400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жайлауға саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

№ 9 ҰОҚ

Білім беру саласы: Әлеумет.


Бөлімі: Қоршаған ортамен танысу.


Тақырыбы: Жайлауға саяхат.


Мақсаты: балалардың жайлау, киіз үй және оның құрал-жабдықтары туралы білімдерін қалыптастыру.


Міндеттері:

  1. Балалардың киіз үй және оның құрал-жабдықтары туралы түсініктерін белсендіру.


  1. Балалардың қазақ халқының тұрмыстық заттарының атауларымен, таныс емес заттардың мағынасы туралы ой-өрісін кеңейту.


  1. Балаларды қазақ халқының мәдениеті мен тұрмыс салтын құрметтеуге тәрбиелеу.


Күтілетін нәтижелер:

орындайды: киіз үйдің құрал-жабдықтарын атайды.


түсінеді: қазақ халқының тұрмыстық заттарының атауларын, таныс емес заттардың мағынасын.


қолданады: қазақ халқының тұрмыстық заттары туралы алған білімдерін.


Қолданылатын көрнекі құралдар: тақырып бойынша демонстраиялық материалдар,


әженің суреті.


Сөздік жұмыс: жайлау, дастарқан, текемет.


Билингвалды компонент: киіз үй – юрта.


ҰОҚ барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Қазақтың халық әндерінің бірі ойналады.


– Бүгін біз туған жердің табиғаты туралы әңгімелесеміз және табиғатқа саяхатқа шығамыз.


– Балалар, біз табиғат аясына демалуға барғанда өзімізді қалай ұстауымыз керек?

– Көзімізді жұмайық, музыка әуенімен жайлауға саяхатқа шығамыз.


  1. Негізгі кезең Білімді өзектендіру.

Жайлау сөзіне сөздік жұмысын жүргізу.


Жайлау – жазда жайлайтын, биік таудағы немесе шүйгін шөпті жазықтағы мал жайылымы.


Слайд көрсету

№ 1 слайд. «Жайлау».


Балалар, суретке назар аударыңдаршы. № 2 слайд. «Киіз үй»


– Не көріп тұрсыңдар?

Билингвалды компонент: киіз үй – юрта.


– Ерте заманда қазақ халқы киіз үйде тұрған. Киіз үйдің іші қыста жылы, жазда салқын. Ол тез құрылып, тез жиналады.


–Ал, балалар, ойын ойнайық!


«Пай-пай, балақай! Киіз үйге жүгір!» ойыны Жерде шеңберлер (киіз үйлер) жатыр.


Таң атты да күн шықты, (ойнап, күледі) Далаға бізді шақырды.


Пай-пай! Пай-пай!


Киіз үйге жүгір, балақай! (киіз үйлерге жүгіреді). Ойын 2 рет қайталанады.


– Ал енді біз із үйдің ішіндеміз. Жан-жақтарымызға мұқият қарайық.

3-слайд

– Киіз үйдің ортасына не орналасқан?

– Ол үстел дастарқан деп аталады. Дастарқанның пішіні қандай?

–Ал киіз үйдің қабырғалаларында не ілулі тұр?

– Ол – кілем. Жерде текемет жатыр. Текемет киізден оюлап жасайды.


– Киіз үйдің төрінде сандық тұр. Сандық ұлттық оюлармен безендірілген. Сандық әртүрлі шаруашылық заттарын сақтауға арналған.


Дидактикалық ойын

4-слайд

Педагог бөлшегіне қарай қандай зат екенін анықтауға ұсынады


Психологиялық жаттығу.


22

Атақты күйші-композиторлармыздың бір күйін тыңдату.


  1. Рефлексия.


– Балалар, бізге кішкентай «сұрағыш» ойыншығы келді. (Педагог «сұрағыш» қолғап-ойыншықты қолына киіп көрсетеді).


Сұрағыш ойыншық сұрақтар қояды.

– Жайлау дегеніміз не?

– Киіз үйді қай жерден көрдіңдер? т.б.


– Балалар, біздің өлкеміз сұлу табиғатымен және әсем жерлерімен бай! Әрқашан туған өлкемізді қорғап жүрейік.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 қазан
708
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі