Материалдар / Жалпыадамзаттық құндылықтар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жалпыадамзаттық құндылықтар

Материал туралы қысқаша түсінік
Адами құндылық – әр адамның бойындағы жақсы қасиет. Адам бойындағы бар жақсы қасиет адам өмірін толықтай өзгерте алады, тек жақсылыққа жол ашады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Желтоқсан 2021
397
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жалпыадамзаттық құндылықтар

Қандыағаш қалалық №5 ЖББОМ

5 «Б» класс оқушысы Әмірәлі Зейнеп


Адами құндылық – әр адамның бойындағы жақсы қасиет. Адам бойындағы бар жақсы қасиет адам өмірін толықтай өзгерте алады, тек жақсылыққа жол ашады. Сенің барлық өмірің осы жақсы қасиетке, алған тәрбиеңе байланысты. Оның барлығын біз кімнен аламыз? Әрине, өзімізді кішкентайымыздан бағып-өсірген, біз үшін түн ұйқысын төрт бөлген анамыздан, әрдайым бізге кішкентайымыздан пана болып, қамқорлық көрсеткен әкемізден. Олар бізді жастайымыздан жақсылыққа тәрбиелейді. Әр күн сайын ата-анамның жанында болғанда түрлі жақсы қасиеттерді көріп, бойыма сіңіруге тырысамын.

Жақсы қасиеттерді отбасымыздан кейін мектептен, ұстаздарымыздан аламыз. Ұстаздарымыз бізге бар білгендерін үйретеді, біз мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап жақсылыққа баулиды. Олардың әр айтқан сөздері жақсылыққа толы.

Біз осындай жандардың көрсеткен тәлім-тәрбиесінің арқасында тек жақсыға ғана ұмтылуымыз керек. Әрдайым тек ізгі сөздерді, шындықты айтып, айналамызға қамқорлық көрсетіп, жанашырлық танытсақ, ешкімге жамандық жасамасақ, қайырымды болсақ, жүрегіміз таза болса – міне осы біздің бойымыздағы адами құндылықтар деп түсінемін.

Әрдайым жүрген жерімізден жақсы нәрселерді ғана үйреніп, өз-өзіміздің қателігімізді түзетіп, адами қалпымызды сақтап, адамгершілікке бет бұра білсек – бұл біздің бойымыздағы құндылықты дәріптей білгеніміз. Сондықтан адами құндылықтарымызды жоғалтпауға тырысайық?!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!