400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Жалпы биология негіздері» пәні және оның міндеттері

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға,мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: биология

Биология пәнінің мұғалімі: Көшербаева Мөлдір

Маратовна

Сынып: 9

Мектеп:Алматы облысы,Балқаш ауданы, « Жиделі орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен, Орақбалға шағын жинақталған бастауыш мектебімен» мемлекеттік коммуналдық мекемесі

Күні:

Сабақ ұзақтығы: 40мин

Бекітемін:

Сабақтың тақырыбы

«Жалпы биология негіздері» пәні және оның міндеттері. Биологиялық зерттеу әдістері. Биологияның маңызы. Тірі организмдердің тіршілік деңгейлері.

Мақсаты

«Жалпы биология негіздері» пәні, оның міндеттері, басқа ғылымдармен байланысы, маңызы және тіршілік әлемінің көптүрлілігі мен тірі материяның құрылым деңгейлерін зерттейтін пән екендігі жөнінде түсінік алады;

Дамытушылық: Биология пәні, оның түрлі салалары, оны зерттеудің негізгі міндеттері мен әдістері туралы білімдерін нығайтады;

Тәрбиелік: Тірі ағзалардың негізгі қасиеттерін сипаттай білуге үйренеді, барлық жаратылым деңгейіндегі табиғаттың бірегей құбылысы ретінде тірлікке ықыласты қарым-қатынаста болуға тәрбиеленеді.

Жұмыс нәтижесі

Жалпы биология пәнінің мақсаты мен міндеттері, ғылым салалары туралы мәлімет алады.

Сілтеме

9-сынып биология. Мұғалімге арналған нұсқаулық.

Оқулық беті. Ғаламтор мәліметтері.

Қолданылған әдістері мен тәсілдері

Диалогты оқыту: сұрақ қою, әңгімелесу;

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету:

Оқуды және оқыту үшін бағалау: екі жұлдыз, бір тілек;

АКТ-ны қолдану; таныстырылым жасау.

Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс;

Ресурстар

Оқулық, дәптер, қалам, стикер, флипчарт, түрлі- түсті қағаздар.

Сабақтың өтілетін уақыты

45 минут



Сабақ жоспары

  1. Ұйымдастыру: топқа бөлу, мақсат қою

  2. Сабақ барысы

  3. Рефлексия

  4. Үйге тапсырма

Сабақтың барысы:

Психологиялық дайындық.

а) Оқушылар бір-біріне тілектер айтады. Ынтымақтастық атмосферасы орнайды.

ә) Оқушылар топқа бөлінеді. Топтар стикерлер арқылы бөлінеді.

Жаңа тақырып.

Ой қозғау.

Көрнекілік стратегиясы.

Ой шақыру арқылы оқушылар сабақтың тақырыбын өздері ашады.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы не болмақ?

Сабақтың мақсатын қояды.

Оқушылар мәтінмен танысады. Әр топ өзіне берілген тапсырманы қорғайды.

Биология - Жер бетіндегі тірі ағзалардың орасан зор сан алуан формаларын және түрлерін зерттейтін тіршілік туралы ғылым.

Биологияның міндеті - тірі ағзалардың қасиеттерін зерттеу және олардың сан алуандығын, құрылыстарының өзара байланыстары мен қоршаған орта жағдайларын түсіндіре білу.

Биология ғылымының негізгі салалары:

Бактериялардың құрылысы мен тіршілік әрекеттерінің қасиеттерін микробио­логияоқытып үйретеді; ботаника барлык, өсімдіктердің құрылысы және физиологиялық қасиеттерін зерттейді; жануарлар дүниесін -зоология, саңырауқұлақтар дүниесін микология зерттеп үйретеді. Мәселен, генетика ағзалардың тұқым қуалаушылық және өзгергіштік қасиеттерін оқытып үйретеді. Ағзалар құрылымына енетін химиялық заттардың құрамын, таралуы мен өзгеруін биохимия зерттейді. Тіршіліктің жалпы қасиеттері және молекулалық деңгейде пайда болуын; тірі ағзалардың қоршаған ортадағы өзара қатынасын экология оқытып үйретеді. Біртұтас ағза мен оның бөлшектері атқаратын ерекшеліктерді физиология зерттейді. Цитология -тірі жүйе ретіндегі жасушаның құрылымын, атқаратын қызметін және қасиеттерін, т. б. зерттейді.

Тірі организмдердің негізгі қасиеттері:

  1. Химиялық құрамының біркелкі болуы

  2. Зат және энергия алмасу (метаболизм)

  3. Көбею

  4. Тұқым қуалаушылық

  5. Өзгергіштік

  6. Тыныс алу

  7. Өздігінен реттелу

  8. Тітіркенгіштік

  9. Дискреттілік

  10. Қозғалу

  11. Өсу

  12. Даму

  13. Ырғақтылық

Сергіту сәті.

Анимациялық би

Ой толғаныс

Биология тақырыбына постер қорғайды

Ашық сұрақтар, кері байланыс орнату.

1.Биология ғылымы нені зерттейді?

2.Жалпы биология негіздері пәнінің мақсаты міндеттері қандай?

3.Жаратылыстану – ғылыми пәндер жүйесіндегі алатын орны?

Бағалау:

Өзін-өзі бағалау. Оқушыларға ұсынылған критерийлер бойынша әр оқушы өзін – өзі бағалайды. Топ басшылары бағалайды.

Үйге тапсырма.

«Жалпы биология негіздері» пәнінің жаратылыстану-ғылыми пәндер жүйесіндегі орны, мақсаты мен міндеттері

Рефлексия

Оқушылар сабақ туралы ойларын, сұрақтарын шығу парағына жазады.

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24.03.2019
630
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі