Тақырыбы:
«Жайнай берсін, Астана!»
Мақсаты:
Балаларға еліміздің бас қаласы-Астана
туралы мәлімет беру.
-Баланың
ізгілік қасиетін дамыту. Ойын арқылы
балалардың ой-өрісін, қимылын ұштау.
-Отанға,
туған жерге деген сүйіспеншілігін
арттыру, өз елінің Отанын сүйетін патриот
болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Қ.Р-ның рәміздері, Астана қаласының
ғимараттары.
Әдісі:
Әңгімелесу, сұрақ-жауап
Жүргізуші:
Қайырлы таң, балалар!
Қайырлы
таң, қонақтар!
-Сіздерді
салтанатты мереке Астана күнімен
құттықтаймыз!
Жылулық
шеңбері: Ал енді балалар бәріміз
бір-бірімізбен сәлемдесіп алайық.
Амансың
ба, Алтын күн!
Амансың
ба, Жер ана!
Амансың
ба, Астана!
Келдік
саған қуана!
-Балалар,
енді бүгінгі күнімізге сәттілік тілей
отырып, жылы лебіздер айтайық.
Деніміз
сау болсын!
Күніміз
күлімдесін!
Еліміз
аман болсын!
Ата-анамыз
қасымызда болсын!
Бәріміз
дос болайық!
Бәріміз
бақытты болайық!
Аспанымыз
ашық болсын!
Әнұран
орындалады.
Жүргізуші:-Қане,
балалар отырайық. Біз бүгін Отан туралы
әңгімелесеміз. Балалар Отан деген сөзді
қалай түсінеміз?
Балалар:
туған жерім, атамекенім, отбасым, халқым.
Жүргізуші:
-Дұрыс балалар, Отан дегеніміз еліміз,
жеріміз, туған үйіміз, өскен жеріміз.
-Біздің
Отанымыз-Қазақстан. Қазақстанды Отанымыз
дейтін себебіміз, бұл жерде ата-бабаларымыз
тұрған, енді сол жерде біз тұрамыз. Адал
адам, Отанын сүйеді. Адам жүрексіз өмір
сүре алмайтыны сияқты, Отансыз да өмір
сүре алмайды. Біздің мемлекетіміз
Қазақстан Республикасы, ұлтымыз-қазақ.
Жүргізуші:
-Балалар, Қазақстан Республикасының
президенті кім?
Балалар:
-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Жүргізуші:
-Біз
қай мемлекетте тұрамыз?
Балалар:
-Қазақстан Республикасы
Жүргізуші:
-Қазақстан
Республикасының мемлекеттік тілі
қандай?
Балалар:
-Қазақ тілі
Жүргізуші:
-Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Қазақстанда
әртүрлі ұлт өкілдері тұрады. Соның
ішінде қандай ұлт өкілдерін білесіңдер?
Балалар:
-орыс, түрік, қытай, өзбек
Жүргізуші:
-Мемлекеттік рәміздерді кім атап береді?
Балалар:
-Әнұран, ту, елтаңба
Жүргізуші:
-Ел ордамыз қай қала?
Балалар:
-Астана
Жүргізуші:
-Балалар бүгін бас қаламыз-Астананың
туған күні!
Астана
қаласының суреттерімен таныстыру
Жүргізуші:
-Балалар, мынау Қазақстанның бас ордасы
– Астана. Ол жаңадан бой көтеріп келе
жатқан жас қала. Ал мынау-Ақорда үйі,
онда біздің елімізді басқаратын президент
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев отырады.
Мынау -Бәйтерек. Ол өте биік, оның биіктігі
105 метр. Мұнараның жоғары жағында шыныдан
жасалған алтын шар бар. Мұнараның жоғарғы
жағына көтерілсек, Астана толығымен
көрініп тұрады.
Астана
күні мерекесіне арналған «Тоты» тобының
балаларының орындауында ән тыңдайық.
Ән.
«Астана»
Келесі
кезекте «Балдырған» тобының тақпақтары:
Алтын
заңның аясында
Құлпырамыз
бәріміз.
Отан
ана аясында
Жарқыраймыз
күн болып.
Қадамың
бар баспаған,
Асуың
бар аспаған.
Халқым
жетсін мұратқа,
Ей,
бас қалам- Астанам.
Шырқап
көкке аспан ән
Болашаққа
бас қадам.
Қазақ
рухын биіктет
Ей,
бас қалам -Астанам.
Отан-тарих,
Отан-тіл
Жасаған
елім өз халқым.
Көк
байрағы бабамның
Бүгінгі
ұрпақ алауы.
Тірегі
әке баланың
Қазақстан
жалауы.
Желбірейді
шалықтап
Қазақстан
жалауы.
Көкте
қыран қалықтап
Қанат
қағып барады.
Жүргізуші:
-Өте жақсы, балалар!
Ойын.
«Шаңырақ»
«Құлыншақ»
тобының балаларының тақпақтары:
Астана-арман
қала
Бағы
бір жанған қала.
Тұрады
ол жап-жас болып
Мен
үлкен болғанда да.
Жаңа
қала, жас қала
Болды
бүгін бас қала
Ол-сүйікті
қаламыз
Алып
қала Астана.
Жүрегі
елімнің
Астана
бас қала
Әлемге
көріндің
Ұқсамай
басқаға.
Ел
ордам менің Астанам
Осында
жаңа бастама
Сәулетті
зәулім үйлер көп
Көрікті
сондай жас қалам!
Жүргізуші:
-Өте жақсы, балалар! Енді орнымыздан
тұрып, бойымызды бір сергітіп алайық.
Сергіту
сәті. «Менің де, сенің де»
«Тоты»
тобының балаларының тақпақтары:
Гүл
жайнаған Астана
Қазақстан
отаны
Бірін-бірі
сыйлаған
Туысқандар
отаны
Астана
арман қала
Бағы
бар жанған қала
Тұрады
ол жап-жас болып
Мен
үлкен болғанда да.
Жаса-жаса
Астанам
Өркен
жая бастаған
Болашақтың
есігін
Өз
қолыңмен аш маған.
Құлыншақ
тобының орындауында ән.
Ән.
«Жаса, Қазақстан»
Жалпы
би. «Кішкентай жұлдыздар»
Жүргізуші:
Осымен Астана күніне арналған «Жайнай
берсін, Астана!» атты мерекеміз аяқталды.
Қош, сау, болыңдар!