400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жалпыадамзаттық құндылықтар

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:_________ Қысқа мерзімді сабақ жоспары Қазақ тілі 9-сабақ

Бөлім:

2-бөлім: Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті. Фонетика

Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты:

Күні:

Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Жалпы адамзаттық құндылықтар


Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

8.1.4.1 - мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтау.

8.4.2.1 - сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану;

Сабақтың мақсаты

Мәтінде көтерілген мәселені талдай отырып, негізгі ойды анықтай алады. Сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктерін сөйлеу мәнеріне сай қолдана алады.

Құндылықтарға баулу

Құндылық: тәуелсіздік және отаншылдық

-азаматтық және ұлттық бірегейлікті түсіну;

-Қазақстан азаматының міндеттерін орындауға, өз елінің мүдделері мен құндылықтарын қорғауға дайын болу.

Құндылық: бірлік және ынтымақ

-басқалармен жағымды қарым-қатынас орната білу және қоғамдық өмірге үлес қосу.

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың

басталуы

5 минут





























Сабақтың

ортасы

35 минут


















































































Сабақтың соңы

5 минут

Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу. Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру;

Психологиялық ахуал тудыру кубигі

1.Амандас 2. Құшақтас 3.Тілек айт

4.Мақта 5.Күлкі сыйла 6.Би қимылдарын

бірге қайтала

Ойтүрткі

«Сен үшін өмірдегі құнды нәрселер» тіркесіне ассоциация құрыңдар.

Shape2 Shape1

Сен үшін өмірдегі құнды нәрселер.


Shape3

Shape7 Shape6 Shape5 Shape4




2-тапсырма.

Мәтінді мұқият тыңдаңдар.

«DEAL» әдісі арқылы мәтінге талдау жасаңдар.

D – Describe – мәтіннің негізгі мазмұнын баяндаңдар.


E – Explain – мәтіннің негізгі ойын анықтап, көтерілген мәселені түсіндіріңдер.

A – Anallуse – мәтіндегі айтылған ой мен мәселеге қорытынды жасаңдар. Мәдениетті неліктен «құндылық» деп санайтындығын талдап, себептерін көрсетіңдер.

L – Links – Құндылықтар мәселесі басқа қай пәнде қарастырылғандығы жөнінде пікірлеріңді айтыңдар. Қазіргі өмірде адамдар рухани құндылық пен материалдық құндылықтың қайсысын маңызды санайды? Өзің қай құндылықты бірінші орынға қоясың? Жалпы құндылық жөніндегі өзіңнің біліміңмен бөлісіп, ойды қорытындыла.

Тыңдалым мәтіні

Уақытқа бағынбайтын, ешқандай ортамен, қоғаммен шектелмейтін, бүкіл адамзат үшін маңызы зор құндылықтарды жалпыадамзаттық мәңгілік құндылықтар дейміз. Оларға ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау жатады. Ақиқат деп адамның объективтік өмір шындығын дұрыс, дәл бейнелеуін, оны санаға өмірде қандай болса, сондай күйінде түсіруін айтады.

Сүйіспеншілік -адам мен адамды бір-біріне тартатын, қосатын, оларды әсемдікке пен ізгілікке, шындыққа ұмтылдыратын қуатты энергия.

Дұрыс әрекет – жүректен сөз ретінде шығып, сосын іс жүзіне асатын құндылық. Адам ақиқатты жақтап, сүйіспеншілікпен дұрыс әрекет істеген ғана жан тыныштығын табады. Ішімізде тыныштық орнаса, біз ешқашан қиянат жасамаймыз, тіпті ойламаймыз да. Қиянат жасамау - басқаларға зиян келтірмей өмір сүру. Ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау – бұл мәңгілік бес құндылық адамның ұлтына, нәсіліне, ортасына, дініне қарамайды, уақытпен өзгермейді.


Ә. Уақытқа бағынбайтын, ешқандай ортамен, қоғаммен, шектелмейтін, бүкіл адамзат үшін маңызы зор құндылықтарды жалпыадамзаттық мәңгілік құндылықтар дейміз деген сөйлемдегі ойды тарқатып жазыңдар. Ойларыңды дәлелді, жүйелі жеткізіңдер.


Тілдік бағдар

Интонацияның құрамдас бөліктері

Интонация ауызша айтылған сөзді байытып, әсерлендіреді. Әр сөйем түрлі интонациямен айтылса, әртүрлі мағына береді. Интонация төмендегідей компоненттердің бірлігінен тұрады.

1) әуен, 2) әуез, 3) қарқын, 4) тембр, 6) фразадағы сөздер мен сөз тіркестерін бөліп айтуға қызмет ететін логиикалық екпін.


2-тапсырма.

Өлеңді интонациясын дұрыс қойып, мәнерлеп оқыңдар.

А. Шәкәрім адам бойындағы қандай қасиеттерді сынға алады? Талқылап, ондағы астарлы ойды анықтаңдар.

Ә. Өлең ұйқасын табыңдар. Ұйқастың адамға әсерін түсіндіріңдер.

Б. Қарамен жазылған сөздерге морфологиялық талдау жасаңдар.

3-тапсырма

«Интонация айтылған сөзді байытып, әсерлендіреді» деген ережені ПОПС формуласы бойынша дәлелдеңдер.

Менің ойымша...

Себебі...

Оны мен мына фактілермен дәлелдей аламын...

... қорытындыға келдім.


Үйге тапсырма: 3 –тапсырма А.

Рефлексия

«Мен үшін құндылық деген ...» сөйлемін қолданып, бүгінгі сабақтан алған білімдеріңді, әсерлеріңді өз ойларыңмен жеткізіңдер. Сөйлемдегі интонацияға мән беріңдер





Психологиялық ахуал тудыру кубигі арқылы кубиктердегі

тапсырмаларды бірге қайталап, оқушылар өз бойларына жағымды ахуал қалыптастырады.








Ой қозғау мақсатында «Сен үшін өмірдегі құнды нәрселер» тіркесіне ассоциация құрады.












Мәтінді мұқият тыңдайды.

«DEAL» әдісі арқылы мәтінге талдау жасайды.





«DEAL»

D – Describe – баяндау, суреттеу (оқығанды, көргенді сипаттау, сынау, өлшеу).

E – Explain – түсіндіру (құбылыс немесе оқиға бойынша не білетіндерін, түсінгендерін суреттеу).

A – Anallуse – талдау (ақпаратты талдау, қорытынды жасау, себептерін атау).

L – Links – байланыс (болжамдар немесе қорытынды жасау, өзінде бар біліммен байланыстыру).



































Үлгі:

А. Сынға алған қасиеттер: арамдық, айлакерлік, екіжүзділік зорлықпен мал табу, өтірік айту

Астарлы ой: адам бойындағы теріс қасиеттер қоғамды кері кетіреді, адамзатты рухани аздырады. Сондықтан әр адам ар-ожданын, ұятын сақтап, адал өмір сүруі керек.

Ә. Өлең ұйқасы – шұбыртпалы ұйқас. Ұйқастың әсері:

-өлеңді жеңіл қабылдауға көмектеседі.

-әсерлі, есте сақтауға ыңғайлы етеді.

-мазмұн мен ырғақ үндестігі өлеңнің тәрбиелік маңызын арттырады.



.

Талқылау кезінде оқушылардың айтылған пікірлері мен көзқарастары ауызша

мадақтау арқылы бағаланып, сабақтың келесі кезеңінде белсенді қатысуына ынталандырады

Жарайсың!

Керемет шешім!
Ойлы шешім!

Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін




Дарабоз

1) сабаққа қатысуы;

2) оған даярлығы; 3) тапсырманы орындауы;

4) өзіндік жұмысы; 5) ынтасы;

6) сабақтағы жауабы.





Дескриптор

Білім алушы

-мәтіндегі мәселелерді талдайды;-1

-өз көзқарасын білдіреді;-1

-мәтіннің негізгі ойын анықтайды-1













































Дескриптор

Білім алушы

-өлеңді мәнермен оқиды,-1

- сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас

бөліктерін сөйлеу мәнеріне сай қолданады,-1

-сұраққа жауап береді,-1

-астарлы ойды анықтайды, -1

- өлең ұйқасын талдайды,-1

-морфологиялық талдау жасайды-1.












Оқулық

8-сынып

«Мектеп» баспасы

2018жыл



Қалыптастырушы бағалауға арналған

тапсырма

лар жинағы

8-сынып





ОҚЫТУДА

ҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ҚОРЖЫНЫНАН ЕСБОСЫН НАҒИША ҚОЖАҚ

ҚЫЗЫ



https://docs.google.com/document/d/1esrmnRgKoBYjNICpC4vm0Zo1md2sudMc/edit?usp=sharing&ouid=118053835997988243010&rtpof=true&sd=true







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
27.11.2025
76
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі