жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жалпы орта білім беретін мектеп басшыларының квалитативтік құзыреттілігін қалыптастыру
Жалпы орта білім беретін мектеп басшыларының квалитативтік құзыреттілігін қалыптастыру
Сарсенбаева Айнур Ермаханбетовна
АҚ «БАҰО «Өрлеу» Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми –педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын республикалық институты
«Менеджмент және ақпараттық технологиялар» кафедрасының
аға оқытушысы
Аңдатпа. Мақалада сандық және сапалық критерий жасауға мүмкіндік бермейтін оқыту үдерісінің көпөлшемділігінен туындайтын, оқытуды бағалау мәселесі қарастырылады. Сонымен қатар басшылардың квалиметриялық құзыреттілігінің компоненттері мен өлшемдері беріледі және квалиметриялық құзыреттіліктің иерархиялық алгоритмі ұсынылған.
Кілт сөздер:: білім сапасы, құзыреттілік құраушылары,квалиметрия, квалиметриялық құзыреттілік, квалиметрилық құзыреттіліктің құраушылары, сапаны бағалау, критерийлер және компоненттер, критерийлердің маңыздылық көрсеткіштері, рефлексия.
Аннотация. В статье рассматривается проблема оценки качества образования, решение которой значительно осложняется многомерностью учебного процесса, не позволяющей вывести качественные и количественные критерии. Также в статье рассматриваются компоненты и измерения и иерархический алгоритм квалиметрической компетентности руководителя.
Ключевые слова: качество образования, компоненты компетенций,квалиметрия, квалиметрическая компетентность, компоненты квалиметрической компетенций, оценка качества, критерии и компоненты, показатели важности критериев, рефлексия.
Abstract. The article considers the problem of educational quality assessment considerably
complicated by socio-cultural multidimensionality of educational process obstructing
the development of comprehensive quantitative criteria. The article also discusses components and measurements and the hierarchical algorithm of the qualimetric competence of the leader.
Key words: quality of education, components of competencies, qualimetry, qualimetric competence, components of qualimetric competencies, quality assessment, criteria and components, indicators of the importance of criteria, reflection.
Қазақстан Республикасының дамыған 50 ел қатарына енуді көздеген мәуелі мақсаты, әлемдік деңгейдегі бәсекелестікке төтеп беретін тұлғаларды дайындау, білім сапасының халықаралық стандарттарға сай болуы әлемдік деңгейдегі тұғырларды пайдалануды талап етеді.
Ғылымда квалиметрияның, құзырлылықтың білім саласына енгізілу қажеттіліктері, міндеттері мен жолдары туралы көптеген мағлұматтар қарастырылады.
Қоғамның білім беру проблемаларына қызығушылығын арттыруы «білім сапасы» түсінігін білім саласы мамандары шеңберінен шығып, мемлекеттік саясат саласындағы мамандармен талдау жасалып, кең қоғамдық, кәсіби және ғылыми пікірталастардың тақырыбына айналуда.
Осыған орай, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2018 жылы 5 қазандағы жолдауында «Білім сапасын бағалау жүйесі халықаралық стандарттарға негізделуі тиіс. Орта мектептің өзінде балаларды мейілінше сұранысқа ие мамандарға бейімдеп, кәсіби диагностика жүргізу маңызды» деген болатын. Еліміздің әлемдік білім кеңістігіне енуге талпынысы, білім беру парадигмасының өзгеріп, жаңа ұлттық модельдің қалыптасуы болашақтың жаңаша ойлайтын, дүниеге көзқарас мәдениеті мен санасы дамыған ұрпағын оқытып, тәрбиелейтін педагогикалық кадрларды дайындаудың сапасын арттыруды талап етіп отыр[1]. Нәтижеге бағдарланған білім беру сапасын арттыруда жаңаша жолдар мен әдістер табуға дағдыланған «Жаңа формация маманы болу – білім беру саласының өзекті мәселелерінің бірі. Білім беруді түрлендіруде, білім процесін реформалауда зерттеуші мұғалім мен көшбасшы мұғалім жаңа формация мұғалімі ретінде орталық тұлға болып табылады.
Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, Халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыруымыз қажет [2]. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтардың, зиялы қауымның деңгейіне байланысты.
