жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жайна Тәуелсіз Қазақстан
Батыс Қазақстан индустриалды колледжі
Чуюншалиева Райлаш Алпашовна – арнайы пәндер оқытушысы
Тақырыбы: Жайна Тәуелсіз Қазақстаным
Мақсаты: Студенттерді елді, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш – қуаты мол жастарды тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар
1-жүргізуші:
Құрметті қонақтар, ұстаздар, студенттер! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Жайна Тәуелсіз Қазақстаным» атты кешімізді бастаймыз. (топ студенттері гимнді айту. ) . Біз тәуелсіздік ұрпағымыз.
1-жүргізуші:
Мен-қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
2-жүргізуші:
Мен- қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым,өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім!
Қайран, қазақ елі… Жас ұрпаққа айта алмаған жеткізе алмаған, жан дүниеңді дір еткізнтін сырға, мұңға толы тарихи парақтары қаншама әлі. Оған куә мына жатқан кең сары дала, заңғар таулар, өзен-көлдер, құм-шөлдер, тарихи ескерткіштер: мазарлар, қираған ежелгі қалалардың орны. Ғасырлар бойы ата-бабамыздың қаны тамған топырақ исі мүңкіп тұр.
1-жүргізуші:
Қазақ халқы бұл дүниеде не көрмеді? Сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманынан бастап, қойша қырылған «репрессия» жылдарына дейінгі аралықта халқымыздың осынау кең жаһан далада өмір сүруі, не жойылып кету қаупі тұрған еді.
Халқымыздың тарихындағы аса бір қиын кезең жоңғар хантойшыларының басқыншылық әрекеті еді. Қазақтардың руларға, жүздерге ыдырап бүлінуі кезеңін пайдаланып және жеріміздің байлығына қызыққан азулы жау бейбіт өмір сүріп отырған халықты қырғынға ұшыратты.
2-жүргізуші:
Қанша азапқа түсіп, қуғын-сүргінге ұшыраса да, қазақтың үш жүзі қайта бірігіп, жоңғарларға күйрете соққы берді. Бұдан кейін патшалық Ресейдің еліміздегі шырайлы егістік жерлерді күштеп басып алуға арналған отарлау саясатына қарсы күрескен халқымыздың қаһарман ұлдары: Сырым мен Кенесарының, Исатай мен Махамбеттің, Сыпатай батырлардың есімдерін мақтан етуіміз керек.
Осыдан жиырма жеті жыл жыл бұрын егемендігімізді жариялып, Тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл ғасырлар бойы біздің яғни қазақ халқының аңсаған арманы еді.
Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін тантты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді. Осындай нұрлы күнге қол жеткізгеніміз Желтоқсан оқиғасының нәтижесі.
Ән «Желтоқсан желі» орындайтын топ студенттері
Келесі кезекті қонақтарымызға берейік. Біздер үшін осындай тарихи уақиғаның куәгерлері, асыл да қымбат.
Топ студенттері осы желтоқсанға қатысты тақпақтар
1-студент
Көзіме
бүгін жас келіп тұр, халайық,
Әрбір
істі зердеге алып қарайық.
Тәуелсіздік
жолына жан пида еткен,
Ерлерімізді
есімізге алайық.
Жүрмейікші
жүнжіп босқа түнеріп,
Еске алайық,
есімдерін білелік.
Тәуелсіздік бізге
оңай келген жоқ,
Алмайықшы екі қолдан
жіберіп.
Жиырмадағы
жалындаған жасында,
Қаншама жас азап
шекті расында.
Желтоқсанның ызғары
өтіп кеудеден,
Қарсы тұрды Колбин
қосқан қосынға.
Соны
ойласам елжірейді жүрегім,
Өздері
өліп, қорғап қалды Ұлы елін.
Желбіресін
көк байрағы халқымның,
Тәуелсіздік
болсын мәңгі тірегім.
2-студент
Қыран
ұшып қарға келді ендігі,
Мынау халық
– қарғалардың жемтігі.
Қазақ кетіп
орыс келді тағы да,
Екі бастың бар ма
енді теңдігі.
Шыдай
алмай жастар шықты алаңға,
ОМОН-дар
да қаптап жүрді алаңда.
Шаштан сүйреп,
тепкіге сап қыздарды,
Төгіп кетті
жастарды бос далаға.
Ауыр
тиді бұ да енді балаға,
Студенттер
шыға алмады далаға.
Тергеушілер қойып
қалып өтірік
Талай адам ұшырады
жалаға.
Студентті
хат жазбауға көндіріп,
Балаларды
бүлікші деп сендіріп,
Талай жасты
оқуынан шығарып
Қой соңында жүрді
олар ерігіп.
Айтып
отса өтірік емес бұл деген,
Тек қазақ
па ақ патшаға сенбеген.
Тәуелсіздік
кетпей қазақ жерінен
Әй, қазақтар
енді өзгеге жүгінбең!
