400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

жалаң және жайылма сөйлемдер

Материал туралы қысқаша түсінік
материал 4 сыныпқа мұғалімдеріне арналған құрал. Оқушыларға түсінікті сабақты жақсы меңгеруге көмектеседі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

Сабақтың тақырыбы: Жалқы есім және жалпы есім
Сабақтың мақсаты:Білімділігі: Жалқы және жалпы есім туралы түсінік бере отырып, жаттығулар орындау арқылы, сөйлем ішінен оларды таба білуге үйрету.
Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі: Бірлікке, ұйымшылдыққа, бірін - бірі тыңдай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, сөзжұмбақ.
Түрі: жаңа сабақ
Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, Венн диаграммасы.

Қызығушылықты ояту.
Сендерді өмірде не таңғалдырады? Таңғалатын жайттар бізге жиі кездеседі. Ал мен күнге таңғаламын. Өйткені ол нағыз сиқыршы сияқты, жылы әрі мейіріммен сәлемдесе біледі. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік қолдары сияқты аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады. Барлығы тақтадағы күнге қарап өлеңді оқиды.

Күн жарығын алақанға саламын
Жүрегіме басып ұстай қаламын
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейрімді.
Болып кетер сонда дереу жан – жағым.

Оқушылар түстер бойынша топтарға бөлінеді.

Топ басшыларына бағалау парақтарын үлестіру.

Ертеде Зат есім деген сөз табының Жалқы және Жалпы есім деген ұлы болыпты. Жалқы есім өзімшіл тек қана өз атын айта беріпті. Ал Жалпы есім көпшіл жалпылама ұғымды білдіріпті. Зат есім болса екі ұлының да мінезін біліп, олармен тіл табысып екеуін де орынды жұмсай біліпті. Олар да әкелерін сыйлапты. Ендеше, біз де осы сабақта бір – бірімізді сыйлап, тыңдап Жалқы және Жалпы есім туралы білетін боламыз.

Ойын «Қалаған затыңды таңда» (Әр бала өзіне ұнаған түске сай заттарды алып, орындарына отырады.)
Оқулықпен жұмыс 333 – жаттығу Мына суреттегі заттарға назар аударайық. Заттың атын жазайық.(суреттер көрсетіледі ) Алма(қыз), алма (жеміс) Раушан (қыз,) раушан (гүл)
Сөздердің бірі кіші әріптен, екіншісі үлкен әріптен басталып жазылу себебі неде деп ойлайсыңдар?

Жұптық жұмыс: оқушылар 3 жалқы есім және 3 жалпы есім жазып шығу. Дәптерлерін алмастырып бір – бірінің жұмыстарын тексереді.
334 - жаттығу. Берілген жаңылтпаштың ішінен кісі аты мен жер аттарын теріп жаз.
Арман атай,
Аралағаны - Тарбағатай.
Арман атай атын
Тарбағатайда тағала алмай,
Айғайды салған атай.
Ережеге зер салайық!(ережені балаларға оқыту, түсіндіру, сөздерді талдау )

Кісінің аты – жөні,жер- су аттары, жан- жануарларға қойылған атаулар жалқы есім деп аталады. Жалқы есімдер әр уақытта бас әріппен жазылады. Сәуле,Тараз.

Топтық жұмыс: 1 - Топ.: Зат есімге сөздер ойла
2 - Топ: Сөздердің ішінен жалқы есімдерді тап
(Серік, ата, жайық, Әлия, ұстаз, Алатау, көл, оқушы, Ақтау, жұмысшы)

3-топ.кімдер? сұрағына сөздер ойла.
Сергіту сәті
Шапалақтап қолыңды,
Жай - жай
Міне былай, міне былай,
Жай - жай
Шапалақтап қолыңды,
Тез - тез
Міне былай, міне былай,
Тез - тез - тез....
Семантикалық картамен жұмыс ( топтық )
Сөздер ------ Зат есім ----- Етістік ------ Сын есім ------ Сан есім
келді
ана
бес
сұлу
алма
қырық
отыр
жүз
көл

Тақтамен жұмыс. Көру диктанты
Жетісу - көркем өлке. Іле - осы өлкедегі үлкен өзен.
Ол Балқаш көліне құяды. Көл жағасында Балқаш қаласы орналасқан.
Тапсырма: Жалқы есімдерді табу.
. Сұрақ - жауап: - Жалқы есім дегеніміз не? - Жалпы есім дегеніміз не?
«Екі жұлдыз бір тілек» (Әр бала өз тілегін алған әсерлерін қағаз бетіне түсіру, мұғалімге тілек жазу)

Үйге тапсырма. Күнделікті енді ашайық
Үй тапсырмасын жазайық.
Бүгінгі алған білімді,
Ұмытпай есте сақтап алайық.
Бағалау.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 мамыр
420
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі