400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жалаң және жайылма сөйлем 97-101 жаттығу

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалаң және жайылма сөйлем туралы білімдерін кеңейту және түсіну.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар


Қазақ тілі

Уақыты: 4.12.15ж

Сыныбы: 3 «А»

Мұғалім: Жолдасова Г.З.

Сабақтың тақырыбы

Жалаң және жайылма сөйлем 97-101 жаттығу

Сабақтың мақсаты


Жалаң және жайылма сөйлем туралы білімдерін кеңейту және түсіну.

Міндеті

Жалаң және жайылма сөйлемдерді ажырату, оларға сұрақ қоя білу.

Күтілетін нәтиже

Жалаң және жайылма сөйлемдерді ажырата алады. Оларға сұрақ қоя біледі.

Көрнекілігі

Кеспе қағазы, сызба т.б.

Психологиялық ахуал

- Балалар, сендер өздеріңді жақсы көресіңдер ме?
- Бір - біріңді жақсы көресіңдер ме?
Ендеше бір - бірімізге деген жылы лебізімізді білдірейікші.
Бір - біріне жылы лебіздерін білдірген соң бәріне сабақта сәттілік тілеймін.
Сабақта әр дұрыс жауапқа фишка таратылатынын, сосын сабақ соңында фишка санына байланысты бағаланатындарын хабарлау.

Қызығушылықты ояту

«Сиқырлы сандар» ойыны.
Буындар сандармен жабулы тұрады. Сұрақтарға жауап беру арқылы сандарды біртіндеп ашамыз.
1. Сөйлемнің қандай мүшелері бар?
2. Тұрлаулы мүшелерге не жатады?
3. Тұрлаусыз мүшелерге не жатады?
4. Бастауыш дегеніміз не?
5. Баяндауыш дегеніміз не?
6. Жай сөйлемнің қандай түрлері бар?
7. Жалаң сөйлем деген не?
8. Жайылма сөйлем деген не?

Жаңа сабақ

--Бір ғана тиянақты ойды білдіретін жеке сөйлемді жай сөйлем деп атаймыз. Мысалы: Қыс түсті.

Жай сөйлем жалаң және жайылма болып екіге бөлінеді.

Бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлемді жалаң сөйлем дейміз. Жазира биледі.

Тұрлаулы мүшелерден басқа тұрлаусыз мүшелерді жайылма сөйлем дейміз. Жазира әдемі биледі.

97-жаттығу

Күн бұлттанды. Түн ұзарды. Ұшақ көтерілді.

Динара сыныпқа кірді. Ұшақ биікке көтерілді. Мұғалім сыныпқа кірді.

99-жаттығу

Оқушылар апаймен кездесті. Жолаушылар аялдамаға жақындады. Ұстаз сабақ түсіндірді. Айдын биге қатысты.

100-жаттығу

Жалаң сөйлем

Күн жылынады. Бау байланды.

Жайылма сөйлем

Ұшақ биікке көтерілді. Айман мені кітапханада күтеді. Керек-жарақтың бәрі бар. Әжем шұлық тоқыды.

101-жаттығу Ребусты шешу.

Тіл қылыштан өткір

Оқушылар тыңдайды, дәптермен жұмыс жасайды.

Ой толғаныс

Ойын:  “Кім көп біледі?” Ережелер әлемі.

1.Сөйлемнің  түрін  ата,

2.Сөйлем  мүшелері  дегеніміз  не,

3.Сөйлем  мүшелері  нешеге  бөлінеді?

4.Тұрлаулы мүше  дегеніміз  не?

5.Тұрлаусыз  мүше  дегеніміз  не?

6.Сөз  таптарын  ата,

Үйге тапсырма

Оқулықтағы 98-жаттығуды көшіріп жазып келу.

Күнделіктеріне жазып алады.

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Рисунок 124

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Тексерілді:----------------директордың оқу ісінің меңгерушісі Б.Қ.Жаңабаева











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
481
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі