Жалаң және жайылма сөйлем

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жалаң және жайылма сөйлем

Материал туралы қысқаша түсінік
8 сынып қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін»

Оқу ісі жөніндегі орынбасар: Елеусінова Р.Т.


Күні 12.12.2017 ж

Қазақ тілі

Пән мұғалімі: Әбілдаева Э.Т.

Сабақтың тақырыбы:

Жалаң және жайылма сөйлем


Мақсаты:

Жалаң және жайылма сөйлем туралы түсінік беру, сөйлем талдату арқылы меңгерту.


Міндеті:


1.Оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдыларын қалыптастыру, ұстамдылыққа, жылдам ойлауға, әдемі сөйлеуге, тапқырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

2.Оқушылардың сауаттылығын, ақыл-ойын, логикалық ойлау жүйесін дамытуды көздеп, арнайы жаттығулар жүргізу. Олардың сабаққа деген белсенділігін, іздену, шығармашылық ойлау, талдау, салыстыру қабілеттерін арттыру.

Қолданылатын ресурстар:

А4, А3 қағаздары, маркер, стикер, слайд

Оқу нәтижесі:

Жалаң және жайылма сөйлемдерді ажырата алады. Өздігінен сөйлем талдайды. Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыра алады. Топта бірігіп жқмыс жасайды.

Сабақтың түрі:

Жаңа білімді меңгерту.


Әдісі:

«Болжау» , «жоба қорғау», «ым мен ишара» ойыны, семантикалық карта, «соңғы сөзді мен айтайын, қб түрлері

Пәнаралық байланыс:

Қазақ әдебиеті


Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ұйымдастыру


-         Бүгін біздің сыныпқа қонақтар келіп отыр. Алдымен барлығымыз қонақтармен амандасайық.

Амандасу рәсімі:

Ал өздерің көңіл-күйлеріңді суреттеңдерші.

(күн, бұлт, жаңбыр,ағаш)

-         Менің сендерге тілерім –






«Шаттық шеңбері»



Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз.

Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.

Бүгінгі күн тамаша!





жарқыраған күн сендердің жандарыңды жылытсын және сендер күн шуағындай адамдарға мейірімді, қайырымды болыңдар. Сендердің шашқан шуақтарың қонақтардың жанын жылытсын!

Біз - заманның гүліміз,
Сәтті болсын күніміз.
Суық болса қысқы күн,
Жақсы сөзден жылыңыз.
Сұлу, көркем қайыңбыз,
Ізденуге, оқуға
Біздер әркез дайынбыз.

Психологиялық дайындық

3 мин

Үй жұмысын тексеру

«Ұққаныңды айт, ұмытқаныңды еске түсір» айдары

5 мин





«Өзін-өзі бағалау» әдісі

- Енді өткен сабақтарда алған білімдерімізді еске түсірейік. Ол үшін 1) диктанттық бақылау жүргіземіз.

а) Сөйлем мүшелері дегеніміз не?

ә) Сөйлем мүшелері неше түрге бөлінеді?

б) Тұрлаулы мүшелер дегеніміз не?

в) Тұрлаусыз мүшелер деген не?

д) Жақты сөйлем деген не?

е) Жақсыз сөйлем деген не?

Мұғалім сұрақтарды оқиды. Оқушылар дәптеріне тек жауаптарын жазады.





3 мин


2.    «Болжау» әдісі

 Сөйлемдегі сөйлем мүшелеріне назар аударайық.  Сонда не байқап отырсыңдар?



Қар жауды.


Құс ұшты.

Балалар ойнады.

Мал жайылды.


Қар қалың жауды.


Құс аспанға ұшты.

Балалар далада ойнады.

Мал өрісте жайылды.

Жаңа сабақ

7 мин















Бағалау: «Қол белгісі»

-         Сонымен балалар, бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы «жалаң және жайылма сөйлем» деп аталады. Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күннің жадысын, тақырыбын жазып алайық

1. Топтық жұмыс. Жоба қорғау

1-топ. Жалаң сөйлемге байланысты бір ереже шығарып, мысалдар арқылы қорғайды.

2-топ. Жайылма сөйлемге байланысты ереже шығарып, мысалдар арқылы жоба қорғайды.

3-топ. Жалаң, жайылма сөздерінің синонимдерін табу.

4-топ. Жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемдерге айналдыру.


Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күннің жадын, тақырыбын жазып алады.

Әр топ өз тапсырмасы бойынша жоба қорғайды.






Мен түсініп отырмын_____ және түсіндіре аламын. (қолдын бас бармағы жоғары бағытталады)

Мен әлі түсінбей отырмын_____(қолдын бас бармағы жанына қарай жантаяды)

Мен түсінгеніме сенімді емеспін_____(қолды бұлғау)


Оқулықпен жұмыс

5 мин

Бағалау:

«Екі жұлдыз, бір тілек»

187-жаттығу. Мәтінді оқып, табиғат құбылыстарына түсінік беріңдер.

1-топ. Қар

2-топ. Сағым

3-топ. Жауын

4-топ.Кемпірқосақ

Қарамен жазылған сөйлемдердің түрлерін ажыратып, сөйлем мүшелеріне талдау.

1-топ

Әжем екеуміз Сүмбеге, нағашымның ауылына жаяу келе жатырмыз.

Әжемнен ол аппақ не екенін сұраймын.

2-топ.

Қалайша еріп кетпейді?

Саржазықтың бетінде темір пештің қызуына ұқсаған, жалындаған ғажайып бір толқын байқалады.

3-топ.

Әжем оның сағым екенін айтты.

Әжем күледі.

4-топ.

Сағымның түтін емес екенін түсіндіргендей болды

Жауыннан соң кемпірқосақ пайда болды.

Семантикалық картаны толтыру

186- жаттығу.


  1. Табиғат құбылысына түсінік береді.

  2. Жай сөйлем түрлерін анықтайды.

























Семантикалық картаны толтырады, өз-өздерін тексереді.

Сергіту сәті

2 мин

«Ым мен ишара» ойыны.

Жайна мен Ұлпан кітап оқып отыр.

Мен дәптерге жаздым.

Олар сыртқа шықты.

Далада суық жел соғып тұр.

Біз қуандық.

Жарыстар бірінші орын алдық.

Табиғат тамаша! Далада қармен ойнаймыз.

Оқушылар топқа бөлініп, берліген сөйлемдерді келесі топқа ым-ишарамен түсіндіреді.

Сабақты бекіту

3 мин

Бағалау:

«Ауызша журнал»

«Сөйлемдер тізбегі»

  1. Пысықтауыш анықтауыш бастауыш баяндауыш

  2. Бастауыш пысықтауыш пысықтауыш баяндауыш

  3. Анықтауыш бастауыш баяндауыш

  4. Бастауыш анықтауыш толқтауыш баяндауыш


Сабақты қорыту

Бағалау:

«Соңғы сөзді мен айтайын»



Шығармашылық тапсырма.

Өлеңді аяқтау, қара сөзге айналдыру

..........................ақтарылсын,

..........................мақтанышым.

............................еңбек етем,

.............................ақтау үшін.



Үй жұмысы

1 мин

189-жаттығу. Ережелерді оқу.

189-жаттығу. Ережелерді оқиды.

Бағалау

2 мин

Журналға қою

Топтық бағалау бетшесін оқиды.

Кері байланыс

3 мин

«Ойды аяқта»

Сөйлемдерді өз ойымен аяқтайды.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.12.2017
565
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі