Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жалаң және жайылма сөйлемдер

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалаң және жайылма сөйлемдерді ажырата алады. Өздігінен сөйлемді талдайды. Жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемдерге айналдырады. Топта жұмыс жасауға дағдыланады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Талдықорған қаласының облыстық есту қабілеті бұзылған балаларға арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мүғалімі:Бесбаева Аида Есимхановна

Жалаң және жайылма сөйлем


Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлемдер

Мақсаты: Жалаң және жайылма сөйлемдер туралы түсінік беру, сөйлемді талдату арқылы тақырыпты меңгерту.

Міндеті:

а) жалаң және жайылма сөйлемнің жасалу жолын меңгерту, бір-бірінен ажырата білуге үйрету;
ә) сызбалар, кесте бойынша жұмыс жасауға дағдыландыру;
б) сөйлем құрастыруға, байланыстырып сөйлеуге үйрету;
г) өз бетінше және топта жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;
д) өзін-өзі, бір-бірін психологиялық тұрғыда бағалау;

Күтілетін нәтиже:

Жалаң және жайылма сөйлемдерді ажырата алады. Өздігінен сөйлемді талдайды. Жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемдерге айналдырады. Топта жұмыс жасауға дағдыланады.

Сабақтың түрі: жаңа білімді өздігінен меңгеру

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Қолданылатын әдістер: «гармошка», «айна», «селфи», «пирамида», «қос құты», «гауһарлар иерархиясы», «ақиқат пен жалған», «мидың суреті» әдістері

Сабақтың  барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу.

  • Балалар, бүгін көңіл күйлерің қалай? Өздеріңнің көңіл күйлеріңді көргілерің келе ме? («Айна» әдісін қолдану). Онда сабағымызды жақсы көңіл күймен өткізейік.

Өткен сабақты тексеру:

«Гармошка» әдісі. Оқушыларға гармошка түрінде жасалған парақ беріледі. Сол параққа өткен тақырыпқа байланысты сұрақ жазады. Парақтарды ауыстырамын. Оқушылар таңдаған парақта берілген сұраққа жауап береді.

Жаңа сабақ: 

1.Мағынаны тану.

Қар жауды.                 Биыл қар қалың жауды.
Ұшақ көтерілді.         Ұшақ биікке қарай көтерілді.

Мұғалім кірді.   Мұғалім сыныпқа аяғын тез-тез басып кірді.

Күн жылынды.  Түстен кейін күн жылынды.

Сөйлемдерді оқып, айырмашылығын айтады, тақырыпты ашады, ережесін шығарады.

2. «Селфи» әдісімен оқушыларды топқа бөлу. 

3. Жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемдерге айналдырып жазу. Берілген тапсырманы топта орындайды.

1-топ. Нұрлан тыңдады. Ол киіне бастады. Олжас келе жатыр.

Андрей шақырды. Анасы кетіп қалды.

2-топ. Қонақ келді. Ол біледі. Болат оқып отыр. Қайрат барды. Анасы пісірді.

4. «Пирамида» әдісі. Жалаң сөйлем берілген. Әр сөйлемге бір сөзден қосып пирамида құрау.

1-топ. Жаңбыр жауды.

2-топ. Қар жауды.

5. 1-топ «Қос құты» әдісі. Жалаң сөйлем мен жайылма сөйлемді салыстыру.

Қуанға жеке жұмыс:

Кестені толтыр

Жалаң сөйлем

Жайылма сөйлем












2-топ «Гауһарлар иерархиясы» әдісі.

Оқушылар берілген жайылма сөйлемнен жалаң сөйлем жасап, «гауһарлар иерархиясына» орналастыру керек.

Қазақстан көптеген мөлшерде астық, ет, жүн және басқа өнімдерді дайындайды. Әлемдік тәжірибе қолданылады. Қазақстанның оңтүстік өңірінде мақта егіледі. Солтүстік облысында егін шаруашылығы дамыған. Қазақстанда 20миллион тоннадан артық астық өндіріледі. Қызылорда, Алматы облыстарында күріш егіледі. Оңтүстік Қазақстан жүзім, бақша өсіруге маманданған. Қазақстанда мал шаруашылығы бұрыннан дамыған. Түйе шаруашылығынан сапалы өнімдер алынады.


Сабақты бекіту:

«Ақиқат пен жалған» әдісін қолдану

  • Жай сөйлемнің 6 түрі бар. (жоқ 7)

  • Жалаң сөйлем тұрлаулы мүшеден тұрады. (иә)

  • Оқушы тыңдады. Жайылма сөйлем? (жоқ)

  • Тұрлаусыз мүше бар жай сөйлемді жайылма сөйлем дейміз. (иә)

  • Сөйлем құрылысына қарай 2ге бөлінеді (иә)

  • Сендер бүгін сабақта жақсы жауап бердіңдер

Рефлексия:

«Мидың суреті» әдісі

Үй жұмысы: «Менің досым» тақырыбында эссе жазу, жалаң және жайылма сөйлемнен тұруы керек.

Бағалау: сабаққа қатысқан оқушылардың білімін бағалау




 


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.11.2018
597
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12