3-студент
Жуғанмен жылдар жылысы мұздағы қанды,
Қыздарымыздың көзінде мұз қалды.
Бойымды қарытып соғатын желтоқсан желі,
Жүрегімді тағы бір сыздатып алды.
Толқындар талай соғады жағаны ұрып,
Кетпейді өткен оқиға таралып ұмыт.
Бодауын үзбек ботадай бұлқынған сонда,
Түсіме кейде кіреді жаралы жігіт.
Өмірден мынау келемін аласымды алып,
Түскенде сонау есіңе қаласың налып.
Қыршын қыздардың көзімде елесі тұрар,
Отырғандары баланың баласын бағып.
Топ жарып шығар, ал бірі шаруасына нық
Қызғанда аз-кем досымен дауласып анық.
Жүретін еді-ау жігіттер болғанда есен,
Жорғасын мініп, қолына қауғасын алып.
Мұз тоңған қайта көздері ашылды бұлақ,
Өкінішті күннің өкпесі басылды бірақ.
Жаңа алаңдағы ескерткіш жадымды қозғап,
Алдына келіп бас идім жасымды бұлап...
Тас мүсін қашау, әрине ғасырға мұра,
Бұл елдіктің құрметі асылдарына.
Кептерлерге дән сеуіп шапқылап жүрген,
Бақытты болсын балғындар, қасымда мына!
Топ студенттері би «Қара жорға»
Келесі бөлімде сіздерге арналған тапсырмалар:
1-тапсырма: «Сандар сыры». Бұл бөлімде әр топ 3, 4, 5, 7 сандарына байланысты сұрақтарға жауап береді. Сұрақтар сол сандардың қасиеттеріне байланысты болады.
3саны
Үш
дана (Абай, Шоқан, Ыбырай)
Үш
байтерек (Сәкен Сейфуллин, Ільяс
Жансүгіров, бейімбет Майлин)
Үш
байлық (Денсаулық, ақ жаулық, он саулық)
Үш
қадірлі (Бақ, ырыс, дәулет)
Үш
тұл (Қайратсыз ашу, тұрлаусыз ғашық,
әкіртсіз ғалым)
Үш
алыс (Көк пен жер арасы, кәрі мен жас
арасы, жақсы мен жаман арасы)
4
саны
Төрт
маусым (қыс, көктем, жаз, күз)
Төрт
тұлға (от, су, жер, жел)
Төрт
кітап (Зәбүр, Тәурат, Інжіл, Құран)
Төрт
періште (Жәбірейіл, Мекайіл, Әзірейіл,
Исрафил)
5
саны
Бес
арыс (А.Байтұрсынов,
Ш.Құдайбердіұлы,
М.Жұмабаев,
Ж.Аймауытов,
М.Дулатов
Бес
парыз (Иман, намаз, ораза, зекет,
қажылық)
Бес
қару(садақ, мылтық, найза, қылыш,
айбалта)
Бес
жаратылыс (Күн, ай, жұлдыз, күндіз,
түндіз)
Бес
өсиет (Топасқа сенбе, жайға иілме, әрқашан
сақ жүр, аш үйге қонба, жарлыдан сый
алма)
7
саны
Жеті
күн (Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, жұма,
сенбі, жексенбі)
Жеті
ата (бала, әке, ата, арғы ата, баба, ту
ата, тек ата)
Жеті
қазына (Ер жігіт, сұлу әйел, ілім - білім,
жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық,
құмай тазы)
Жеті
жұт (Зілзала, жұт, оба, өрт, топан су,
құрғақшылық, соғыс)
Жеті
жоқ (Аллада бауыр, аспанда тіреуіш, жерде
өлшеуіш, таста тамыр, тасбақада талақ,
аққуда сүт, жылқыда өт)
2-тапсырма:
Қазақстанның астаналары болған қалаларды
ата.
Жауабы:
1919 - 1925жж. Қазақстанның астанасы - Орынбор
қаласы,
1925
- 1929жж. Қызылорда қаласы.
1929
- 1997жж. Алматы қаласы.
1997ж.
Ақмола қаласы Астана
2019 ж. Астана атауы Нұр- Сұлтан болып өзгертілді.
1-жүргізуші:
Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның,
Айналайын алтын әнім, жас өркені халқымның.
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,
Айналайын, жас қайраты жас өркені халқымның!
2-жүргізуші:
Тігілген соң Ақ Орда- шаңырағың
Тұғырыңа қонуда сан қыраның.
Отан деген оранып от құшаққа,
Кәусарыңа шөліңді қандырамын.
Тәуелсіздік туын тігуге қаншалықты қажыр-қайрат керек болса, оны құлатпай сақтап қалуға соншалықты қажыр-қайрат керек деп, біз бүгінгі Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне арналған ««Жайна Тәуелсіз Қазақстаным»» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз
Ән: «Атамекен» топ студенттері

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген