жаратылыстану

Материал туралы қысқаша түсінік
: Балалардың туған жерін сүюге тәрбиелеу. Балалардың эмоциялық көңіл-күйін көтеру. Үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие беру арқылы сұлулықты сезіне білуге баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Арман» шағын орталығы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 25.02.19ж.

Тәрбиеші: Ахметжанова АМ

Білім беру саласы: «Таным»

Пән: Жаратылыстану.

Өтпелі тақырып: «Жер - Ана»

Тақырыбы: «Жайлауда»

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Үй жануарларына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Үй жануарлары тіршіліктеріне деген қызығушылықтарын арттыру.

Оқыту: Балалардың білетін үй жануарлары туралы білімдерін бекіту.

Педагогикалық технологиялар:ойын технологиясы, денсаулық сақтау.

Ресурстармен қамтамасыз ету: тақырыптық суреттер.

Билингвалдық компонент (ортаңғы тобы): жайлау – пастбище. Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Балалар күн жылынып көктем шыққанда малдар қайда шығады?
- Далаға, өріске, жайлауға шығады.
- Көктем шығысымен малдарды жайлауға бағады. Олар жайлауға киіз үй тігеді. Киіз үйдің құрылысына кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық жатады.
- Ал, балалар үй жануарларын маған кім атап береді?
- Түйе, жылқы, қой, сиыр, ешкі т. б.

2. Негізі бөлімі:
- Балалар, бізге жайлаудан төрт түлік малдың бірі түйе келіп тұр екен. Бізге әкелген көптеген тапсырмалары бар екен.
1 - тапсырма: Суретке қарап әңгіме құрау, ат қою.(Жайлауда)

2 - тапсырма: Жұмбақ шешу.
1. Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар (Қой)
2. Үстінде екі тауы бар
Кезікті бір жануар (Түйе)
3. Өзі сұлу, өзі жүйрік
Жарысады желменен (Жылқы)
4. Басында екі таяғы бар,
Төрт аяғы бар,
Бірақ сақалы тағы бар (Ешкі)

3 - тапсырма: Сергіту сәті:
Көтеріліп шаңырақ
Керегелер керіліп
Өрімдей боп өріліп,
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз үй боп көрініп.
4 - тапсырма: “Төлдерін тап” ойыны

5 - тапсырма: Төрт түлік мал туралы тақпақтар айту.
1. Айналайын торпақ,
Бола берме қорқақ.
Тар болып тұр аула,
Тысқа шықта заула.
Әукешім - ау күнде,
Ойнайықшы бірге.

2. Жалт - жұлт етіп лақ,
Жағалайсың бұлақ,
Секірем деп бірақ,
Қала көрме құлап.

3. Құлын - құлын, құлыншақ
Желкілдейді тұлымшақ.
Маңдайында жұлдызы
Құйрығында құндызы.
6 - тапсырма: “Үй жануарлары мен жабайы жануарларды ата” ойыны.

7 - тапсырма: Дидактикалық ойын.
Малдан алынатын өнімдерді табу. Сәйкестендіру әдісі арқылы қай малдан қандай өнім алынатынын көрсету.

8 - тапсырма: “Қошақаным қайда екен” әнін айту.
- Жарайсыңдар, балалар енді “Жайлау көркі” өлеңін хормен оқиық.
“Жайлау көркі”
Табиғат әлемі
Гүл толған әдемі.
Ұйқы ашар сағаттай
Бозторғай әуені.
Сайға түс, қырға шық,
Жүресің гүл басып,
Көбелек алдайды.
Бір қонып, бір қашып.
Қорытынды
Мадақтау.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 наурыз
822
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі