Материалдар / Жайнай бер , көркейе бер туған қалам!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жайнай бер , көркейе бер туған қалам!

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшілерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қаңтар 2019
850
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Жайнай бер , көркейе бер туған қалам!

Сабақ мақсаты: Оқушылар бойына Отансүйгіштік қасиет қалыптастырып, туған жердің қасиетін ұғынып өсуге, қаламыздан шыққан атақты тұлғаларды құрметтеуге, қаламыздың тарихын біліп өсуге баулу.

Сабақтың көрнекілігі: Бүктемелер, стенд, слайдтар, даналық сөздер, бейнетаспа.

Сабақтың түрі: конференция

Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, география.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. (Ата толғау биі орындалады) Кіріспе сөз

Таныс өлке, Таныс аймақ ... Таныс маң ...

Анау жерде құрбылармен танысқам,

Анау жерде құрбыжанмен табысқам,

Алба-жұлба ақша бұлттар жарысқан.

Таулар әне, ұйықтап кеткен данышпан,

Жолдар анау шұбатылып шаңы ұшқан.

Бір тынбайды шегірткенің шырылы

Жел қозғаған ақ шилердің сыбыры,

Бәрі таныс, кісінеген құлыны

Ін аузында шаңқылдаған суыры

Айналайын, атамекен, ақ мекен!

Қандай қазақ іздеп сені тапты екен?!

Туған өлке, тәтті екен ғой, тәтті екен!

Ұлтымыз үшін қасиетті де киелі «Арыс» атты құтты мекенде өмір сүргендерін мақтан ететін 6 сынып оқушыларының «Жайнай бер , көркейе бер туған қалам!» атты тәрбие сағатына хош келіпсіздер!

Ел дегенде езіледі жүрегім, (Ұлбосын)

Елімді мен бақытым деп білемін.

Ел атағын, абыройын асырып,

Елім деген азаматтың бірі едім.

Елім үшін жаным құрбан қашан да, (Иманғали)

Гүлдей жайна, Туған елім , Бас алға.

Елім үшін не тапсырса істеймін

Елім үшін қиындықтан қашам ба?

Мен елімнің перзентімін, гүлімін, (Рауан)

Арқа сүйер азаматы - ұлымын.

Еліме мен аямаймын, жұмсаймын

Ғұмырымның мағыналы шырынын.

Тек мен емес,

Елім - дейді сан адам, (Майра)

Перзентімін деп өздерін санаған.,

Таусылмайды, таусылмайды ешқашан,

Үйренерім халық атты Данадан!

Мақтанамын Арысымның барына, (Бағжан)

Терезең тең басқалармен тарылма.

Өз елінің жырын жырлап, мұңын мұңдап әр ұлан,

Өз елінің қорғаушысы болу керек қашанда.

Мен жас ұланмын, (Ақерке)

Мемлекеттің қорғанымын ертеңгі.

Нұрға, гүлге толтырамын

Өзім туған өлкемді.

Әрбір адам өз туған топырағында аунап өсіп, оның тарихын біліп ер жетуі тиіс.

Олай болса,Арыс қаласының тарихы жайлы тарихшы Сайын Гүлжауһардың

«Арысым - алтын бесігім» тақырыбындағы баяндамасына көңіл бөлейік.

«Арысым - алтын бесігім»

Түркі тілдес халықтарда «Арыс» атауы ұлы, үлкен деген мағына береді. Әртүрлі жорамалдарға сүйенсек, Қаратау, Қазығұрт аймағында ең үлкені – Арыс өзені. Оңтүстігі Қызылқұм кеңістігімен жалғасады да, Солтүстігі батысында Қаратау қыраттарымен, Солтүстік Шығысы Бәйдібек, Ордабасы. Алғабас, Бөген аудандарымен шектеседі.

Аудан орталығы 1956 жылы «Арыс» қаласы болып, биыл 58 жылдық мерейтойын тойламақпыз.

Арыс станциясы Орынбор-Ташкент темір жолы салына бастаған кезден пайда болды. Бүгінде халқы 60мыңнан астам. Көлемі аса үлкен болмаса да, маңызы өте зор. Арыс станциясы Ресей мен Орта Азия , Қазақстан, Батыс Сібір аймақтарын жалғастырып жатыр. Сондықтан оны Орта Азия мен Қазақстан бағытындағы қақпа, яғни «Тоғыз жолдың торабы» деп атайды.

Бұл өңірде Алпамыс пен Қобыланды, Мұсабек пен Жаманқара батырлардың, т.б. ондаған батырлар мен көсемдер мен шешендердің, билердің, ақындардың іздері сайрап жатыр. Кешегі Отан соғысында Арыс топырағында аунап өскен алты бірдей азаматқа Кеңестер Одағының батыры, ал алпысыншы жылдары тығы да бес азаматқа Социолистік Еңбек Ері атағы берілді. Бір ауданнан ең жоғарғы атақты 11 адамның алуы өте сирек құбылыс.

Мұғалім: Ия, балалар, Арыстың елі – намыстың елі. Арыс жері – батырлар елі болып саналады. Шымкент қаласында салынған «Даңқ» мемориалында Арыстық 10533 майдангердің есімдері жазылған. Қаламызда «Батырлар алауы» ашылып, онда Кеңестер одағының 6 батыры мен Социолистік Еңбек Ерлерінің ескерткіштері қойылған. Бүгінгі жастар оларды құрметтеп, ерліктерін мақтан етеді. Енді осы батырларымызға қысқаша тоқтала кетсек.

Садық Смайлов, Нағи Ілиясов, Бейсен Онтаев, Берген Исаханов, Иван Макарович Журба, Ережепбай Молдабаев.

Мұғалім: Арыс тек батырларымен ғана емесі әдебиет әлеміне қосқан үлесімен де мақтана алады.Олай болса,әдебиетші -------------------------------------

өз пікірін ортаға салады.



Әдебиет әлемінде.

Алақандай ғана Арыстан әдебиет саласында да аты шыққан сөз зергерлері аз емес. Әдебиет зерттеушісі, ғалым, аудармашы Бейсенбай Кежебаевтан бастасақ, балалар ақыны - Өтебай Тұрманжанов, әйгілі сатирик – Садықбек Адамбеков, жазушы драматург – Дулат Исабеков, ақын – Мұхтар Шаханов. Айтыскер ақан – Кәрима Оралова сынды әдебиеттің майталмандары Арыстың ғана емес, бүкіл еліміздің мақтаныштары. Сонымен қатар қазақтың ауыз әдебиетінің асыл үлгілерінің бірі болып саналатын «Мұңлық – Зарлық» эпикалық дастанының оқиға сюжеті арыс ауданына қарасты Байырқұм, Жиделі мекендерінде өткені анықталып отыр. Бұл күндері халық әулие деп санайтын Қаншайым мен Зарлықмазарына күмбез орнатып, ел қамқорлығына алынған. «Мұңлық-Зарлық» дастаны мазмұны мен көркемдік сипаттары жағынан айрықша дараланатын құнды шығарма. Ол тарихи шындық негізінде , атап айтсақ қазақ пен қалмақ бөлінбей бірге жасаған дәуірдің көріністерін көрем бейнелейді.

Мұғалім: «Ел іші – өнер кеніші» демекші, елдің атын ер шығарады. Арыс өңірінен шыққан дарынды азаматтар да аз емес. Келесі кезекті өнертанушы --------------------------ортаға шақырсақ.

«Ел іші – өнер кеніші»

Қай елде болса да, жергілікті тұрғындар ел арасынан шығып,өзінің қажырлы еңбегімен көзге түскен мемлекет және қоғам қайраткерлерін, мәдениет, әдебиет, өнер-білім саласындағы азаматтарын қастаерлеп, мақтан етеді.

Арыс өңірінің атан шығарған азаматтар да аз емес. Солардан академик- Мұрат Жұрынов. Нұржамал Үсенбаева, Ақжол Мейірбеков, Ержан Серікбаев, Шаһизада сынды т. б. талантымен танылған азаматтарымыз баршылық.

Мұрат Жұрыновтың есімі ғалым, академик ретінде жақсы таныс. Туркияда өтіліп тұратын конференцияда «Түркі дүниесін өркендетуге сіңірген еңбегі үшін» деген мемлекеттік атақ, арнайы дипломмен марапатталды. Мұрат Жұрынов Республикамыздың химия және химиялық технология саласындағы көрнекті маман.

Нұржамал Үсенбаева жастайынан ән әлеміне қызығып, өнер өмірінен өз орнын іздеген Нұржамалға консерваторияда оқып жүрген кезінде –ақ айтулы жазушы Ғабит Мүсірепов ақ батасын берген екен. Нұрғиса Тілендиев ағасының тәрбиесін көріп, қазақ әнімен шетелдіктерді тәнті етті. Ол орындаған классиктердің шығармалары жүрек толқытты. Ән арқалап төрткүл дүниені түгел аралады. Жай аралап қана қойған жоқ, табаны тиген жерде қазақтың талантын өзгелерге мойындатты. Бір басына атағы жетіп артылады. Арыстан шыққан аққу қазақ елінің ән аққуына айналды.

Ержан Серікбаев - Арыстан шыққан тума талант, сазгер, Шәмші ағамыздың ізбасары еді. Ержанның сырлы да сазды, сұлу әндері кәрі –жастың жүрегінен орын алды. Оның «Арысым», Мөлдір моншақ», « Астана», «Арман» т.б. көптеген өлеңдері еліміздің атақты әншілерінің орындауында көпшілікке танымал.

Ендігі кезекте Ержан Серікбаевтың «Арысым» әнін Әлібек Мейіржанның орындауында тыңдасақ.

Мұғалім: «Туған жер»

Жұлдыз Өтегенова

Арысым ...

Ауаңмен тыныс алып емделем,

Оңашада аңсап толқып тербелем.

Арманымның ақ сұңқары - туған жер,

Алып ұшып сағынумен мен келем.

Қандай ыстық туған жердің түтіні,

Сыбызғыдай сыңғырлайды тәтті үні

Алыс жаққа сапар шегіп кетсем де,

Есте жүрер балғын шақтың пәк күні.

Неткен ғажап... Балбыраған бал шырын

Ақтаратын тек өзіме жан сырын

Арысымның ор текедей толқынын

Шәмші сүйіп жазды назды ән жырын

Атамекен кіндік қаным тамған жер

Бес Батырдың аты өшпес майдангер

Еңбегімен еленуде ерлерім

Игілікке жаратады пайдаңды ел

Туған қалам арта берсін ырысың

Әрқашанда тарылмасын тынысың

Өзің менің табылатын қасымнан

Лаулап жанған жүрегімнің нұрысың

Қуат алып ақ толқындар сазынан

Самғап ұшты жезтаңдайлар жасынан

Топырағыңа басымды иіп туған жер

Саған ғана арналады асыл ән.

Ән: «Туған жер» Орындаушылар- Жақсыбек А, Бимырза Ұ .

Қадыр Мырза Әлидің « Елге деген махаббат» өлеңін Асылбай Ұ оқып береді .

Бейнекөрініс

Арысым туған жерім Отаным (Гаухар)

Елім үшін биіктерден асамын

Адам болып ержеткен соң еліме

Азаматтық үлесімді қосамын

(Жанат, Гүлжауһар, Мереке)

Би: «Қамажай»

Мұғалім: «Жақсының жауда дағы досы болар,

Өзендер арнасында тасып ағар.

Тоқшылық тайқазаны түспейді оттан –

Самғау деген шарықтап осы болар»



Биыл күзге қарай қаламыздың құрылғанының 58 жылдығын атап өтеміз.

Біздің кешегіден бүгініміз, бүгінгімізден ертеңіміз нұрлы. Республикалық деңгейден қарағанда қаламыздың атақ –абыройы, мәртебе-мерейі өзіне лайықты екені әрбіріміздің кеудемізде мақтаныш сезімін туғызады. Қаламызда шағын және орта бизнесті дамытуға бірінші кезекте мән беріліп отыр. Жағар май бекеті мен авто жөндеу, жуу цехтары бой көтеріп, диірмен мен наубайханалардың ашылуы, сауықтыру орталықтары іске қосылды. 44 метрлік көпірдің салынып, жолдардың асфальттануы, автобус аялдамалары мен телефон байланысының сапалы қызмет көрсетуі Арыстықтар үшін үлкен тарту болды.

«Таза су» бағдарламасы бойынша да тиянақты жұмыс жасалынуда. Оқушы жастардың сапалы білім, саналы тәрбие алуын ұйымдастыруда жаңа ғимараттар бой көтеріп, мектептер пайдалануға берілуде. Жылу жүйелері күрделі жөндеуден өткізілуде. Мектептен тыс және мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметі де бұрынғы жылдарға қарағанда айтарлықтай жандана түсті. Бала бақшалар саны күрт өсуде. Қала тұрғындарының медициналық қызмет көрсету көлемі кеңейіп, оның сапасы едәуір жақсарды. Мәдениет пен спорттағы табыстар да қуантады. Қалалық мәдениет үйі облыстық байқауларда үнемі жүлделі орындардан көрініп жүр. Балалар мен жасөспірімдердің қалалық спорт , бокс мектебіқсы өнер көрснің тәрбиеленушілері облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарда жақсы өнер көрсетіп табысты оралып жүр. Арыстықтар туған қаласын және елді мекендерді абаттандыруға белсене қатысуда. Мектеп оқушылары мен жұмысшы жастар «Жасыл ел» бағдарламас бойынша нақты іс-шараларды жүзеге асыруда. Қаламыздың қарышты дамуы, гүлденуі, әлеуметтік жағынан дамуына қала әкімі мен орынбасарлары, бқлім басшыларының өз міндеттерін тиянақты істерінің жемісі.

Жайнай бер , көркейе бер туған қаламыз Арыс қаласы!

Қорытынды:

Таяу болашақтағы қала келбетін былаша елестетеміз:

  • Арыс өнеркәсібі барынша дамыған агроиндустриялы қалаға айналады.

  • Арыс терминалдары көк тіреген мұнайлы қалаға айналады.

  • Арыс өзенің екі жағын тең алып жатқан, жағажайларында қалың көпшілік демалып жатқан шырайлы қалаға айналады.

  • Арыс электровоздары арқыраған,түні күндіздей жарқыраған қалаға айналады.

  • Арыс, бір сөзбен айтсақ, Барыс қалаға айналады.

Жөн сұрасқанға кез-келген арыстық «Қайдансың»- деген сауалға «Арыстанбыз»- деп , кеудені керіп мақтанышпен жауап береді. Біз , шынында да Арыстанбыз.

Арыстан – аң патшасы емес пе?!

Мақтанайық ағайын!


































Амазонка өзенінің тынық жерлерінде ені 2-метрді құрайтын өте үлкен жапырақты гүл.






Субэкваторлық немесе тропиктік белдеулерде таралған жеке немесе шоқ-шоқ ағаш пен бұта кездесетін далалы жазықтар қалай аталады?



Суец каналы қайда орналасқан?


Әлемдегі ең биік сарқыраманың

биіктігі қанша метр?

Және ол қайда орналасқан?


Африканың маңында орналасқан

әлемдегі ең ұзын бұғазды атап,

картадан көрсет.


Африканы зерттеуде

Давит Ливингстонның

рөлі қандай болды?




Қатты бидайдың

отаны қай ел?




Африка материгінің ең ерекше

өсімдіктерін ата.


Африкада орналасқан әлемнің

жеті кереметіне кіретін

құрылыс нысандарын ата.


Сахара шөлінің оңтүстігінде

орналасқан суы

таяз көлді ата.


Африка материгінде ғана

мекендейтін жануарларды ата.

Оларды сипаттап бер



Оңтүстік Американың табысы

ең жоғары мемлекеті қалай аталады?

Және сол елдің өзге де ерекшеліктерін ата.




Солтүстік Америкада болып тұратын

«қиратшылық күші бар аса зор құйын»

деген мағынаны білдіретін

табиғат апаты қалай аталады?


Африка материгінің ең төмен жері қалай аталады? Және оның абсолютты биіктігін (тереңдігін) ата.


Экваторды екі рет кесіп өтетін

Африканың өзені қалай аталады?


Көлемі 3 млн км² құрайтын

Африкада орналасқан

түбек қалай аталады?



Әлемнің ең қуатты әрі ірі көлемді

сарқырамасы қалай аталады?

Және ол қайда орналасқан?











Солтүстік Америкадағы жер көлемі жөнінен әлемде екінші орын алатын мемлекет қалай аталады?

Сол мемлекет жайлы қысқаша мағлұмат бер.










Солтүстік Америка мен Оңтүстік Американы қосатын мойнақ (канал) қалай аталады?











Апортеид дегеніміз не?

Ұғымның пайда болу себебі не?

Ол қай жерлерде көп байқалды?











«Өзендер патшайымы» атанған өзен қалай аталады және ол қайда орналасқан?




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!