Білім беру
саласы: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу
қызметі: Көркем
әдебиет.
Тақырыбы: «Жалаңаяқ бақташы»
ертегісі.
Мақсаты: қазақ батырлары жайлы мағлұмат
беру.
Білімділігі: тәуелсіз қазақ елі әскерлері туралы
әңгімелеу.
Дамытушылығы: есте сақтау, түсіну, жаттау
дағдыларын дамыту.
Тәрбиелігі: аға ұрпақтың өсиетіне адал болуға
және патриоттық
сезімге тәрбиелеу.
Әдісі: кейіптендіру, көрсету, сұрақ – жауап,
кубизм стратегиясы.
Көрнекілігі: ертегі кейіпкерлері, қазақ
батырларының суреттері және
қару-жарақтардың суреттері.
Оқу қызметінің жүру
барысы:
Ұйымдастыру: балаларды жартылай шеңберге
отырғызу.
Жылулық шеңбері: Сәлематсыздар
ма? –деп, балалар бір-бірімен амандасады.
Аптаның әр күнінде аман болайық!
Әрқашан күліп, көңілді жүрейік!-деп тілек
тілейді.
Қуан, шаттан алақай!
Қуанатын күн келді.
Күліп шықты күн бүгін:
Қайырлы таң! Қайырлы күн!
Үй тапсырмасын сұрау.
«Емдік шөп» ертегісі. (кейіптендіру).
Сұраққа жауап алу.
1). Қай ұлттың ертегісі?
2). Ертегі не туралы
айтылған?
Жаңа сабақ:
«Жалаңаяқ бақташы» ертегісін мәнеріне келтіріп
оқып беру.
Сергіту сәті: Солдат болам мен
ертең.
Бір, екі, үш.
Бойға жинап күш.
Оңға бір, солға бір.
Жаттығу оңай-ақ.
Ағалардай Отанға,
Солдат болам мен ертең.
«Сиқырлы сандық» ойыны.
Ойын шарты түсіндіріледі.
Сандық ішінде ертегі кейіпкерлерінің суреттері. Мысалы: түлкі,
арыстан, мысық, шал, кемпір, бауырсақ, т.б. Сандықтан алған сурет
қай ертегінің кейіпкері екенін табу. Таба алмаса өз өнерін көрсету.
Тапқан бала жеңімпаз болады. Ойын әрі қарай жалғасын
табады.
Үйге тапсырма: «Жалаңаяқ бақташы» ертегісін
әңгімелеп келу.
Қорытынды.
I. Кубизм
стратегиясы.
1). Ертегі кейіпкері
кім?
2). Ол қалай жалаңаяқ атанды?
3). Жері қандай болыпты?
4). Ойламаған жерден елге не
тиді?
5). Жігіт неге аттан
құлады?
6). Ол кімге жалбарынды?
7). Ол кіммен жекпе-жекке шықты?
8). Жеңіс кімге бұйырды?
Мадақтау.
Оқу қызметіне жақсы қатысқан
балаларға ынталандыру сыйлығы беріледі.
Математика
Сабақтың тақырыбы: Теңге, монеталар.
Мақсаты: теңге, монеталар туралы мағлұмат
беру.
Білімділігі: төл теңгенің шығу тарихын
түсіндіріп, ұғымдарын
тереңдету.
Дамытушылығы: теңгенің қолданыста жүруі, оны
пайдалану туралы
ойларын дамыту.
Тәрбиелігі: теңгені ұтымды пайдалануға
тәрбиелеу.
Әдісі: көрсету, сұрақ – жауап, кубизм
стратегиясы.
Көрнекілігі: теңгелер, ойыншықтар, тиындар,
ойындар.
Сабақтың жүру барысы:
I.
Ұйымдастыру:
Сәлемдесу
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Барша адамды
құрметтеп,
Бас иеміз біз.
II. Өткен сабақты пысықтау:
«Ой қозғау»
1). Қазір жылдың қай
мезгілі?
2). Аптаның нешінші күні?
3). Қазір қандай сабақ?
4). Жақында қандай мерекелер бар?
5). Өткен сабақта қандай сандармен
таныстық?
0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9,10.
11,12,13,14,15,16,17,18,19,20.
III. «Гүл құрастыру»
ойыны
Біз гүл құрастыру үшін мына жұмбақ есептерді
шешеміз.
1). Бес алманың үшеуі,
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі.
Өз қолыңда қалады?
(2)
2). Табақта бес өрік.
Қасында төрт өрік.
Қосқанда барлығын,
Болады неше өрік?
(9)
3). Алма ағашта бес алма.
Қандай тәтті жесе алма.
Бесеуінде жеп қойсам.
Қалады сонда неше алма?
(0)
4). Ұшып кетті жеті қаз.
Қайтып қонды екі қаз.
Қонбады оның нешеуі?
Қане, кім тез шешеді?
(5)
5). Мен және сен, біз екеуміз.
Біз барлығы нешеуміз?
(2)
6). Көлден ұшты төрт қаз.
Қайтып қонды екі қаз.
Ұшып кетті нешеуі?
(2)
IV. Жаңа сабақ: Теңге түрлерін
көрсету:
Теңге - ұлттық ақшаның атауы.
Оның түрлері: ірі, ұсақ, қағаз. Әр ұлттың өз ақшасы бар. Төл
теңгеміз 1993 жылы 13 қарашада Англияда шығарылған. Мыс: Америкада
– доллар, Германияда -марка, Қырғызстанда –сом, Ресейде –рубль.
Теңгенің іріленген сайын күші артады.
5000
100
2000
Теңге
200
1000
500
V. Әліппе дәптермен
жұмыс:
1-тапсырма: Монеталар суретін
атау
1, 2, 5, 10, 20, 50.
2-тапсырма: Әр әмиянда неше монетадан?
Әр әмиянда неше теңгеден?
Ойыншықтар: машина, доп,
қуыршақ, аю, секіргіш жіп, құрастырмалы ойыншықтар, т.б. Олардың
бағасын өзіміз қоямыз.
Машина - 50 теңге, қуыршақ -
100 теңге, аю - 20 теңге, секіргіш жіп - 15 теңге, т.б. Осы
заттарды бағасына қарай сатып аламыз.
Дүкенші, сатып алушы болып ойнайды.
VI. Сергіту
сәті:
Бір теңге, бес теңге.
Ақша санап аламыз.
Саусақ бүгіп, шапалақ соғып.
Қайта санап
аламыз.
VII. Шығармашылық
жұмыс:
Сиқыршыға ұшқыш кілемді әрлеуге
көмектесу.
Боя: 19-1, 18-1, 17-1.
VIII. Топпен жұмыс. Сандардың
көршісін табу.
I-топ
II-топ
III-топ
IX.
Қорытынды:
Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау
мақсатында сыйлық тарату.