Қазір әлемдік білім кеңістігіне ене отырып, бәсекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі. (К.С.Құдайбергеневаның «Құзырлылықтың педагогикалық категория ретінде дамудың теориялық-әдіснамалық негіздері» атты монографиясынан ) Э.М.Коротковтың пайымдауында сапа тек қызмет нәтижесі емес, оның ішкі әлеуеті мен сыртқы жағдайларының, сол секілді сипаттардың қалыптасу үдерісі ретінде жетістіктерге жету мүмкіндігі болып табылады. Автордың анықтамасы бойынша : білім сапасы- бұл кәсіби сана мен құзырлылықты практикалық жағынан тиімді қалыптастырудағы білім беру үдерісінің кешенді сипаттамасы.[3]
Білім беру сапасын объективті бағалауды қамтамасыз ету мақсатында білім беру сапасын бағалау жүйесінің құралдары жасалады.
Қазіргі заманауи мектепке орта білім беру ұйымдарының жұмыс істеу сапасы мен тиімділігін жан-жақты ғылыми негізделген бағалау негізінде басқару процесін жобалауға және жүзеге асыруға қабілетті басшылар ерекше талап етіледі. Білім беру процесінің мазмұнындағы, оны ұйымдастырудағы нақты өзгерістер мектептегі білім беру нәтижелерінің сапасын бағалаудың жаңа әдістері, формалары, құралдары қажет.
Біліктілік талаптарына сәйкес мектеп басшысы білім алушылардың білім сапасын бағалаудың объективтілігін қамтамасыз етуі тиіс. Осының барлығы мектеп басшыларының қолданбалы аналитикалық-бағалау қызметі ретіндегі білім беру квалиметриясының технологияларын меңгеруге бағытталған кәсіби даярлығын дамыту мен жетілдіру қажеттілігін айқындайды.
ИСО халықаралық стандарттарында «сапаны қамтамасыз ету» және «сапаны басқару» ұғымдарын саралау орын алады.
Сапаны қамтамасыз ету деп сапа жүйесі шеңберінде объектінің сапаға қойылатын талаптарды орындайтынына жеткілікті сенімділікті жасауы үшін қажетті барлық жоспарланған және жүйелі жүзеге асырылатын қызмет түрлері түсіндіріледі.
Сапаны басқару деп сапаға қойылатын талаптарды орындау үшін пайдаланылатын оперативті сипаттағы қызмет түрлері мен әдістері түсіндіріледі. Сапаны басқару үдерісті бақылауға, сондай-ақ экономикалық тиімділікке қол жеткізу үшін сапа ілмегінің барлық сатыларында (жобалық әзірлемелерден немесе жоспарлаудан кәдеге жаратуға немесе қорытынды шығаруға дейін) қанағаттанарлықсыз жұмыс істеу себептерін жоюға бағытталған қызмет әдістері мен түрлерін қамтиды.
Сапаны басқарудан сапаны қамтамасыз етудің негізгі ерекшелігі, сапаны басқару үдеріске белсенді әсер етуді, берілген, бағдарламаланатын қасиеттерге, сипаттамаларға, параметрлерге сәйкес нәтиже алу мақсатында оны түзетуді болжайды. Осыған байланысты оны сапаға әсер етудің белсенді тәсілі деп санауға болады.
Сапаны басқару және қамтамасыз ету қандай да бір ұйымның, мекеменің сапа жүйесі шеңберінде жүзеге асырылады. Халықаралық стандарт оларды сапаны жалпы басқаруды жүзеге асыру үшін қажетті ұйымдық құрылымның, әдістемелердің, процестер мен ресурстардың жиынтығы ретінде түсіндіреді. Ұйымның (кәсіпорынның, мекеменің) сапа жүйесінің мақсаты ұйымды басқарудың ішкі қажеттіліктерін ғана емес, сонымен қатар өнім, қызметті тұтынушылардың сұраныстарын да қанағаттандыру деп болжанады. Іс жүзінде сапа жүйесі нақты ұйымдастыру жүйесі шеңберінде барлық «сапа айналымын» қамтиды.
Орта білім беру ұйымдарындағы сапа жүйесі шын мәнінде педагогикалық білім беру жүйесі ретінде оның негізгі құрылымдарына бағдарлануы, синергетикалық түрдегі күрделі, мақсатты, динамикалық, рефлексивті жүйе, интегративті квалитативті білім болуы тиіс. Мұндай талаптарға білім беру үдерісі сапасын мектепішілік басқарудың педагогикалық жүйесі толық көлемде жауап бере алады. Мұндай жүйенің мақсаты ұйымның жұмыс істеу сапасының жоғары деңгейіне және нәтижелерінің үздік үлгілер мен тиісті стандарттарға жауап беруіне қол жеткізетін, ғылыми принциптер мен заңдылықтар негізінде әрі әртүрлі факторлар мен жағдайларды ескере отырып, педагогикалық жүйе ретінде мектептің барлық құрылымдарын іске қосатын, ұйымдастырушылық, әдістемелік, ғылыми, кадрлық, басқарушылық және өзге де күш-жігер мен ресурстарды біріктіруден және интеграциялаудан тұрады.
Елдегі қоғамдық өмірдің өзгеруі, әлеуметтік қажеттіліктердің ауысуы жағдайында білім беру ұйымының педагогикалық қызметі туралы сапалы объективті ақпарат алу мәселесі өте маңызды мәнге ие болуда. Еңбек нарығындағы бәсекелестік жағдайында елімізде қандай да бір білім беру мекемесімен халыққа ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасы, кадрлар әлеуеті, мектепте болу жайлылығы, қосымша білім беру қызметтері, мектеп пен ЖОО өзара әрекеттестігі және т.б. туралы ақпарат тұтынушыларының әлеуметтік базасы қалыптаса бастайды.
Қазіргі білім беру ұйымының басшысы барлық білім беру үдерісінің негізгі орталық тұлғасы болып табылады. Ол әр түрлі басқару мәселелерін шеше білуі тиіс, әрі қалыптасқан дәстүрлер және құрылымы бар білім беру ұйымын басқарып қана қоймай, оны басқару теориясы мен практикасы бойынша арнайы білімдерді, нақты жеке қасиеттерді талап ететін, сапалы жаңа деңгейге ауыстыруы қажет.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, білім беру үдерісін обьективті бағалауды жүзеге асыру үшін орта білім беру ұйымдары басшыларының квалитативтік құзыреттілігін қалыптастыру және дамыту қажеттілігі туындайтынын көрсетеді. Және де алдағы уақытта бұл бағыт тек дамуда болары анық.
Квалиметрия (латынша qualis - сапа және метрия) - әр түрлі объектілердің сапасын сандық бағалау әдістерін біріктіретін ғылыми облыс.
Квалиметрияның негізгі міндеттері: сапа көрсеткіштері номенклатурасын негіздеу, объектілер сапасының көрсеткіштерін анықтау және оларды оңтайландыру әдістерін әзірлеу, бұйымдардың типтік мөлшерлері мен параметрлік қатарларын оңтайландыру, сапаның жинақталған көрсеткіштерін салу принциптерін әзірлеу және оларды стандарттау мен сапаны басқару міндеттерінде пайдалану шарттарын негіздеу.
«Орта білім беру ұйымдары басшысының квалитативтік мәдениеті» ұғымына талдау жасай (Н. А. Селезнева, А. И. Субетто және т.б.) және ғылыми түсіндірмелерді қорыта отырып, мынадай анықтаманы тұжырымдауға мүмкіндік берді: орта білім беру ұйымдары басшысының квалиметриялық құзыреттілігі - орта білім беру сапасын арттырудың вариативті міндеттерін шешу үшін кәсіби салада қолданбалы аналитикалық-бағалау (квалиметриялық) технологияларын кешенді қолдануда маманның теориялық және басқарушылық даярлығы мен практикалық қабілетінің бірлігін көрсететін жүйелі-жеке білімі.
Осыган орай, орта білім беру ұйымдары басшысының квалитативтік құзыреттілігін құрайтын құзыреттілік ағашын құруға болады.
Қорыта келгенде айтарымыз, сапаны квалиметриялық бағалау объектілердің сапасын басқарудың күрделі процесінің негізі және бастапқы сатысы ғана болып табылады. Қаралатын объектілердің қасиеттері мен сапасының деңгейі туралы білмей, ғылыми негізделген қажетті басқарушылық шешімді қабылдауға және сапаны өзгерту мақсатында кейіннен объектіге тиісті алдын алу немесе түзету әсерін жүзеге асыру мүмкіндігі жоқ.
Әдебиеттер:
Елбасы жолдауы 05.10.2018ж
Мемлекеттің 2011-2020 жж арналған білім беруді дамту бағдарламасы.
К.С.Құдайбергенева «Құзырлылықтың педагогикалық категория ретінде дамудың теориялық-әдіснамалық негіздері» монография.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген